Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы қызметінің 2015 2020 жылдарға арналған



Дата07.02.2022
өлшемі15,85 Kb.
#84432
Байланысты:
Документ

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы
қызметінің 2015 – 2020 жылдарға арналған
стратегиясы




Тәуелсіздік алған жылдарынан бері Қазақстан Республикасы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік және келісім жағдайында, әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуда.
Мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларда «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының келешегі және еліміз бен әрбір Қазақстандықтардың тағдырының жаңа белестері қарастырылған.
Соңғы жылдары әлемдегі көптеген елдер қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өмір сүруде. Осындай күрделі жағдайда Үкімет, атқарушы органдар, кәсіподақтар мен жұмыс беруші әлеуметтік әріптестік институтының қатысушылары өзіне айтарлықтай жауапкершілік алуда. Олардың бірлескен іс-қимылы өндірістік үрдістерді тұрақтандыруға, жұмыскерлердің еңбек құқығы мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге, еңбек заңнамасы нормаларының қатаң сақталуына бағытталған.
2014 жылдың маусым айында «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңы қабылданды, онда кәсіподақтар қозғалысын дамытудағы жаңа тәсілдер белгіленген, олар – нақты құрылымдылық, кәсіподақтардың құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі айқындау, салалық кәсіподақтар, республикалық және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, барлық деңгейде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыруға кәсіподақтарды қатыстыру тәртібін белгілеу.
Адам капиталын дамыту, әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарды жетілдіру, жұмыссыздықты қысқарту, кәсіподақтардың қоғамдағы рөлін көтеру мәселелері «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» сияқты құжаттарда және басқа да мемлекеттік бағдарламаларда белгіленген.
Уақыт пен заман талабына сәйкес кәсіподақтар Федерациясы кәсіподақтарды біріктіру мен кеңейтуге, еңбек қатынастарын реттеуде олардың рөлін арттыруға, әлеуметтік әріптестікті дамытуға, ұйымдастырушылық-қаржылық жұмысты жетілдіруге, кәсіподақ кадрларының жауапкершілігін көтеруге, олардың резервін даярлауға, еңбек ететін әйелдер және жастармен жұмыс істеуге, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысуға бағытталған жаңа бағыт алды. Кәсіподақтар қызметінде жаңа идеялар мен өзге де шешімдер қолдау тауып ендірілуде.
Кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүше ұйымдарының қызметін реформалаудың және жаңғыртудың түпкілікті идеясы мынадай: кәсіподақ қозғалысының жаңа моделін құру, кәсіподақтардың қоғамдағы орнын одан әрі нығайту, әлеуметтік әріптестікті жетілдіру, жалдау еңбегіндегі тұлғалардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүддесін толықтай қорғау.
Қазақстанның тұрақты даму жағдайындағы кәсіподақтар Федерациясы қызметінің стратегиясы алдағы бес жылда осы және басқа ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет