Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет26/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Аристотель (б.з.д. 384–322 жж.) Стагирда туған. Афинада «Лицей» (перипатетикалық ) мектебін (б.д.д. 335-322 ж.) ашты, ол бір мезгілде оқу мекемесі әрі ғылыми одақ болды. Аристотельдің шығармашылығы жан-жақты. Ол табиғаттану ғылымымен, поэтикамен, мемлекет құру мәселелерімен айналысты, логика мен психологияның негізін жасады. Платонның шәкiртi, кейiннен оның идея туралы теориясын сыни тұрғыдан қайта пайымдаған. Оның қарсылығы мынада: идеялар ақылдан тыс тәуелсiз өмiр сүре алмайды. Аристотель өткен философия тарихының дамуын жинақтап, философиялық бiлiмдi жүйеледi.
Аристотельдiң философияға кiргiзген жаңалықтары: дұрыс ойлау заңдары мен түрлерi туралы формальды логиканы жасауы. Ғылыми бiлiм жалпыны оқу, яғни сезiммен қабылдаудан емес, оймен дәлелдеуден басталады деп, дәлелдеу туралы iлiмдi енгiздi. Ол бiлiм деректерiн жинап қорытындылаудан, индукциядан дедукцияға өтуден туатынын көрсеттi.
Барлық ғылымды мына топтарға бөлді: теориялық, практикалық және шығармашылық. Теориялық ғылымдарда таным тек танымның өзі үшін жүргізіледі, оған «алғашқы философия» (метафизика), математика, физика жатады. «Алғашқы философия» болмыс мәселелерін, барлық өмір сүрудің пайда болуын, әртүрлі құбылыстырдың себептерін анықтайды. Математика – реалдық заттардың абстракті қасиеттерін зеттейді.
Практикалық этика ғылымы - адамның тәртібі, саясат – мемлекет құрылымына арналған басқарушы идеяларды береді.
Шығармашылық ғылымдар жаңашыл іс-әрекеттермен байланысты: поэтика – өлең шығару теориясы, риторика – шешендік өнер және мамандық өнер теориясы. Мұнда танымнан пайда табу және сұлулықты жасау мақсаты жүргізіледі.
Аристотель өзінің таным туралы ілімінде Платонның генетика тұрғысында заттардан бұрын туатын «мәңгі идея» концепсиясына үзілді-кесілді қарсы шықты. Танымның реалды жолы түйсіктен (сезінуден) басталады, одан кейін есте сақтаумен күшейтілген елестету, тәжірибе, өнер мен ғылым жүреді. Ғылыми таным (эпистема), Аристотель түсінігінше, таным процесінің шыңы болып есептеледі.
Материалистік және идеалистік көзқарастардың қақтығысы, оның себептілік концепциясында да көрінеді. Ол себептіліктің төрт негізгі түрлерге ажыратады: материалдық, формальдық, белсенді және соңғы (мақсаттылық). Материалдық себеп ─ ең алғашқы сипатында берілген, осы ретте ол потенциялды (мүмкіндгі бар) себепке ұқсас. Формальдық себеп – материядан «ақиқат реалдықты» жасайтын белсенді принцип «түрмен» байланысты. Белсенді себеп қозғалыстың бастауы және мүмкіндіктің шындыққа өту процесімен де байланысты. Жоғарғы деңгейге ол мақсаттылық (соңғы) себепті қояды, ол қозғалыстың мақсаты мен мәнін түсіндіреді. Өмір сүруді түсіну және түсіндіру үшін барлық себеп түрлерін тану керек. Бірақ олардың маңызы бірдей емес. Формальдық себептер түсінігі, материалдық себепті танудан қажеттірек – мұндай қорытынды Аристотельдің пассивті материя және белсенді форма ілімінен шығады. Мақсаттылық (соңғы) себепке берілген орын – оның теологияға ауысуы. Бұл дамудың аяқталу, мақсаттың орындалуының тану мүмкіндігін көрсетеді, оны Аристотель энтелехия ұғымымен белгілейді.
Болмыс іліміне Аристотельдің қосқан маңызды идеясы: нақты болмысты форма, бейне арқылы тануға болады және осылайша ол адамға көрінеді әрі қалыптасады. Аристотель Платонның: «жан өлмейді» идеясына қарсы болды және барлық табиғаттың (материалдық дүниенің) жаны бар дегенді жоққа шығарды. Ол жан тек тірі дүниеге тән деп санады.
«Өсімдік жаны» ─ өсу, тамақтану және өну себеперіне жауап береді, «сезімдік (жануар) жан» тамақтану, өну, сезіну және қажет ету қызметтеріне жауапты, «ақылды (адам) жан» аталған қызметтерге қоса таным және ойлану қызметтерін орындайды. Жанның тәнге қатынасы – орманың материяға қатынасына сәйкес келеді» ─ деді, ол.
Аристотель «Категориялар» трактатында алғашқы болып философияның категориялық аппаратын жүйеге келтірді. Олардың өзара байланысын, диалектикалық қатынасын табуға ұмтылды. Мұнда ол мән, сапа, сан, қатынас, орын, уақыт, келпі, иемдену, әрекет, күйзелу категорияларын зерттейді. Негізгі логикалық заңдарды құрастырды: қарсылыққа түспеу, тепе-теңділік, үшінші ойдан қашу». Қозғалыстың әртүрлi алты сапалық сипатын көрсетті: 1) пайда болу; 2) жоғалу; 3) бiр күйден екiншi күйге ауысу; 4) үлкею; 5) кiшiрею; 6) орнын ауыстыру. Сөйтiп, қозғалыстың мазмұнын зерттеуде алға қадам жасалды. Алғашқы болып категориялар (жалпы ұғымдар) жүйесiн жасады. Ол енді Коперникке дейiн үстем болған геоцентристiк iлiмдi жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет