Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет177/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Конституциялық Кеңеске 2001 жылғы 18 маусымда Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету құнын уақыт бойынша есептеудi енгiзудi көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiн конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымы келiп түстi.


Соттың Конституциялық Кеңеске ұсыным жасауына азамат Р.Ж. Жамбырбаевтың осы нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген ережелерi тұрғылықты жерiне байланысты ешкiмдi ешқандай кемiтуге болмайды деген Конституцияның 14-бабы
2-тармағына, сондай-ақ, әркiм өзiнiң телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң құпиялылығы сақталуына құқығы бар, ал мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi деген Конституцияның 18-бабы 2 және 3-тармақтарына қайшы келедi деп есептеген талап арызы себеп болған.
Сот, оның ұсынымын Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қарағанда:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы" 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732 қаулысының 3-тармағының;
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 465 және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң 1997 жылғы
30 мамырдағы N 81 бiрлескен бұйрығы бекiткен Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң, телеграф және пошта байланысының қызмет көрсету ережелерi 5.2-тармағының (бұдан әрi - Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң, телеграф және пошта байланысының қызмет көрсету ережелерi) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы мәселенi шешiп берудi өтiнедi.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының ұсынымын қарау кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Республика Үкiметiнiң құзыретiн белгiлей келiп, өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша ол Негiзгi Заңның 69-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар қаулылар шығаруын көздейдi. "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Конституциялық заңның 13-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында оның Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етуiн, оларды министрлiктердiң, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауын белгiлеген.
Министрлер Кабинетiнiң "Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы" 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкiметiне 84-бабында мемлекеттiк басқару мәселелерiн шешуге құзырет берген және 86-бабында оған елдiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар актiлер шығаруға құқық берген 1993 жылғы Конституцияның негiзiнде және оны орындау мақсатында қабылданған болатын. Сот дауласып отырған
3-тармағы бөлiгiнде бұл қаулы қолданылып жүрген Конституцияның Республика Үкiметiнiң құзыретi туралы 66-бабының нормаларына сәйкес келедi. Қаулыны ол конституциялық нормаларға сәйкес және Республика Үкiметiнiң iс жүргiзу шегiнде қабылдаған. Заң белгiлеген тәртiппен оның күшi жойылмаған және қолданылып жүрген
болып табылады.
Министрлер Кабинетiнiң N 732 қаулысында "Қазақтелекомға" "байланыс кәсiпорындарының техникалық құралдармен жарақталуына қарай жергiлiктi сөйлесулер құнын уақыт бойынша есептеудi енгiзудi жүзеге асыру" жүктелген.
Министрлер Кабинетiнiң "Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы" қаулысының 3-тармағы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 465 және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 81 бiрлескен бұйрығы бекiткен Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету ережелерiнiң 5.2-тармағымен үндеседi.
Ережелердiң 5.2-тармағында жергiлiктi телекоммуникациялар желiсiнiң операторына "төлемақыны уақыт бойынша есепке алу аппаратураларының /АПУС/ негiзгi талаптарына сәйкес келетiн, метрологиялық қамтамасыз ету нормаларына жауап беретiн және мiндеттi мемлекеттiк тексеруге жататын жергiлiктi сөйлесулер ақысын уақыт бойынша есепке алу жүйесiн енгiзу" шартты құқығы берiлген.
Үкiметтiң N 732 қаулысының осы ережелерi мен Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету ережелерiн тұрғылықты жерiне байланысты ешкiмдi кемсiтуге болмайтыны туралы бөлiгiндегi Конституцияның 14-бабы 2-тармағына, сондай-ақ әркiм өзiнiң телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң құпиялылығы сақталуына құқықты екендiгi және әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету туралы Конституцияның 18-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкестiгiн талдай келiп, Конституциялық Кеңес олар Конституция нормаларына қайшы келмейдi деген қорытындыға келдi.
Үкiметтiң "Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы" N 732 қаулысының 3-тармағы тұрғылықты жерiнiң айырмашылығына байланысты бiреулердiң құқықтарын шектеу есебiнен немесе Конституцияның 14-бабында тыйым салынған кемсiтушiлiк белгiлерiмен бiреулерге заң жүзiнде және iс жүзiнде артықшылық беруге бағытталмаған. Үкiметтiң бұл қаулысының Конституцияның 69-бабы 1-тармағына сәйкес аймақтарға, сондай-ақ Республиканың барлық аумағында мiндеттi күшi бар.
Тұрғылықты жерiне байланысты ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайтыны туралы Конституцияның 14-бабы 2-тармағының ережесi Конституцияның 14-бабы 1-тармағындағы заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең екенi туралы ережемен тығыз байланысты, және бұл жағдайда Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерiне қарамастан заң актiлерiнде белгiленген бiр негiздер бойынша субъектiлердiң құқықтары бiрдей және бiрдей мiндеттердi орындауға тиiстi, сондай-ақ осы құқықтары мемлекет тарапынан бiрдей қорғалады және заң мен сот алдында бiрдей жауапты болады. Сот билiгi Конституцияның 76-бабы 2-тармағына сәйкес, Конституцияның, заңдардың және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде, сондай-ақ Республиканың халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.
