Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет103/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

1. "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы" Заңның жобасын Республика Парламентi депутаттарының бiр тобы 1998 жылғы 29 қыркүйекте Мәжiлiске енгiзген болатын. Республика Парламентi 1999 жылғы 24 маусымда бұл Заңды қабылдаған және 1999 жылғы 1 шiлдеде Мемлекет басшысының қол қоюына ұсынған.


Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республика Президентi үстiмiздегi жылдың 19 шiлдесiнде жоғарыда аталған Заңды Республика Конституциясына сәйкестiгi тұрғысында қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтiнiш жолдады.
2. Конституциялық Кеңес "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы" Заңның Республика Конституциясына сәйкестiгiн тексере отырып, оның нормаларын сараптау бiрнеше аспектiлердi анықтағанына назар аударды.
Бiрiншi - қамаудағы немесе жартылай қамау жағдайындағы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiне меншiк иелерiн анықтаудағы Республика Конституциясының
6-бабының 3-тармағына Заңның 3-бабы екiншi тармағының сәйкестiгi.
Екiншi – жануарлардың бұл түрлерiне меншiк құқығы пайда болуының конституциялылығы.
3. Республика Конституциясы 6-баптың 3-тармағында "жануарлар дүниесi" ұғымын пайдалана отырып, оның мағынасын ашпайды. Бұл ұғымды түсiндiру қолданылып жүрген заңдарда берiледi.
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес жануарлар дүниесiне құрғақта, суда, атмосферада және жер қыртысында табиғи еркiн жағдайда тұрақты немесе уақытша мекендейтiн барлық жабайы жануарлар (сүт қоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекендiлер, балықтар, сондай-ақ ұлу тектiлер (моллюскалар), шыбын-шiркейлер (насекомдар) және басқалар) жатады.
Дәл осындай құқықтық мағынаны Конституцияның 6-бабы
3-тармағының контекстiндегi "жануарлар дүниесi" ұғымына салу қажет. Бұдан ауқымдырақ түсiндiру өрескелдеу болып көрiнедi және адамның, азаматтың, сондай-ақ, мемлекеттен басқа, өзге субъектiнiң өз меншiгiнде жануарларға, мәселен, қолға үйретiлген, ие бола алмауына әкелiп соқтырады.
Баяндалғанның негiзiнде, Республика Конституциясының
6-бабы 3-тармағының сәйкес нормасы қамауда немесе жартылай қамау жағдайында ұсталатын, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiне жатқызылған жануарларға меншiктi құқықтық мағынамен қамтымайды, және, демек, оның мемлекеттiк те, жеке түрiнiң де болуын көзде тұтады деп түйiледi.
Сонымен бiрге, "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы" Заңның 3-бабының екiншi тармағы сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiне жатқызылған, қамауда немесе жартылай қамау жағдайында ұсталатын жануарлардың заңды және жеке тұлғалардың меншiгi болып табылуын белгiлейдi. Бiрақ, бұл жануарларды, сондай-ақ, меншiктiк құқықтары жоқ, жедел басқару құқының немесе шаруашылықты меңгеру құқының субъектiлерi ғана болып танылатын мемлекеттiк заңды тұлғалардың да ұстауы мүмкiн екендiгiн атап өту қажет (Республика Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 192, 196 және 202-баптары). Жоғарыда аталған Заңның
3-бабының екiншi тармағына сай мемлекет бұл жағдайда сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, қамауда немесе жартылай қамау жағдайында ұсталатын жануарлар түрлерiне меншiк иесi бола алмайды.
Мұнда Конституциялық Кеңес мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiктiң бiрдей дәрежеде танылуын және бiрдей қорғалуын белгiлейтiн Республика Конституциясының 6-бабы 1-тармағының талаптарын бұзуды көрiп отыр.
4. Республика Конституциясының 6-бабының 2-тармағы мен Азаматтық кодекстiң (жалпы бөлiм) 188-бабының 1 және
2-тармақтарынан меншiк құқы тек заңды негiздерде ғана туындауының мүмкiн екендiгi келiп шығады.
Алайда сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, қамау немесе жартылай қамау жағдайындағы жануарларға меншiк құқын қарастырып отырған Заң оларды белгiленген тәртiппен ұстау фактiсiмен ғана байланыстырады (3-баптың екiншi тармағы). Бұл тұста аталған нормада заңдылық принципi еленбей отыр, себебi бұл жануарларды ұстау фактiсiнiң өзi мүлiкке заңды түрде иелiк етуге заң жүзiнде қамтамасыз етiлген негiз болып табыла алмайды.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi "Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы Республика Конституциясының 6-бабы 1 және 2-тармақтарының талаптарына қайшы келедi деп санайды.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы мен 32, 33 және 37-баптарын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет