Іс-шара орындалды Педагогикалық жоғары оқу орындарында педагог кадрлар сапасын күшейту мақсатында педагогикалық мамандықтарға түсудің жаңа талаптарын енгізу тетіктері дайындалды, атап айтқанда, жоғары оқу орнына педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтау үшін арнайы емтихан енгізіледі. Министрлік педагогикалық мамандықтар үшін арнайы емтихан өткізудің технологиясын әзірленді. Педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлер 20 маусымнан 18 тамызға дейінгі кезеңде арнайы емтихан тапсыратын болады.
Бұл емтихан жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен қабылданатын болады.
2017 жылы ЖОО қабылдау ережесін жетілдіру шеңберінде ЖОО-ға қабылдау рәсімінің баламалы тізімінде ҰБТ-мен бірдей пәндік олимпиадаларда қатысуымен SAT, ACT тесттерін қосу мәселесі пысықталатын болады.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау сапасын күшейту жөнінде ұсыныстар ПМК-ға жіберілді (шығ. 1-663-Д/11-2/549-П, 2016 жылғы 10 маусым.
27-іс-шара Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу