Ішкі сауда саласы 1. Реттелетін саланы немесе қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері
Сауда саласы отандық экономиканың негізгі секторларының бірі болып табылады, онда 2018 жылы шамамен 1,4 миллион адам (2017 жылы – 1,33 миллион) немесе экономикалық белсенді халықтың 15,1%-ы жұмыспен қамтылған.
2018 жылғы қаңтар – желтоқсанда бөлшек сауда айналымы 10 069,7 млрд.теңгені құрады, бұл 2017 жылғы тиісті кезең деңгейінен 6,5% - ға артық (2017 жылы-8 847,1 млрд. теңге).
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық – түлік тауарларының үлесі 33,5%- ті, азық-түлік емес тауарлардың үлесі 66,5%-ті құрайды. Көрсетілген кезеңде азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 1,6 % азайды, азық – түлік емес тауарлар – 11,2% артқан.
2018 жылдың басынан республиканың көтерме сауда айналымы 22 965,9 млрд.теңгені құрады немесе 2017 жылғы тиісті кезеңнен 8,2%-ға артық - 19 911,5 млрд.теңге.
2019 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Заң) қол қойды. Қазіргі кезде осы Заң жобасын іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілер әзірленуде.
Электрондық сауданы дамыту үшін:
- декларация ретінде пошта құжаттарын пайдалану жолымен кедендік декларациялауды оңайлатуға;
- электрондық коммерция ұғымын енгізу және электрондық сауда субъектілерінің нақты аражігін ажыратуға;
- көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ашық және тиімді жүйесін енгізуге бағытталған түзетулер топтамасы көзделген.
Жаңа Салық кодексінің шеңберінде электрондық сауданы жүзеге асыратын шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық мөлшерлемелері 2023 жылға дейін 100% - ға (КТС және ЖТС) төмендетілді.
2018 жылдың басынан 2019 жылдың наурызына дейін 480 жаңа электрондық сауда субъектісі тіркелді.
2018 жылдың 12 айында электрондық сауда нарығының көлемі 269 млрд. теңгені құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2017 жылға 174 млрд теңге) 2 есе артық. Нарықта шамамен 1700 интернет-дүкен жұмыс істейді,ал сатып алушылар саны 2,3 млн. адамға дейін артқан (2017 жылдың соңында – 1,35 млн. адам).
Сондай-ақ Заң шеңберінде тауар биржаларын жетілдіру бойынша да нормалар көзделген.
Нарықтық баға ұғымы енгізілді, яғни таза бәсекелестік және бизнес субъектілерінің биржалық саудаға еркін қол жеткізуі есебінен қалыптасқан бағалар.
Биржаның барлық қатысушыларының тең құқылы бәсекелестігін қамтамасыз етпейтін классикалық аукцион режимі алынып тасталды.
Брокерлер мен дилерлерді лицензиялаудың тиімсіз институты алынып тасталды. Бұл ретте, биржаларда аккредиттеу институтын сақтау және кәсіби өзін-өзі реттеуді енгізу есебінен бизнес-қоғамдастықтың өзінің жауапкершілігі күшейтілді.
Заңда агроөнеркәсіптік сектордағы сауда мәселелеріне көп көңіл бөлінген:
- тұрақтандыру қорларының қызметі үшін үлкен икемділік енгізілді (ӘКК-нің сатып алынатын тауардың уақыты мен санын дербес айқындау, сондай-ақ оны кейіннен өткізу жөніндегі өкілеттіктер кеңейтілді).
-ірі сауда желілерін олар үшін өзіндік құны бойынша әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларын (бұдан әрі-ӘМАТ) сатудың қарсы міндеттемелерін белгілей отырып қаржыландыру мүмкіндігі енгізілді.
- ӘМАТ сатуға сыйақы белгілеуге және қалған азық-түлік тауарлары үшін 5% - дан аспайтын мөлшерде белгілеуге тыйым салынды.
- жергілікті атқарушы органдарға көшпелі сауда орындарын, бағыттарын анықтау және бекіту құзыреті берілген.
2. Негізгі мәселелерді талдау
3. Тәуекелдерді басқару
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы
Тәуекелдерді басқару қызметі
Көлеңкелі экономиканың жоғары үлесі есебінен сауда секторының инвестициялық тартымдылығының төмендеуі
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру және:
сауда саласының өркениетті форматқа көшіруі;
- электрондық коммерцияны дамыту;
- қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу;
- кәсіпкерлік субъектілерінің онлайн БКМ-ні кеңінен қолдану;
- тауар таңбалау және қадағалауды енгізу институтын енгізу бойынша тиімді шаралар қабылдау