уақыт бойынша есептеудi енгiзу туралы нормативтiк
құқықтық актiлердiң ережелерiн конституциялық емес
деп тану жөнiндегi ұсынымы туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң
2001 жылғы 9 шiлдедегі N 11/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан өзiнiң ашық отырысында,
өтiнiш субъектiсi – Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрайымы Д.Қ. Құрманованың;
Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, Экономикалық реформа және аймақтық даму жөнiндегi комитеттiң мүшесi Ш.Ә. Оразалиновтың;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрi К.К. Масимовтың
Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi
А.Н. Котловтың;
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы Б.М. Имашевтың;
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Үкiметтiк байланысты қамтамасыз ету орталығының бөлiм бастығы А.З. Зейнуллиннiң;
"Қазақтелеком" ААҚ-ның президентi А.А. Бектасовтың;
Қазақстан Тұтынушыларының ұлттық лигасының өкiмi
Б.Т. Ахметжанованың қатысуымен,
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету құнын уақыт бойынша есептеудi енгiзудi көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiн конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымын қарады.
Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар – Конституциялық Кеңестiң мүшелерi А.К. Котов пен В.Д. Шопиннiң хабарын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
Достарыңызбен бөлісу: |