Қазақстан Республикасы Үкіметінің


Көрсеткіш ішінара орындалды



бет47/199
Дата05.02.2022
өлшемі3,04 Mb.
#17551
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   199
Көрсеткіш ішінара орындалды
2015 жылғы рейтингтік бағалаудың нітижесі бойынш.
Рейтингпен қамтылған ұйымдардың саны - 26.
Орташа көрсеткіштен жоғары көрсеткен ұйымдардың саны - 13.
Орташа көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсеткен ұйымдардың барлық ұйымдар санындағы үлесі 50%.
2014 жылы тиімді қызмет көрсеткен ғылыми ұйымдардың үлесі 48%-ды құрады. Осылайша, ғылыми ұйымдардың және ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін рейтингтік бағалауға сәйкес ғылыми ұйымдар қызметі тиімділігінің 2014 жылмен салыстырғандағы өсуі 2%-ды құрады.
Ғылыми ұйымдардың рейтингтік көрсеткіштерінің төмендеуі былай түсіндіріледі.

  1. Ұйымдардың 2013-2014 жылдардағы жоғары балдары 2011-2013 жылдары басталған конкурстардың аяқталуымен түсіндіріледі. Ол жылдары республика бойынша жалпы алғанда 1174 гранттық қаржыландыру жобасы іске асырылса, 2012-2014 жылдары 506 жоба іске асырылған (екі конкурс бойынша 1680 жоба). Іске асырылған жобаларды негізгі балл «Ұйымның ғылыми қызметінің нәтижелілігі» 3-топтама және «Ғылыми ұйымның қаржылық көрсеткіштері» 4-топтама бойынша алынды. Осы кезеңде мақсатты қаржыландыру бағдарламалары аясында 94 ғылыми-техникалық бағдарлама тіркелді.

Осылайша, жұмыстар аяқталған кезде ұйымдар жарияланымдар, қорғау құжаттары, технологиялар, тәсілдер және т.б. бойынша жоғапры көрсеткіштерге қол жеткізді.
Одан басқа, ұйымдардың жылдар бойғы қаржыландыру көлемін, тек гранттық қаржыландыру ғана емес, мақсатты-бағдарламалық қаржыландыруды да, ескеру қажет.
2. 2015 жылы 2013-2015 жылдардағы конкурстардың аяқталу жылы болды, бұл жылдары республика бойынша 435 грант іске асырылды. Ұйымдарға бөлінген гранттар саны шектеулі болғандықтан, олардың бағалау көрсеткіштері төмендеді. Бұдан басқа, 2015 жылы келесі үш жылдық кезеңге 2015-20177 жж. конкурстар жаряиланды. Әдетте, жаңа тақырыптардағы зерттеулер мен жаңа ғылыми-техникалық бағдарламалар басталған жылдары нәтижелілік жоғары болмайды.
3. ҒЗТКЖ-ны мемлекеттік тіркеудің салалық құрылымының динамикасына жүргізілген талдау құрамына ұйымның гуманитарлық бағыттағы да зерттеулері кіретін қоғамдық ғылымдардың үлесі 2015 жылы 23, 6 %, 2013 жылы 32,8%, 2014 жылы 47,2% болғанын көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет