Іс – шара орындалды 2015 – 2016 оқу жылында 5 облыс бойынша 63 пилоттық мектептердің жоғарғы сыныптарында жан басына қаржыландыру сынақтан өткізілді.
Сынақтан өткізудің аралық нәтижелерінің салыстырмалы талдауы өтті.
63 пилоттық мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландырудың оң нәтижесі бар – 6,6 % -ға біліктілігін жоғарлатқан мұғалімдердің үлесі көбейді, 3,6 % -ға 10 – 11 сынып оқушыларының біліктілігі көтерілді.
Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мазмұнында «ақша оқушының артынан жүреді» деген қағида тұр. Әрбір оқушыға Қазақстан Республикасының Ата Заңымен, білім беру стандартына кепілдік беретін бұл қағида оқу орындарының қаржыландыру шығындарынан олардың орындалуын қаржыландыруға өтуді білдіреді.
Жан басына шаққандағы орта білімді қаржыландыру апробациясы пилоттық мектептерде енгізу кезеңінде:
- орта білім беру шығындарының негізін туралау және балалардың білім алуға арналған негізгі шығындарын анықтау мақсатында ортақ көзқарас қалыптастыру;
- балаларды мекенжайлық алып жүру жүйесіне көшу және мектепке емес 1 оқушыға мемлекеттік шығындарды жоспарлау;
- оқу процесінде ашық және әділ бюджет қаражатын жұмсау;
- мектептерге қаржылық тәуелсіздік беру және басқару деңгейін, шешім қабылдау ашықтығын арттыру.
Ағымдағы жылы орта білім беру жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру негізгі тәсілдері әдіснамасы қайта жасалған, атап айтқанда, оқу процесі шығындардың формуласы мен құрылымы өзгерген, сондай-ақ білім беру ортасын нормаланған құны өзгерді.
2017 жылдан бастап жан басына шаққандағы қаржыландырудың формуласын жетілдіру және апробацияның тәуелсіз мониторингі «Қазақстан Республикасында орта білім беруді жаңғырту» Дүниежүзілік банк жобасының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
2017 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыруға Астана қаласының 5 мектебін және Алматы қаласының 5 мектебін қосу жоспарланып отыр.
2019 жылы ол оң апробация негізінде толық қалалық жан басына шаққандағы қаржыландыру барлық мектептерде толық жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Оң апробацияның негізінде 2019 жылдан бастап толық ауқымды жан басына шаққандағы қаржыландыру 3 668 толық мектептерге енгізу жоспарланып отыр (2018 жылдан бастап пилоттық түрде Астана мен Алматы қаласының мектептерін қосу жоспарланған).
81-іс-шара Мектеп басшыларының менеджмент саласындағы біліктілігін, оның ішінде онлайн оқыту және қашықтықтан оқыту курстарында арттыру