Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет47/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Джордж Беркли (1685-1753 жж.) – субъективті идеалист, епископ. Негізгі еңбегі «Адам білімінің бастауы туралы трактат» (1710). Оның пайымдауынша, адам тек өз «идеясын» (түйсік, сезіну) қабылдайды, заттың өмір сүруі – сезімде қабылдануында. Идеялар ақыл мен ерікке тәуелді. Осы солипсизмнен (тек бір танушы субъектінің өмір сүретінін мойындайтын философиялық ілім) құтылу үшін ол рухани субстанцияның көптігін, «шексіз рух – Құдайды» мойындайды. Кейін неоплатонизмді, идеялардың Құдай ақылында мәңгілік өмір сүретінін жақтады. Атеизмді қаралау үшін «материя» ұғымын сезімде берілмейді деп жоққа шығаруға тырысады. Локктің бірінші және екінші қасиеттері ілімін сынайды.
Жаңа Заман философиясында XVIII ғ. ерекше орын алған бағыт, ағартушылық кезең. Көрнекті өкілдері: Францияда – Вольтер, Ж. Руссо, К. Гельвеций, Ж. Ламетри, Д. Дидро, П. Гольбах Германияда – Лессинг, И. Гердер, Англияда – Д. Докк, Д. Толланд, Д. Юм. Ағартушылық кезеңдегі ойшылардың бәрін қайта өрлеу дәуіріндегі адамның шексіз мүмкіндігіне сену, өмірді ақылға сүйеніп өзерту, жаңа ғылым жетістігіне ұмтылу біріктіреді. Ағартушылар шіркеуді, дін ұстанымдарын сынап, абсолютизм мен метафизикаға қарсы шықты. Дін атаулының бәрі - надандықтың, жоққа нанудың және қаталдықтың ертедегі ескерткіші деді Гольбах. Олар қоғам өмірінің барлық жағын реформалаудың тиянақты концепциясын қарастырып, қоғамдық игілікке бағыттады. Олардың бар көңілі белсенді әрекеттенуші адамға, оның дүниені танып өзгертуіне, ақылға сүйеніп, әлемнің қожасы болуына арналды.
Француз ағартушыларының өкілі Вольтер (1694-1778 жж.) жазушы, философ және публицист. Аса қатаң түрде шіркеуді сынады, оны үстем таптың мүддесін қорғаушы, ғылым мен білімнің жауы деп санады. Ол әрекетсіз оптимизмге күлді, еркін ойшылдыққа, өз бақыты үшін күресетін іскер адам болуға шақырды. Ол материяның мәңгілік және таралмайтындығы, тәуелсіз өмір сүретіні әрі мәңгі қоғалыста болатыны, табиғи және қоғамдық құбылыстардың себептілікке бағынатындығын мойындады.
Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) феодалдық қоғамды қатаң сынады, адам теңдігін, демократияны, азаматтық қоғам идеяларын дамытты. Теңсіздікті жекеменшіктен көрді, Гоббстың табиғи жағдайда «бәрінің барлығымен күресін» сынап, ол кезде керісінше бауырластық пен үйлесімдік болғанын дәлелдейді. Педагогика ғылымының теоретигі, еңбек арқылы белсенді азаматтарды тәрбиелеуге шақырады. Оның «Қоғамдық келісім» (1762), атты еңбегі бар.
Ағартушылық кезеңде француз материалистері қоғамда ерекше орын алады. Дени Дидро (1713-1784 жж.) материя мен қозғалыстың бірлігін қуаттап, абсолюттік тыныштықты қолдамады. Барлық табиғат мәңгі қозғалыс пен дамуда болады, «қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі» деген идеяны қолдады. Ол адамды сезгіштік пен ес дарыған құрал-сайманға ұқсатады. Адам санасы барлық материяға тән бейнелеу қасиетінің жоғарғы формасы деп, диалектикалық болжам айтты. Агностицизмді сынап, дүниенің танылатынын жақтады. Француз материализмі метафизикалық деңгейде қалғанымен, механистицизмнен толық арылды деуге болады.
Ағартушылар ─ «адамның мінез-құлқы мен қылықтарына қоғамдық орта мен тәрбиесі жауапты» – деген өте прогресшіл қағида ұсынды. Адамды қоғамдық орта қалыптастырады. Осыдан ─ ағартушылар адамды, оның мінез-құлқын өзгерту үшін, ең алдымен ортаны өзгерту керек деген революциялық қорытынды шығарды. Ағартушылар философиясы XVIII ғасырда ең прогресшіл философия болды. Ол қазіргі замандағы табиғаттану ғылымы мен қоғамдық ғылымның дамуына зор әсер етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет