Ќазаќстан Республикасы Конституциясыныѕ 52-бабыныѕ



бет159/332
Дата06.02.2022
өлшемі7,99 Mb.
#39349
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   332
АНЫҚТАДЫ:

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 11 қыркүйекте Республика Премьер-Министрiнiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi.


Бұл өтiнiште, 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 3-тармағында Қазақстан бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы белгiленген деп атап көрсетiледi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығының 11-бабында бекiтуге жататын халықаралық шарттар белгiленген.
Осыған орай, өтiнiште атап көрсетiлгенiндей, Қазақстан Республикасы бұдан алдын жасасқан, Қазақстан заңдарында көзделгендегiден өзгеше ережелердi белгiлейтiн бiрқатар халықаралық шарттар 1995 жылғы Республика Конституциясының және жоғарыда аталған Президент Жарлығының нормаларына қарама-қайшы келген. Өтiнiш субъектiсi, "Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанға дейiн жасасып, бекiтiлмеген және олардың күшiне енуiнiң шарты ретiнде бекiту көзделмеген, халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы заңдарынан басымдығы бола ма ?" - деген сұраққа жауап берудi сұрайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының
3-тармағын түсiндiру кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.
Конституцияның 4-бабы 3-тармағында "Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару, талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады" деп белгiленген. Бұл, Қазақстан Республикасы, өзi жасасқан халықаралық шарттардың Республика Парламентi тиiстi заң қабылдау жолымен бекiткендерiнiң ғана ұлттық заңдардан басым заңи күшi болуына келiсiм бiлдiредi деген сөз.
Конституцияның бұл келтiрiлген нормасының мағынасынан, Қазақстан бекiткен халықаралық шарттардың ғана Республика заңдарынан басым болатындығы келiп шығады. Республика заңдарынан басымдығы болатын мұндай халықаралық шарттардың тiкелей қолданылуы, олар қолданылып жүрген заң нормаларының күшiн жояды дегендi бiлдiрмейдi. Бекiтiлген халықаралық шарттардың заңдардан басымдығы және Республиканың аумағында тiкелей қолданылуы дегенде, мұндай шарттар нормаларының заң нормаларына қайшы келетiн реттерде басымдығы көзде тұтылады. Басқаша айтқанда, бекiтiлген халықаралық шарттардың күшiне тура келетiн жағдайлар туындағанда, және сол шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлмесе, мұндай басымдық болуы мүмкiн.
Бекiтiлмеген халықаралық шарттардың Республика заңдарынан мұндай басымдығы жоқ. Қазақстан 1995 жылғы Конституция қабылданғаннан кейiн жасасқан, бекiтуге жатпайтын барлық халықаралық шарттар, Республика заңдарына қайшы келмейтiндей шамада орындалуға тиiс. Араларында қайшылық болған жағдайда, шарттасу тараптары Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi туралы" заң күшi бар Жарлығына, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларына сәйкес, келiсу рәсiмi арқылы оларды шеше алады.
3. Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейiн жасасқан кейбiр халықаралық шарттардың, 1993 жылғы Конституцияда басымдығы көзделген келiсiмдер санаттарының қатарына жатқандықтан, заңдардан басымдығы болатын. Мәселен, 1993 жылғы Республика Конституциясының
3-бабында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы Қазақстан Республикасы таныған халықаралық-құқықтық актiлердiң оның заңдарынан басым болуына жол берiлетiн. Бұл актiлердiң, Қазақстан оларды танып отырғандықтан, Республиканың 1995 жылғы Конституция қабылданғаннан кейiн бекiтiлген халықаралық шарттарымен тең заңи күшi бар.
Одан тыс, Республиканың жекелеген заңдарында халықаралық шарттардың бұл заң нормаларынан басымдығы көзделедi. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiмнiң) 3-бабы
8-тармағында: "Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, аталған шарттың ережелерi қолданылады..." - деп белгiленген.
Дәл осындай нормалар, 1995 жылғы Конституция күшiне енгенге дейiн қабылданған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (1-баптың 3-тармағы), "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (6-бап) Қазақстан Республикасының Заңдарында баянды етiлген. Бұл нормалар
1993 жылғы Конституцияға қайшы келмейтiн. Олар 1995 жылғы Конституция қабылданғаннан кейiн де күшiнде қала бередi, өйткенi бұл заң актiлерiнiң күшiн Қазақстан Республикасының Парламентi жойған жоқ және 1995 жылғы Конституция күшiне енгеннен кейiн де олар күшiнде қалып келедi.
1993 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасы халықаралық шарттардың құқығы туралы 1969 жылғы Вена Конвенциясына қосылды, оның, 4-бапта айтылғанындай, "керi күшi болмайды", яғни Конвенция "шарт жасасқан мемлекеттерге қатысты оның күшiне енуiнен соң, мемлекеттер жасасқан шарттарға ғана" қатысты қолданылады. "Расtа sunt servanda" - "қолданылып жүрген әрбiр шарт оның қатысушылары үшiн мiндеттi және адалдықпен орындалуы тиiс" (26-бап) - деген принциптi баянды ете отырып, бұл Конвенция шарттардың орындалу тәртiбiн анықтамайды. Ол мемлекеттердiң төтенше конституциялық және заң шығарушылық құзырына жатады және халықаралық құқықтың жаппай танылған принципi – мемлекеттердiң егемендiк теңдiгiнен келiп шығады.
4. Конституцияның 4-бабы 2-тармағында "Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады" деп белгiленген. Осы баптың 1-тармағына сай, Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық деп, Республиканың Конституция нормаларына сәйкес келетiн халықаралық шарттары және өзге де мiндеттемелерi танылады. Жоғарыда келтiрiлген заң актiлерiнде олардың басымдығы туралы айтылған, Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейiн жасасқан, күшiне енуiнiң шарты ретiнде бекiту көзделмеген халықаралық шарттар күшiнде қалады және тиiстi түрде орындалуға тиiс. Демек, жаңа конституциялық-құқықтық өрiсте, 1995 жылғы Конституция нормаларымен бiр уақытта орын алған, Қазақстанның бұл шарттары және өзге де мiндеттемелерi елдегi қолданылатын құқық жүйесiне кiредi.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 31, 32 және 37-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Конституциясы 4-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру тәртiбiмен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   332




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет