Қазақстан Республикасы Үкіметінің



бет189/199
Дата05.02.2022
өлшемі3,04 Mb.
#17551
түріБағдарламасы
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   199
Іс-шара орындалды
Қазіргі уақытта ғылым мен техника саласындағы серіктестік байланыстар келесі мемлекеттермен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде дамып жатыр: Ресей, Беларусь, Франция, АҚШ, Түркия, Ұлыбритания, ҚХР және т.б. Елдермен және халықаралық ұйымдармен қол қойылған халықаралық келісімдер мен шарттардың саны – 42.
2016 жылы Министрлік келесі іс-шараларға қатысты:
- Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) өкілдерімен бірге ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтың елдік бағдарламасының «Қазақстанның инновациялық саясатына шолу» жобасы ұсынылған жұмыс тобының 48-ші отырысына;
- сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстандық-белорусстық үкіметаралық комиссияның 12-ші отырысына;
- ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым мен техника министрліктері мен ведомстволарының басшыларының кеңесіне;
- ХҒТО басшылары кеңесінің 63-ші отырысына;
- «Ғылым, технологиялар және инновациялар мәселелері бойынша Азиялық Парламентаралық Форумға;
- Стамбул қ. Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің аға лауазымды тұлғалар комитетінің 19-шы отырысына;
- сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстандық-румындық үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына;
- ғылым мен технологиялар бойынша ИЫҰ Саммитінің қорытынды коммюникесін дайындық бойынша жұмыс тобының отырысына;
2016 жылы:
- «ЭКСПО-2016 Анталья» дүниежүзілік көрмесінде секцияның Бас комиссары тағайындалды және 2016 жылдың сәуір айынан қазан айына дейін Анталия қаласында (Түркия) өткен World Botanic EXPO-2016» дүниежүзілік көрмесінде «Гүлдер және балалар» ұранымен Қазақстандық павильонның концепциясы жүзеге асырылды;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Үндістан Республикасының Үкіметі арасында Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы оқу орталығын құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум бекітілді;
Қазіргі уақытта «Ньютон – әл-Фараби» серіктестік бағдарламасының аясында «Институционалдық байланыстар» бағыты бойынша қазақстандық және британдық ғалымдардың арасында бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру мәселелесі талқылануда.
Еуропалық Одақтың зерттеулер мен инновациялар бойынша «Горизонт 2020» бағдарламасының аясында ғылыми қоғамдастықтың ғылым, технологиялар, инновациялар, білім, саясат және т.б. қоғам мәселелері салаларында бірлескен зерттеулерге қатысуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет