ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Парламентi 2006 жылғы
8 маусымда қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қол қоюына 2006 жылғы 14 маусымда ұсынылған, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 1-тармағына сай "Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылмайды және ол қолданысқа енгiзiлмейдi.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.
4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Достарыңызбен бөлісу: |