1. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы
7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Республиканың халықаралық шарттарының күшiн жоюы мәселелерi бойынша түсiндiрме берiлген Конституцияның 54-бабы, "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы N 254-III Қазақстан Республикасының Заңымен жаңа редакцияда жазылды.
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2007 жылғы 21 мамырдағы
N 254-III Қазақстан Республикасы Заңының редакциясындағы Конституцияның 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi – Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның iшiнде Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшiн жояды.
Республиканың халықаралық шартына Қазақстан Республикасының Парламентi ратификациялады немесе оның күшiн жойды деген мәртебе беретiн актiнiң нысаны Конституцияның 54-бабының бұрынғы редакциясында көрсетiлмеген болатын. Оның үстiне, Конституцияның 54-бабының құрылымы өзгерiске ұшырады.
Осылайша, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының
1) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысын қайта қарауға
негiз бар.
2. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы
7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысының күшiн жою "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулыларын қайта қарауды қажет етедi.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы
7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 қаулысынан мынадай сөйлемдер: "Конституциялық Кеңестiң
2000 жылғы 26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысында, бұл аталған мәселелердi шешу заңмен реттеу аясына жатады деген түсiндiрме берiлген. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" заң күшi бар 1995 жылғы 12 желтоқсандағы қолданылып жүрген Жарлығына сiлтеме жасалады" алынып тасталуға тиiс (қаулының дәлелдеу бөлiгiнiң тоғызыншы абзацының екiншi және үшiншi сөйлемдерi).
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының
7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi қаулысының дәлелдеу бөлiгiнiң 1-тармағының бiрiншi абзацынан Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2000 жылғы
26 желтоқсандағы N 22/2 қаулысына сiлтеменi алып тастау керек.
Бұл көрсетiлген қаулылардың редакциялары өзгертiлгенде олардың iшкi қисыны сақталады, Конституциялық Кеңестiң құқықтық позициялары бұрынғыша қалады.
3. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы
7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы
26 желтоқсандағы N 22/2, "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы N 2 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi қаулыларының қайта қаралуы Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ Конституциялық Кеңестiң осы аталған қаулыларымен байланысты өзге де құқықтық актiлердiң заңдық күшi жойылатынын бiлдiрмейдi.
Жазылғанның негiзiнде, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
N 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 3-тармағын, 31-33 және
41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi