Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы



бет89/145
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#175143
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   145
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ Аденов 2

Екінші дәлел: «Жаратылыс жолы» – Жаратушы жаратты деген бекер. Бардың барлығы бір заңдылыққа бағынып, бейімделе дамитынын айтады.
Үшінші дәлел – «тұқымдардың жолы», әртүрлі заттардың түрі бірден пайда болған жоқ, олар ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі. Ол философиядағы атом теориясы туралы ой қозғап, оны Демокрит пен Левкип, кейін дамытқан Эпикур мен Лукреций деп, онымен тоқталмайды. Шәкәрім әлгілерге дейін Ион-грек елінің философы Пифагор айтқан, одан да бұрын Финикияның Садда қаласынан шыққан Моско деген болған деп, ғылымда бұған дейін кең тарамаған пікірді ортаға салады
Төртінші дәлел – «дене сезімі жолы». «Бір нәрсені сезіммен білеміз» деп, осы белгілі ғылыми-философиялық таным теориясы, сенсуализмді жақтайды.
Бесінші дәлел – әр түрлілік жолы, ол қоршаған ортаның әр түрлігінде, соған бейімделу қажеттілігінде жатыр.
Екінші анық – магнетизм, спиритуализм, телепатия туралы ой қозғайды:

  1. Магнетизм – оның пікірінше бір адам жан қуатының әсері арқасында басқаларды еріксіз ұйықтатып, әлде басқа істерді істетеді. Бұл белгілі бір ғылыми жаңалық емес, өзімізге таныс ГИПНОЗ, оны халық «көз байлау» дейді.

  2. Спиритуализм – (лат. Spinitus -рух) рухты материяға қарсы қоятын, оны материядан дербес өмір сүретін ерекше субстанция деп санайтын философиялық көзқарас. Спиритуализм о дүниеге аруақтарға, солармен тілдесуге болатынына сенетін мистикалық ағым.

  3. Телепатия ─ оның пікірінше алыста жүрген «тірі адамның жанымен өз жанын хабарластырып», оған өзіне ұнағанын істете алу. Адамдар ешбір аралық қатынасынсыз жаңа көңіл күй, сезімдердің пайда болуы.

Үшінші анық – ұждан. «Абайдағы – ынсап, әділет, мейірім», үшеуін қосып айтқанда, мұсылманша – ұждан, орысша – совесть. «Бұл не?» деп өзі қойған сұраққа: ұждан адам жанының басты қасиеті екенін, онсыз жан тірексіз қалатынын, адам адамгершіліктен айырылатынын айтады. «Үш анықтың» алғашқы екеуі анық, рухқа келгенде әлгі екеуіндегідей анықтық жоқ, бірақ ұжданға нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Керісінше, ұжданы сол адамның азығы болса, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды. «Ұжданды ақыл» идеясы Шәкәрімнің философия тарихына қосқан үлкен үлесі.
Ұжданның негізі – әділдік ұғымы. Аспан мен Жер ортасындағы адамның аралық жағдайы, одан, «әділ-қазы» рөлін орындауды талап етеді. Өзара қоғамдық қатынасты былай қойғанда адамға, жоғарғы космостық дәрежедегі жауапкершілік болатын, көп болатын жүйесіздікті реттеуші қызметі жүктеледі.
Ұжданның келесі ұғымы – мейірім. Бұл – ізгілік, қайырым-шапағат, махаббат мағынасындағы, өте ертеден келе жатқан «Адам адамға дос» деген гуманистік ұғымдардың бірі. Әділет пен Махаббат - барлық діндерде кездесетін, әрі қарастырылатын ортақ мәселе. Өмір мен өлім барлық адамға бірдей болғандықтан, ең керегі имандылық, мейірімділік.
Ұждан – ынсап. Көшпелі өмір сүрген, қанағат қылып үйренген қазақ халқы ынсап деп, ұстамдылық пен қанағатсыздық мәселелеріне көп мән берген. Шәкәрім ынсап ұғымын Сократтағы ұстамдылық мағынасында қолданады, Шәкәрім түсінігінде тұрмыстағы ынсап ішкі рухани дүниедегі қанағаттан туады.
Шәкәрім Пушкиннің «Дубровский», «Метель», ал Шығыс әдебиетінен «Ләйлі-Мәжнүн» шығармаларын аударды. Ұжымдастыру саясатына қарсы болғындықтан, тауға кетіп, сонда тұрды. Бірде ауылға қайтып келе жатқанда Карасартов деген милиция бастығы оны атып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет