Іс-шара орындалды Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламалары үшін эксперименттік алаңдар есебінде физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі балалар бақшасы 2010 жылы құрылды. Балабақша контингенті 100 бала, 5 топты құрайды.
Балабақша базасында ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Басқармасы шешімімен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тілге ену негізінде балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы» енгізілуде.Ұйымның берілген бағдарламасына сәйкес, тәрбиелеу-білім беру процесі мазмұны мен жоспарлау дамудың бес саласы бойынша; дене, әлеуметтік, сөйлеу, танымдық және көркем-эстетикалық, тілге енудің екі үлгісі арқылы: біртіндеп және толық жүзеге асуда.
Тілге ену жобасын жалғастыру, сонымен қатар «Шаңырақ» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын енгізу болжануда.
Білім беру ортасының сабақтастығы мен тұтастығын сақтау үшін балабақша түлектері физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірінші сыныптарына көшу жүзеге асырылады. Бүгінде балабақша түлектері 4 сыныпта оқиды.