Іс-шара орындалды 2015-2016 оқу жылында Ұлттық студенттер лигасының (ҰСЛ) ойындарына Астана, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы ЖОО-лардың жігіттері мен қыздарынан тұратын 33 команда қатысты.
2016 жылы ҰСЛ ойындарының футзалына Көкшетау, Тараз, Өскемен және Семей қалаларының ЖОО-лары қосылды. Сонымен, қатысушы командарлардың жалпы саны 41 ЖОО мен 7 колледжді құрайды. Өңірлік сатыдағы ойындар жоғары оқу орындарының спорт кешендерінің базасында жүргізілді.
2015 жылғы қазанда ҰСЛ-дің баскетбол бойынша топтық ойындары басталды. Ойындарға Астана, Алматы және Қарағанды қалаларындағы ЖОО студенттері, құрамында жігіттер мен қыздар бар 20-дан астам команда қатысты.
2016 жылғы сәуірде Алматы қаласында студенттер арасында футзал бойынша ІІ Азия чемпионаты өтті. Елдің намысын Ұлттық студенттер лигасының 2015 жылғы маусымының финалистері мен жеңімпаздары қорғады.
ҰСЛ финалистерінен тұратын Қазақстанның ұлттық құрамасы 2016 жылғы 1-11 шілдеде Бразилияда (Гояна қ.) өткен студенттер арасындағы футзал бойынша XV әлем чемпионатына қатысты. Жарыс нәтижесінде ерлер командасы 8-орынды, әйелдер тобы 10-орынды алды.
Сондай-ақ, ҰСЛ-дің футзал бойынша 2016 жылы Алматыда өткен финал ойындарында 20 ЖОО-дан командалар қатысты. Финал ойындарда жоғарыда аталған ЖОО командалары 4 командадан 5 топта ойнады. Нәтижесінде, финалға 4 команда шықты, жеңімпаз ХАТУ командасы атанды (ТарМПИ – 2-орын, әл-Фараби атындағы ҚазМУ – 3-орын).
174-іс-шара Студенттік спортты дамыту, 2017 жылғы Универсиадаға қатысу үшін қазақстандық команданы дайындау