Конституциялық Кеңестiң пiкiрi бойынша, Үкiметтiң N 732 қаулысының 3-тармағының жергiлiктi телефонмен сөйлесулер ақысын уақыт бойынша есептеудi енгiзу туралы ережесi, сондай-ақ Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету ережелерiнiң 5.2-тармағы жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң көрсеткен қызметiн пайдалануды байланыстың көрсеткен қызметiнiң көлемi мен сапасына бара-бар есеп пен ақы төлеудi объективтi экономикалық өлшемге жүйелi түрде ауыстыру мiндетiн атқарады. Сонымен қатар бұл ережелер оған бiрте-бiрте көшудi және оны жүзеге асыруды техникалық жарақтандырумен шарттастырады. Жария шарттың талаптары бойынша тұтынушылардың теңдiгi мен тұтынушылардың байланыс қызметiнiң нысандары мен олардың төлемақысын таңдау құқығы бұзылмауға тиiс. Заң нормаларының және басқа нормативтiк құқықтық актiлерi дұрыстығының негiзiн құрайтын жоғары заңдық күшi және тiкелей күшi бар Негiзгi Заң болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясында бұған байланысты нақтылы нұсқау жоқ. Қазақстанды әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыру және Республиканың бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық дамуы туралы Конституцияда жалпы ережелер бар, сондай-ақ монополистiк қызмет заңмен реттелетiн және шектелетiнi, ал жосықсыз бәсекеге тыйым салынатыны туралы Негiзгi Заңның
26-бабы 4-тармағының нормалары бар. Олар Конституциялық Кеңестiң Конституцияның 28-бабы 1-тармағы кепiлдiк беретiн елдегi жалақының, зейнетақының және әлеуметтiк қамсыздандырудың мөлшерлес осы объективтi экономикалық өлшемдi енгiзудi Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi деп есептеуiне негiз болады. Негiзгi Заңның 12-бабы 1-тармағында Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк
берiледi делiнген.
Ресми жариялау және азаматтарға өзiнiң құқықтарына қатысты, 1995 жылғы Конституцияның 4-бабы 4-тармағының және 18-бабы 3-тармағының мағынасымен сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық актiлермен таныстыру мүмкiндiгiмен қамтамасыз ету туралы 1993 жылғы Конституцияның 32-бабы екiншi бөлiгiне және 33-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы" 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732 қаулысы "Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметi актiлерi жинағының" сол жылғы N 18 ресми түрде жарияланды. Осы қаулының мәтiнiмен "Юрист" ашық анықтамалық жүйеден азаматтардың кеңiнен танысуына болады.
"Жергiлiктi коммуникациялар желiлерiнiң, телеграф және пошта байланысының қызмет көрсету ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 465 және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң 1997 жылғы
30 мамырдағы N 81 бiрлескен бұйрығы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 27 маусымда N 329 болып тiркелдi. Қолданылып жүрген Конституцияның 18-бабы 3-тармағына сәйкес бұл бұйрықпен Республикалық орталықтың
1996-2001 жылдардағы "Заңдар" құқықтық ақпарат ресми анықтама жүйесiмен кеңiнен танысуға болады.
Министрлер Кабинетiнiң N 732 қаулысының ережелерi мен Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету ережелерiн және Конституцияның 18-бабы 2-тармағында көзделген телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң құпиялылығы сақталуына байланысты адам және азамат құқығына қысым жасау бөлiгiн конституциялық емес деп тануға негiз жоқ. Жергiлiктi телефон байланысы қызметiнiң көлемi мен сапасын есептеудiң бiр жүйесiнен тиiсiнше ұйымдық, технологиялық және нормативтiк тұрғыдан қамтамасыз етiлетiн басқа жүйесiне көшу әркiмнiң телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң құпиялылығы сақталуының конституциялық құқығына ықпал жасамайды, ал телефон байланысының қызмет көрсетуiнiң бұрынғы жүйесi жағдайында мұндай кепiлдiктер болмаған немесе олар бұзылған ретте осы құқыққа қысым жасалу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды, бұл абоненттердiң жеке сөйлескен сөздерi мағынасының құпиялылығына құқығын бiлдiредi.
Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету ережелерiнiң 2.5-тармағында "телефонмен сөйлескен сөздердi тыңдауға, олар туралы мағлұматтар алуға тек Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен негiздерде ғана жол берiледi. Операторлар телефонмен сөйлескен сөздердiң құпиялылығын сақтауға мiндеттi" деп белгiленген.
Бұл Ережелер абоненттердiң мүддесiн қорғауды көздейдi, оларға тұрмысқа қажеттi қызметтермен телефон арқылы тегiн байланыс жасауға құқық бередi, жергiлiктi телефонмен сөйлесулердiң құнын уақыт бойынша есепке алу енгiзiлген кезде абоненттiң бiрiншi талабы бойынша олар туралы бағыт сiлтеушi мағлұматтар беруге операторды мiндеттейдi. Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету ережелерi тұрғылықты жерiне байланысты ешкiмдi де ешқандай кемсiту болып табылмайды. Ережелердiң 2.1-тармағына сәйкес абоненттердiң мүдделерiн қорғауға қатысты олардың нормалары елдiң тек жекелей алынған аймағы үшiн ғана емес, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындау үшiн мiндеттi.
Жергiлiктi телефон байланысының қызмет көрсетуiн уақыт бойынша есепке алу енгiзiлген кездегi құқық қолдану практикасы мен техникалық жарақтандырудағы кемшiлiктердi қарау Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жатпайды.
Сонымен, Конституциялық Кеңес Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының ұсынымында көрсетiлген жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету құнын уақыт бойынша есептеудi енгiзудi анықтайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiнде Конституцияға сәйкес емес деп тану үшiн формальды-заңдық негiздер жоқ деп бiледi.
Баяндалғандардың негiзiнде, және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 2-тармағын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33, 37, 38, 40 және 41-баптары негiзiнде Конституциялық Кеңес




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет