Іс-шаралар орындалды ТжКБ ұйымдарында оқитын контингент– 489 166 адам., оның ақылы негізде оқитындары – 244 285 адам (49,9%).
Анықтама: мемлекеттік колледждерде оқитындар - 283 983 адам., онда ақылы негізде – 75 456 адам., жекеменшік колледждерде оқитындар– 205 183 адам., онда ақылы негізде – 168 829 адам. Ақылы негізде оқып жатқан 244 285 студенттердің 1236 адамы (оның ішінде мемлекеттікте–312 адам., жекеменшікте - 924 адам.) жатақханаға мәжбүр (пәтерлерді жалға алған).
Қарағанды, Қызылорда облыстарында студенттерге жалға тұрғын үй беру тәжірибесі оң. Аталған өңірлердегі колледждер жыл сайын тұрғын үйді жалға беретіндермен ұзақ мерзімді келісім шартқа тұрады. Колледждерде студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және апәтерлерді таза ұстау үшін штаттық бірлік қарастырылған. Аз қамтылған балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін осындай пәтерлерде тұруға жеңілдіктер қарастырылған.
Сонымен қатар, Астана, Алматы қалалары техникалық және кәсіптік білім оқу орындары тұрғын үйге мәжбүр студенттер үшін бірлесіп қаржыландыру туралы (70/30) үшжақты келісім шартқа қол қояды, (бір студентке 10,0-15,0 мың.тенге көлемінде).
Алдағы уақытта жұмыс берушілермен студент бірлесіп қаржыландыру тетігі қарастырылады, бұл экономика жағынан мемлекетке пайдалы.
ТжКБ қолжетімділігі үшін және кадрларды сапалы даярлауда жұмыс берушілер белсенді тартылатын болады. Дуальді оқыту шеңберінде, кадрларды даярлауда жұмыс берушілердің қатысуы маңызды, оның ішінде олармен бірлесіп қаржыландыру немесе толық жұмыс берушілердің есебінен тұруы.
Студенттерге тұрғын үйді жалға алу тетігі бойынша ұсыныстар Үкіметке 2017 жылдың 17 қаңтарында № 1-697 –Д/13-5/33П хатпен енгізілген.
Анықтама: Республикада 817 техникалық және кәсіптік оқу орындары жұмыс жасайды, оның ішінде мемлекеттік – 473, жекеменшік – 344. 473 мемлекеттік оқу орындарының 288-інде өз жатақханалары бар, жатақханаларды жалға алатындар саны– 38, жекеменшік оқу орындардың 344 өз жатақханалары барлары - 65, жалға алатындар саны - 21. Ұлттық білім деректер базасының (ҰББД) 2017 жылғы 1 қаңтардағы мәліметі бойынша жатақханадағы орындармен 48093 студент қамтамасыз етілген, ол жалпы жатақханаға мәжбүр студенттерді (57515 адам) 83,6%) құрайды. Мемлекеттік колледждер жатақханасында В 36441 адам және жалға алған пәтерлерде , 4745 адамк тұрады, жекеменшік колледждер жатақханасында 5983 адам және жалға алған пәтерлерде 924 адам тұрады.
97-іс-шара «Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім» жобасын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу