АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы М.Т. Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының
52-бабының 3-тармағын ресми түрде түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы З.Балиеваның өтiнiшке қоса берiлген хатында "Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын орындаудың тәртiбi мен тәсiлдерi жайлы мәселелердi шешу процесiнде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 52-баптың
3-тармағын түсiндiруде қиындықтарға жолыққандығы атап көрсетiлген.
"Парламент Депутаттарының оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе қадағалаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ" дегендi қалай түсiнуге болады деген мәселе туады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Е.В. Кулешова жүргiзген сұрақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағының түгелдей, "Парламент депутатының өкiлеттiгi тоқтатылған немесе мерзiмi аяқталған жағдайда оның бұрынғы жұмысын (қызметiн) сақтауға немесе нақ сондай жұмыс (қызмет) тауып беруге кепiлдiк берiлмейдi" деген түсiндiрудi қажет етпейтiн соңғы сөйлемнен басқасына түсiндiрме беру қажеттiгi пайда болып отырғандығын көрсеттi.
Соған байланысты Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Қазақстан Республикасының Парламент Мәжiлiсi Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 3-тармағының мына бөлiгiн түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады: "Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның, басшы органның немесе қадағалаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Бұл ереженiң бұзылуы депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға
әкеп соғады.
Конституцияның 52-бабы 3-тармағының аталған бөлiктегi мазмұнын талдаған кезде Конституциялық Кеңес мынадай жағдайларды ескердi:
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының
1-тармағында депутаттар жұмысын ұйымдастыру принципi белгiленген: "Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Депутаттардың Парламенттегi жұмысы олардың еңбек қызметiнiң негiзгi түрi екендiгiн осы ереже дәлелдейдi, бұл жұмысы үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 30-бабының 1-тармағына сәйкес ақшалай сыйақы ала отырып, олар өз жұмысын кәсiби түрде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мандатының басқа өкiлдiк органның депутаттық мандатпен конституциялық тұрғыдан алғанда, сыйыспайтындығы, ақы төленетiн өзге де қызметте болуға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе қадағалаушы кеңесiнiң құрамына кiруге тыйым салынуы депутаттардың әдiлдiгi мен қандай да болмасын мемлекеттiк және қоғамдық органдарға немесе мемлекеттiк және қоғамдық органдарға немесе жеке мүдделiлiкке кiрiптар болмауын қамтамасыз етуден туындаған едi. Лауазымдардың сыйыспаушылығын талап ету депутаттың тек қана Парламент жұмысына көңiл қою мүмкiндiгiн де қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының
1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламентiмен қатар, жергiлiктi өкiлдiк органдар – мәслихаттар басқа өкiлдiк органдар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына ерекшелiк ретiнде, оқытушылық, ғылыми және басқа да шығармашылық қызметпен айналысуына рұқсат етiлуi бұл қызмет негiзiнде жеке-даралық сипатта болып келедi және ғылым, бiлiм, мәдениет, техника, әдебиет пен өнер саласында парламенттiк қызметтен айтарлықтай дербес түрде және, қағидат бойынша, негiзгi жұмыстағы қызмет уақытынан тыс кезде жүзеге асырылады. Бұл жағдай қызметтiң аталған саласында Парламент депутаттарының ғылыми, шығармашылық мүмкiндiгiн пайдалану қажеттiлiгiне де байланысты болып отыр.
Оқытушылық қызмет бiлiм беру жүйесiнде жүзеге асырылады, ол Қазақстан Республикасының "Бiлiм беру туралы" заңының 10-бабына сәйкес, бiлiм беру қызметiн iске асырушы бiлiм беру мекемелерiнiң желiсiн бiлдiредi, және: отбасы тәрбиесiн; мектепке дейiнгi тәрбиенi; жалпыға бiрдей орта бiлiмдi, мектептен тыс тәрбие мен оқытуды; кәсiптiк-техникалық бiлiмдi; арнайы орта бiлiмдi; жоғарғы бiлiмдi; жоғарғы оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi (аспирантура, докторантура және т.б.); кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта дайындауды; қосымша бiлiмдi қамтиды.
Ғылыми жұмыс ғылыми мекемелерде ғылыми зерттеулердi орындаумен байланысты, оларға "Қазақстан Республикасының ғылыми және мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасы заңының 20-бабына сәйкес академиялық мекемелер, жоғарғы оқу орындары, салалық және салааралық ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, конструкторлық және техникалық бюролар, инженерлiк орталықтар, тәжiрибе станциялары, ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiктер жатады.
Шығармашылық жұмыс қандай да бiр жаңалық жасалатын, ашылатын және табылатын кез келген салада – ғылыми, өндiрiс-техникалық, көркемсурет т.б. салаларда жүзеге асырылады.
Парламент депутаттарының оқытушылық, ғылыми және басқа шығармашылық қызмет саласында ақылы қызметпен шұғылдануына республиканың еңбек заңдарына сәйкес қосымша қызмет iстеу ретiнде рұқсат етiледi.
Қызмет орнында айтарлықтай ұзақ уақыт болуын талап ететiн оқу, ғылыми және шығармашылық ұйымдарды басқаруға және басшылық етуге байланысты ақы төленетiн қызметпен айналысуға рұқсат етiлмейдi.
Парламент депутаттарының жүзеге асыруға құқығы жоқ, кәсiпкерлiк қызмет деп Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 10-бабының 1-тармағына сәйкес, меншiк түрiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы
қызметiн түсiнемiз.
Депутаттың заңды тұлға құрмай-ақ, және заңды тұлғаның құрамында бола отырып болсын, кез келген түрдегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына Конституция тыйым салады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 19 және 34-баптары).
Басшы органның немесе қадағалаушы кеңесiнiң құрамына кiруге Парламент депутатының құқығы жоқ коммерциялық ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң
34-бабына сәйкес өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде пайда келтiрудi көздейтiн ұйымдар жатады. Коммерциялық ұйымның кез келген басқару органының немесе қадағалаушы кеңесiнiң түрлерiне, тағайындалу немесе сайлану тәртiбiне қарамастан (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 37-бабының 3-тармағына сәйкес), сондай-ақ бұл үшiн депутаттың ақы алатыны-алмайтынына қарамастан, аталған органдардың құрамына кiруге оның құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының
3-тармағында бекiтiлген ережелердiң бұзылғандығы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 6-тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 24-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы депутаттың өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдау үшiн Парламенттiң тиiстi Палатасына өтiнiш енгiзедi.
Жоғарыда баяндалған жағдайдың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 3-тармағының
4-тармақшасы мен 74-бабының 3-тармағын және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1-тармақшасын, 37-бабын және 38-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағын ресми түрде түсiндiру ретiнде Конституциялық Кеңес қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағын қолдану кезiнде:
- Парламент депутатының Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағына сәйкес депутаты болуға құқығы жоқ басқа өкiлдiк органдарға Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабының 1-тармағына сәйкес жергiлiктi өкiлдiк органдар мәслихаттар жатқызылған;
- ерекшелiк ретiнде Парламент депутаттары ақылы түрде айналысуға құқығы бар оқытушылық, ғылыми және басқа шығармашылық қызмет дегенде Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағы аталған салаларда қосымша түрдегi, басшы қызметпен айналыспайтын, қағидат бойынша, депутаттың парламенттегi жұмыс уақытынан тыс жүзеге асырылатын қызмет дегендi бiлдiредi;
- Парламент депутанының жүзеге асыруға құқығы жоқ кәсiпкерлiк қызмет деп тауарларға, жұмысқа, қызметке сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған жұмыс түрiндегi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 10-бабында белгiленген қызмет айтылып отыр;
- басшы органының немесе қадағалаушы органының құрамына Парламент депутаты кiре алмайтын коммерциялық ұйым деп Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 34-бабында өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде пайда келтiрудi көздейтiн ұйым түрiнде белгiленген заңды тұлға айтылады. Коммерциялық ұйымның кез-келген басқару органының немесе қадағалаушы кеңесiнiң түрлерiне, тағайындалу немесе сайлану тәртiбiне қарамастан, сондай-ақ ол үшiн депутаттың ақы алатыны – алмайтынына қарамастан, аталған органдардың құрамына кiруге оның құқығы жоқ;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3-тармағында белгiленген ережелер бұзылатын болса, Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 6-тармағында және "Қазақстан Республикасы Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық, заң күшi бар Жарлығының 24-бабының
4-тармағында белгiленген тәртiпте Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкелiп соқтырады - деп саналуы тиiс.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының
3-тармағына сәйкес Президенттiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 38-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоса алғанда, қаулы қабылданған күннен бастап ол өз күшiне енедi.
Достарыңызбен бөлісу: |