9
Егер тірі жəне өлі заттардың химиялық құрамын қарасақ, тірі
ағза
негізінен жеңіл элементтерден, ал өлі заттар ауыр элемент-
терден тұрады, себебі тірі ағзалардың
құрамына қажет суда жақсы
еритін газ тəрізді, сұйық жəне қатты қосылыстар үшін жеңіл эле-
ментер ғана жарамды. Тірі ағзаның
құрамына кіретін молекула-
ларды биомолекула деп атайды, демек олардың құрылымы жəне
өзара əрекеттесуі тіршілік негізіне жататын процестерді қамтиды.
Тірі ағза жасушасының негізін құрайтын қосылыстар: бело-
ктар,
нуклеин қышқылдары, көмірсулар, липидтер (май жəне май
тəрізді заттар), су, минералды тұздар (2-кесте).
Осы органикалық қосылыстардың алуан түрлі
құрылымы
мен қасиетін білу үшін олардың құрамына кіретін ең қарапайым
органикалық заттардың кластарын
бір-бірінен ажырата білу
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: