225
неогенез негізінен бауырда өтеді, аз мөлшерде ғана бүйрек үсті
бездерінің милы қабатында жүреді.
Жоғарыда айтқандай глюконеогенез - глюкозаның көмірсуларға
жатпайтын заттардан синтезделуі. Осындай заттардың бірі - сүт
қышқылы. Ауыр дене еңбегінен кейін бұлшық еттерде жиналған
сүт қышқылының одан əрі тағдыры қандай деген сұраққа енді жа-
уап беруге болады. Сүт қышқылын қайтадан қолданудың бірден-
бір жолы лактатдегидрогеназа ферментінің əсерінен оны қайтадан
ПЖҚ-ға айналдыру, бұл процесс бауырда жүреді (35-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: