Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет153/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 26 маусымда Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасын (бұдан әрi – Кодекс) конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi.


Өтiнiш беруге Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының iс жүргiзуiнде жатқан, "Монолитстрой" акционерлiк қоғамы (АҚ) президентiнiң оған Солтүстiк Қазақстан облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасының аға мемлекеттiк инспекторы шығарған әкiмшiлiк жаза қолдану туралы 2000 жылғы 13 наурыздағы қаулыға шағымдану жөнiндегi арызы бойынша азаматтық iс себеп болды. Кодекстiң 54-1 және 233-баптарына сәйкес, АҚ-ның президентiне, радиоактивтi сәуле тарату көздерiн дұрыс сақтау және көмуге байланысты шаралар қолдану жөнiндегi мiндеттi нұсқаманы орындамағаны үшiн 19875 теңге мөлшерiнде айыппұл салынған болатын.
"Монолитстрой" АҚ президентiнiң арызы бойынша Петропавл қалалық соты 2000 жылғы 26 сәуiрде айыппұл салу туралы қаулының күшiн жойды және iс жүргiзудi тоқтатты. Соттың бұл шешiмiне мемлекеттiк инспектор кассациялық тәртiппен облыстық сотқа шағымданған болатын.
Кассациялық арызды қабылдап, Солтүстiк Қазақстан облыстық соты бұл iс бойынша өндiрiстi тоқтатқан, себебi Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы бұдан әрi соттың қайта қарауына кедергi келтiредi. Бұл нормадан азаматтардың Республика Конституциясы 13-бабының 2-тармағында және
39-бабының 3-тармағында көзделген құқықтарын бұзуды көрiп, сот Конституциялық Кеңеске, органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына берiлген арыз бойынша шығарылған аудандық (қалалық) сот шешiмiнiң түпкiлiктiлiгi бөлiгiнде оны конституциялық емес деп тану туралы өтiнiш берген.
2. Солтүстiк Қазақстан облыстық сотының ұсынымында көрсетiлген норманың конституциялылығын тексеру кезiнде Республика Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.
Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасына сәйкес, уәкiлеттiк берiлген орган немесе лауазымды тұлға шығарған айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, жоғары тұрған органда (жоғары тұрған лауазымды тұлғада) немесе аудандық (қалалық) сотта шағымдануы мүмкiн, ал оның шешiмi түпкiлiктi болып табылады.
Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгi 3) тармақшасының және
22-тараудың басқа нормаларының мазмұны бойынша, айыппұл салумен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша сот шешiмiнiң түпкiлiктiлiгi, оның шығарылғаннан соң шұғыл түрде күшiне енетiнiн және орындалуға жататынын бiлдiредi. Бұл тұста, оған мүдделi тұлғаның бұл сот кесiмiне шағымдануға құқықтық мүмкiндiгi жоқ. Одан тыс, Кодекстiң 22-тарауының, сондай-ақ Республиканың Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 26-тарауының нормаларын талдаудан, прокурордың наразылық бiлдiруi де, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң жоғарыда аталған категориялары бойынша шығарылған сот қаулыларын мiндеттi түрде тексеру секiлдi заңи салдарға әкеп соқтырмайтыны
келiп шығады.
Сол арқылы, аудандық (қалалық) соттың айыппұл салу туралы әкiмшiлiк iстер бойынша шешiмдерiнiң түпкiлiктiлiгi бөлiгiндегi Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгi 3) тармақшасының нормасы, олардың заңдылығын және негiздiлiгiн сот тәртiбiмен одан әрi тексеру мүмкiншiлiгiн жоққа шығарады. Соған байланысты, бұдан кейiнгi сот бақылауының және сот қателiгiн жөндеудiң кепiлi ретiнде, олардың орындалуын тоқтату мүмкiн болмай отыр.
Баяндалғанды ескере отырып, Кодекстiң жоғарыда аталған нормасы, Республика Конституциясы 13-бабы 2-тармағының әркiмнiң сот арқылы қорғану құқығын белгiлейтiн талабына қайшы келедi. Бұл конституциялық құқық адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын әртүрлi озбырлықтан да, соттың қате шешiмдерiнен де қорғауды көзде тұтады. Осыған орай Конституциялық Кеңес өзiнiң "Маңғыстау облыстық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң
292-бабының алтыншы бөлiгiн конституциялық емес деп тану туралы ұсынымы жөнiндегi" 1999 жылғы 5 мамырдағы N 8/2 қаулысында, сот арқылы қорғану конституциялық құқығы, бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтiру үшiн әркiмнiң сотқа өтiнiм бере алу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiнiн атап өткен болатын. Бұл тұста қаулыдан, мұндай қорғанудың ең тиiмдi кепiлi ретiнде жоғары тұрған сот инстанцияларында iстiң қайта қаралу мүмкiндiгi болып табылатыны келiп шығады, ал ол Республика заңдарымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Кодекстiң зерттелiп отырған нормасы жұрттың бәрiнiң заң мен сот алдындағы теңдiгi туралы Конституцияның 14-бабы
1-тармағының талабымен үйлеспейдi, себебi, қылмыстық пен азаматтықтан айырмашылығы, әкiмшiлiк сот iсiн жүргiзу, мүдделi органдар мен тұлғалардың сот қателiгiн түзету мақсатында наразылық бiлдiруi мен арызы бойынша сот шешiмiнiң заңдылығын және негiздiлiгiн басқа сот инстанциялары тексеруiнiң қандай-да болмасын тәртiбiн жоққа шығарады.
Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы Республика Конституциясы 13-бабының 2-тармағында және
14-бабының 1-тармағында көзделген адамның және азаматтың құқықтарын шектейдi, ал Конституция 39-бабының 3-тармағы аталған конституциялық құқықтарды ешбiр жағдайда да шектеуге жол бермейдi.
Кодекстiң бұл нормасы, сондай-ақ, Республика Конституциясының 75, 76-баптарына және 83-бабының 1-тармағына қайшы келедi.
Мәселен, Конституциялық Кеңестiң "Жамбыл облыстық сотының Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 280-бабының 2-бөлiгiн және 288-бабының 1-бөлiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп тану туралы өтiнiшi туралы" 1998 жылғы 5 маусымдағы N 3/2 қаулысында аудандық (қалалық) соттың (судьясының) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысы түпкiлiктi және арыздануға жатпайды деп тану әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi сот билiгiнiң шегiн аудандық (қалалық) сот шеңберiнде шектейдi және сот органдарының жүйесiн және негiзгi өкiлеттiктерiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 75, 76-баптарына сәйкес келмейдi деп атап көрсетiлген болатын.
Одан тыс, Конституциялық Кеңестiң "Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағын,
14-бабының 1-тармағын, 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсiру туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3 қаулысында "прокуратура... Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетiн... басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi" деген бөлiгiндегi Конституцияның 83-бабының 1-тармағын прокуратура органдары қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот кесiмдерiне наразылық бiлдiруi мүмкiн деп түсiну керек.
Демек, айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы iстер бойынша аудандық (қалалық) сот шешiмдерiнiң түпкiлiктiлiгi бөлiгiндегi Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы, Республика Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 39-бабының З-тармағына, 75 және 76-баптарына, 83-баптың 1-тармағына қайшы келедi.
3. Осы өтiнiштi қарай отырып, Конституциялық Кеңес, Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң басқа да категориялары бойынша аудандық (қалалық) сот шешiмдерiнiң түпкiлiктiлiгi көзде тұтылатынын анықтады. Бұл нормалар да, сондай-ақ, Республика Конституциясы 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 39-бабының 3-тармағына, 75 және 76-баптарына, 83-баптың
1-тармағына қайшы келедi.
Алайда, Конституциялық Кеңес оның өкiлеттiлiгi конституциялық iс жүргiзу кезiнде өтiнiш көлемiнен тыс шығып кетпеуге тиiс деп атап өтедi. Сондықтан, осы шешiмнiң қаулы алу бөлiгiнде, органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жасалған шағым бойынша аудандық (қалалық) сот шығарған шешiмнiң түпкiлiктiлiгiне қатысты, тек Кодекстiң 281-бабы бiрiншi бөлiгi 1-тармағы нормасының конституциялылығы туралы тұжырым баяндалып отыр.
Сонымен бiрге, Кодекстiң 281-бабы бiрiншi тармағының
1) және 2) тармақшалары Республика Конституциясының 4-бабы
2-тармағының талаптарына орай қолданылмауға тиiс, өйткенi, оларға сәйкес, конституциялық нормалардың ең жоғары заңдық күшi бар және елiмiздiң бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады. Мұндай жағдайларда Республика Конституциясы 13-бабының
2-тармағында, 14-бабының 1-тармағында, 39-бабының
З-тармағында, 75 және 76-баптарында, 83-баптың 1-тармағында баянды етiлген ережелер тiкелей басшылыққа алыну керек.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31, 33,
37-баптарын, 39-бабының 2-тармағын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет