Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет255/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiне Республика Жоғарғы Сотының "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468а-XII Қазақстан Республикасы заңының 13-бабын конституциялық емес деп тану туралы ұсынымы келiп түстi.


Ұсынымнан белгiлi болғаны, Жоғарғы Соттың қарауында азамат С.Н. Серғазиевтiң Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 желтоқсандағы N 1057 «Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысын заңға қайшы деп тану туралы Республика Үкiметiне қойған талап-арызы жатыр.
Талап-арызды қарау барысында Жоғарғы Сот, iс бойынша қолданылуға тиiстi "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" заңның
13-бабы (бұдан әрi – Заң) Конституцияның 14-бабында баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi, себебi әлеуметтiк жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiлуiн экологиялық қасiрет аймағында тұру фактiсiмен байланыстырады деген ұйғарымға келген. Әлеуметтiк жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiлуiнiң мұндай тәртiбi, Жоғарғы Соттың пiкiрiнше, бұл аймақтан көшiп кеткен, бiрақ зардап шеккен деген мәртебесi бар азаматтарды тұрғылықты жерiне байланысты кемсiтушiлiк болып табылады.
Заңның 13-бабының конституциялылығы туралы мәселенi қарау кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.
1. Қазақстан Республикасы, өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенiн орнықтыра отырып (Конституцияның
1-бабының 1-тармағы), сол немесе өзге бiр себептер бойынша кiмдi де болмасын кемсiтуге тыйым белгiледi және оны конституциялық кепiлдiктер деңгейiне жеткiздi. Атап айтқанда, негiзгi заңның
14-бабының 2-тармағы: "тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды", – деп баянды етедi.
Тұрғылықты жерiне байланысты кемсiтуге тыйым салу, Конституцияның осы аталған бабының заң мен сот алдында жұрттың бәрiнiң теңдiгiн бекiтетiн 1-тармағының нормасымен тығыз байланысты. Бұл, тұрғылықты жерiне қарамастан заң актiлерiнде белгiленген бiр негiздер бойынша субъектiлердiң құқықтары бiрдей және бiрдей мiндеттердi орындауға тиiстi екендiгiн, сондай-ақ осы құқықтары мемлекет тарапынан бiрдей қорғалатынын және заң мен сот алдында бiрдей жауапты болатынын бiлдiредi. (Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы 9 шiлдедегi N 11/2 қаулысы).
2. Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы 12 наурыздағы
N 3/2 қаулысына сай құқықтардың немесе бостандықтардың нақты бiр түрiнiң конституциялық құқық деңгейiне жеткiзiлуi және Конституцияда оның кепiлдiлiгiнiң жариялануы мемлекеттiң осы құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыруды қамсыздандыруды өз мiндетiне алуын көздейдi. Демек, Негiзгi Заңның 1, 12, 28, 29 және 31-баптарынан келiп туындайтын денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеу құқығын тану және қамтамасыз ету мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Сондықтан экологиялық қасiрет аймағында тұру және осындай аймаққа келiп қалған азаматтардың денсаулығына зиян келтiру фактiлерi мемлекет пен азамат арасында конституциялық-құқықтық зиян немесе зиян келтiрiлу қаупi үшiн әлеуметтiк өтемдер мен жеңiлдiктерге кепiлдiк берiледi. Бұл ретте заң шығарушы олардың нақты түрлерi мен алу шарттарын, сондай-ақ әлеуметтiк-ақталған өлшемдер бойынша азаматтардың құқықтарын саралауға хақылы.
Қаралып отырған Заң мынадай өлшемдер бойынша саралай отырып, азаматтарға әлеуметтiк өтемдер мен жеңiлдiктер берiлуiнiң шарттарын айқындайды: тұрған аймағы; тұруының уақыты мен мерзiмi; жасы; денсаулығын жоғалтуы. Бұл ретте тұрған жерiнiң жағдайы мен денсаулығын жоғалтуы өз бетiнше өлшемдер болып табылады және жекелей алғанда да, жиынтығында да ескерiлуi мүмкiн. Қоршаған ортаның зиянды факторларының адамға әсер етуiнiң және оның салдарының әртүрлi сипатына байланысты мұндай көзқарас негiздi болып көрiнедi.
3. Экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккендер деп заң осы аймақта тұрып жатқан немесе бұрын тұрған азаматтарды таниды (6-8-баптар). Сонымен бiрге, заңның 13-бабында көзделген өтемдер мен жеңiлдiктер, азаматтар зардап шеккен деген мәртебе бар-жоғына қарамастан, экологиялық қасiрет аймағында тұрып жатқан бүкiл халық үшiн әлеуметтiк қолдау болып табылады. Заң шығарушы бұл жағдайда адамға өзi тұрып жатқан ортаның зиянды әсер етуiн ескередi. Алайда бұдан, заңның 6-8-баптарына сәйкес экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккендер деп танылған және осы аумақтан тыс жерлерге көшiп кеткен адамдар кемсiтiлiп отыр деген келiп шықпайды.
Экологиялық апат және экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккендерге қатысты заңның 15 және 16-баптарында бiрқатар өтемдер мен жеңiлдiктер белгiленген. Одан тыс, заңның 17-бабында экологиялық апат аймағынан көшiп кеткендер үшiн арнаулы өтемдер мен жеңiлдiктер көзделген. Экологиялық қасiрет аймағынан кеткен адамдар үшiн заңның аталған баптарында белгiленген өтемдер мен жеңiлдiктердiң көлемi, осы аумақта тұрып жатқан азаматтарға берiлетiнмен салыстырғанда аз болып табылады, өйткенi заң шығарушы оларға көшiп кеткеннен кейiн өмiр сүру ортасының зиянды әсер етпейтiнiн назарға алады.
Осылайша, экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарында тұрып жатқан азаматтардың мүдделерi заңның 13, 15 және 16-баптарымен , ал зардап шеккендер мәртебесiне ие және осы аймақтардан көшiп кеткен азаматтардың мүдделерi – 15, 16 және 17-баптарымен қорғалады. Сол арқылы заң әлеуметтiк өтемдер мен жеңiлдiктердi экологиялық қасiрет аймағының адамға әсер етуiне қарай саралайды, бұл әбден орынды болып табылады.
Экологиялық қасiрет аймағында тұрып жатқан адамдар мен одан көшiп кеткен адамдарды әлеуметтiк қорғаудың әртүрлi деңгейi бұл соңғыларын тұрғылықты жерiне байланысты кемсiтуге әкеп соқпайды, өйткенi халықтың бұл көрсетiлген санаттарын қорғаудағы әлеуметтiк-шарттастырылған көзқарас олардың конституциялық құқықтарын шектемейдi (кемiтпейдi). Географиялық мағынасындағы тұрғылықты жерi емес, қолайсыз өмiр сүру ортасының адам денсаулығына әсерi бұл көрсетiлген айырмашылықтың негiзi болып табылады. Бұл орайда Конституциялық Кеңестiң әлеуметтiк-негiзделген өлшемдерге қарай отырып өтемдер мен жеңiлдiктердi саралауды кемсiтушiлiк деп есептеуге болмайды деп пайымдайды.
4. Сонымен бiрге, қаралып отырған заң мемлекеттiң әлеуметтiк функцияларын жүзеге асыруына байланысты бiрқатар сұрақтарды туындатады. Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы
21 желтоқсандағы N 18/2 қаулысында , Конституцияның 1-бабы
1-тармағының нормасы "Қазақстан Республикасы өзiн... әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады..." деген бөлiгiнде Қазақстанның өз шынайы мүмкiндiктерiне сәйкес әлеуметтiк мемлекет мiндетiн орындауға ұмтылады дегендi бiлдiредi, деп атап көрсетiлген. Конституциялық Кеңестiң пiкiрiнше, қаралып отырған жағдайда бұл экологиялық апат салдарынан зардап шеккен барлық азаматтардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiң өз мүмкiншiлiктерiн толық пайдалануы қажеттiлiгiн шарт етiп қояды.
Соңғы кездерi қабылданған жалпы әлеуметтiк заңнамалық актiлер заңның ережелерiне жеткiлiктi түрде сәйкес келмейдi. Атап айтқанда, "мүгедектер" және "экологиялық қасiретпен себептi байланысы бар аурудан денсаулығын жоғалтқан азаматтар" деген ұғымдардың ара-жiгi анық етiп ажыратылмаған. Ол құқық қолдануда қиыншылық туғызады және экологиялық қасiрет аймағынан көшiп кеткендердiң, зардап шеккендердiң әлеуметтiк мүдделерiн тиiстi шамада қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi, бұл мемлекетке әлеуметтiк функцияларын тиiмдi түрде iске асыруына кедергi келтiредi.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-тармағының
1) тармақшасын, 31-33, 37, 40 және 41-бабы 1-тармағының
2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет