Қазақстан Республикасы Үкіметінің №2295 қаулысына сәйкес балаларға келесі екпелер жүргізіледі: бцж опв,ипв(полиомиелитке қарсы 2 вакцина) вгв(вирусты гепатит В) акдс(көкжөтелге қарсы) адс ад-м адс-м(дифтерия-сіреспелік) Акт-хиб



бет2/4
Дата20.12.2023
өлшемі6,99 Mb.
#197839
1   2   3   4
Байланысты:
белсенді иммунизация

Тірі вакцина
Тірі вакцина -микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады.
Тірі вакциналар 
  • шешек, 
  • құтыру, 
  • оба, 
  • туляремия, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады.

Вакцина түрлері
Химиялық вакцина
Химиялық вакцина-микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден 
алынады.
Бұл вакциналар 
  • паратиф, 
  • іш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады.

Анатоксиндер-улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар.
Анатоксиндер 
  • дифтерия (күл), 
  • ботулизм, 
  • сіреспе, т.б. ауруларға қарсы қолданылады.

Ассоциацияланған Вакцина
Ассоциацияланған Вакцина -2-3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар.
Мысалы, сиырларды қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді.
Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді.
  • шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), 
  • полиомиелитке қарсы ауыздан,
  • гриптікін танау қуысынан құяды. 
  • Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері астына, 
  • қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді.

  • Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 -3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.

Тірі вакциналарды

Өлтірілген вакциналарды

Анатоксиндерді

Ассоциирленген вакциналар

әлсіретілген патогенді қасиеттері бар микроб штаммдарынан алады, бірақ иммуногенділігі толық сақталған. Тірі вакциналардың өлтірілген вакциналардан едәуір артықшылықтары бар: ағзада микробтардың тірі вакциндік штамдары көбейіп, ағзада арнайы антигендерді түзу арқылы жауап серпілісін туғызады, вакциналық инфекциялық үрдіс бірнеше апта бойы өтеді, бұл уақытта ағзада тірі вакциналарды бір рет енгізген соң өлтірілген вакциналарды екі рет енгізгенге қарағанда едәуір тұрақты иммунитет қалыптасады. Тірі вакциналар полиомиелит, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, туберкулезді алдын алу үшін қолданылады. Ерекше көрсеткіштер болғанда оба, туляремия, сібір жарасы және басқа инфекцияларға қарсы тірі вакциналар қолданылады.

инфекциялық аурулардың патогенді қоздырғыштарын әртүрлі әдістерімен белсенсіздендіру жолымен алады. Тірі вакциналарға қарағанда,белсенсіздендірілген (өлтірілген) вакциналар едәуір әлсіз иммунды жауапты белсендіреді және бірнеше дозалардың қолданылуын қажет етеді, яғни иммунитетті екі-үш рет енгізген соң ғана туындатады. Өлтірілген вакциналар құрамында көп мөлшерде балластты заттардың болуы олардың қолданылуы кезінде аллергиялық және басқа да кері әсерлердің және асқынулардың себебі болып табылады. Өлтірілген вакциналар көкжөтел, тырыспа, күл, гемофильді инфекция, сүлелі гепатит, пневмококты инфекция, іш сүзегі, паратиф, кене энцефалиті, лептоспироз және басқа да аурулардың алдын алуы үшін қолданылады.

токсин құрамына аздаған мөлшерде формалин қосып (0,3-0,4%) және оны 37°С температурада 30-32 күн бойы ұстау арқылы жасайды. Нәтижесінде токсиндер ағзаны уландыру қабілетінен айырылып, бірақ бұл кезде өзінің антигенділік және иммуногенділік қасиеттері сақтайды. Анатоксиндер қоздырғыштары экзотоксин түзетін инфекцияларда қолданады. Анатоксиндер тиімділігі жоғары. Сондай –ақ сорбирленген вакциналар ағзада қор түзіп, бұл қордан препараттың ұзартылған әсерін қамтамасыз ететін антигендер біртіндеп сорылады. Бұл жоғары профилактикалық әсерді сақтау негізінде вакцинация ретін азайтуға мүмкіндік береді. Медициналық тәжірибеде адсорбирленген анатоксиндер қолданылады: адсорбирленген күл анатоксины (АК), адсорбирленген тырыспа анатоксины (АТ), адсорбирленген күл-тырыспалық анатоксин (АКТ), адсорбирленген стафилококкты анатоксин.

құрамында бірнеше синергиялық өзара балансты антигендер бар. Бұлардың моновакцина алдында артықшылығы бар, себебі бұлар бір кешенді препаратты енгізген соң бірнеше инфекцияларға қарсы бір сәтте иммунитет түзуіне мүмкіндік бередіАссоцирленген вакциналарды қолдану иммунопрофилактиканы жүргізуді жеңілдетеді, инъекция санын азайтады, кейбір жағдайларда олардың иммуногенділігін жоғарылатады. Жиі қолданылатын ассоцирленген препараттар: КҚП, АбКДС, АДС-М, газды гангренаға қарсы полианатоксиндер, полиомиелитті вакцина және басқалар.

ЕГУ КАБИНЕТІНДЕ БОЛУЫ КЕРЕК:
-Вакцина сақталатын стол;
-Дәрілік заттар мен құралдарға арналған шкаф;
-Залалсыздандырылған материалдар салатын бикс;
-Баланы орайтын стол;
-Кушетка;
-Вакцина дайындауға арналған стол;
-Құжаттарды сақтауға арналған шкаф;
-Залалсыздандыратын сұйық қойылған ыдыс;
-Әрбір екпені жүргізуге арналған нұсқаулықтар
-Жедел және шокқа қарсы терапия жиынтығы,оларды қолдануға нұсқаулықтар.
-Құжаттар
ҚР Үкіметінің №2295 қаулысы бойынша,вакцинация амбулаториялық және аралас типті емханаларда жүргізіледі.
Онда егу техникасын және екпеден кейінгі асқынулар кезінде жедел көмек көрсету жолдарын толық меңгерген мейірбике жұмыс жасауы тиіс.
Егу жасамас бұрын баланы мұқият қарап аламыз, міндетті түрде дене температурасы өлшенеді. Анамнез жинау барысында баланы қарау кезінде ауру белгісінің бар-жоғына назар аударамыз.бұрын жүргізілген екпелерді қалай көтергендігі,аллергиялық реакциялардың болуы ескеріледі. Алдын алу екпесін жүргізуге берілген рұқсат бала дамуының тарихына 112/у формасы жазылады.
Алдын алу екпелері парентеральді және пероральді жүргізіледі.
Екпе алған бала екпеден кейінгі реакцияларын қадағалау мақсатында 30 мин бойы сол медициналық ұйымда бақылауда болуы керек.
01
02
03
04
КАБИНЕТТЕ КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАР БОЛУЫ КЕРЕК:
1.Балаларды есепке алу журналы.Бөлімше бойынша балалар тізімі 0-18 жас.
2.Екпенің жылдық журналы
3.Ерекше есепке алу журналы.
4.Вакциналардың қозғалысы бойынша 064-2/у журналы.
5.Инфекциялық аурулар,жедел тағаммен улану туралы құжат 058/у.
6.Профилактикалық егулер 063/у,жаңа туған балаға толтырылады.
Бұл вакцинаға қарсы организмнің қалыпты
реакциялары. Вакцинадан кейінгі реакция
ұзаққа созылмайды(бірнеше сағаттан
тәулікке дейін).Тірі емес вакциналарды
енгізгеннен кейін 3 күнге дейін,ал тірі
вакцина қолданғанда орташа 3-5 күнге
созылады.
-балада температурасының
жоғарылауы,әлсіздік,ұйқысыздық,тәбет
болмауы,құсу сияқты симптомдар болуы
мүмкін
Поствакцинациялық реакциялар
1.Күшті реакциялар:дене қызуының 40С
көтерілуі,дірілдер,естен тану
2.Аллергиялық
реакциялар:анафилактикалық
шок,есекжем,Квинке ісігі.
3.Энцефалит немесе менингит дамуы.
Асқынулар:
Егуге қарсы көрсеткіштер, асқынулары
Егуден кейінгі (поствакциналық) реакциялар — бұл вакцинаға организмнің қалыпты реакциялары және олар салдар қалдырмайды.
Вакцинадан кейінгі реакция ұзаққа созылмайды (бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет