2.2.1.2. Аграрлық-өнеркәсіптік кешен
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, сондай-ақ өзге де басым мемлекеттік және стратегиялық бағдарламаларға сәйкес жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2013 жылы 7227,0 млн. теңге сомасына шығарылды (көлем 2012 жылы – 7174,0 млн. теңге, құрады, 2011 жылы – 7011,4 млн. теңге). Жалпы өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 2013 жылы 96,6% (2012 жыл – 95,9%, 2011 жылы – 119,5%).
Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексінің азаюы өсімдік шаруашалығындағы НКИ-нің азаюымен түсіндіріледі.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2014 жылдың қаңтар-қазанында 6759,5 млн. теңгені, нақты көлем индексі – 2013 жылдың тиісті кезеңіне 100,9% құрады. 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басының 13,9%-ға өсуі байқалады. Қой мен ешкі басы – 19,9%-ға, жылқы басы – 5,1%-ға, түйе басы – 2,4%-ға төмендеді.
Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімінің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2013 жылы 84,0% (6006,5 млн. теңге), мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 100,3% құрады. Мал шаруашылығы жалпы өнімінің деңгейі 2011-2013 жылдардың ішінде тұрақты күйінде қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |