65
СН
3
– С –
СООН
пируват
СН
3
– СН + СО
2
║ декарбоксилаза ║
О
О
Лиазалар класының 7 тобы бар,
бұлар алмасу процесінің
синтезі мен ыдырауын жүргізетін ферменттер.
4. Изомеразалар
– молекула ішінде орнын ауыстырып, бір мо-
лекула төңірегінде изомерге айналуын қамтамасыз ететін фермент-
тер. Органикалық заттардың изомерлік өзгерістерін катализдейді.
Атомдардың,
атом топтарының, фосфор қышқылы қалдықтары
мен əртүрлі радикалдардың молекулаішілік орын ауыстыруы сал-
дарынан изомерлеу процесі өтеді. Мысалы, альдегидтердің өзара
кетонға, цис форманың транс формаға айналуы жəне керісінше.
Егер изомерлеу топтары молекуланың ішінде ғана орын ауы-
стырумен жүрсе, бұл кезде фермент мутаза деп аталады. Ал ин-
версия
ассиметриялық топтарда өтсе, фермент рацемаза немесе
эпимераза делінеді. Изомерлеу процесіне көбінесе көмірсулар,
амин қышқылдары мен органикалық қышқылдар ұшырайды.
Изомеразаларға: глюкоза-6-фосфатизомераза, триозофосфати-
зомераза, ретиненизомераза, рибулозо-5-фосфатэпимераза жəне
т.б. жатады. Изомеразалар 6 топқа бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: