Денсаулық сақтауға арналған шығыстар Тұтастай алғанда, 2011-2013 жылдарда облыстың денсаулық сақтауының бюджеті өсу беталысына ие: шығыстар 2011 жылы – 9549,7 млн. теңгені; 2012 жылы – 11528 млн. теңгені; 2013 жылы – 12726,3 млн. теңгені, 2014 жылы – 15828,4 млн. теңгені құрады.
Халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында, «350 дәрігерлік амбулатория фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана» бағдарламасы бойынша ауысымына 250 келушіге арналған 2 емхана, 13 дәрігерлік амбулатория (бұдан әрі – ДА) және жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен 1 ДА салынды. Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогы мен Жаңаөзен қаласындағы 100 төсек-орындық перзентхана 2014 жылы пайдалануға берілді.
Облыстың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасы 2011 жылы – 1153 млн. теңге, 2012 жылы – 599,9 млн. теңге, 2013 жылы – 940,6 млн. теңге, 2014 жылы – 228,1 млн. теңге сомасына нығайтылды.
Облыстың барлық амбулаторлық-емханалық ұйымдары 2011 жылы қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін айқындайтын жедел талдауыштармен, жүрек пен қан тамырларының раталогиясын диагностикалауға арналған УДЗ аппараттарымен, тредмил жүйелермен, Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы компьютерлік томографпен жарақталды. №2 Ақтау қалалық емханасы үшін 2011 жылы ретиналды томограф, 2012 жылы маммограф сатып алынды.
Кардиологиялық қызметті дамыту мақсатында, 2012 жылы ангиограф, 2013 жылы Маңғыстау облыстық ауруханасы үшін жасанды қан айналдыру аппараты мен өзге де құрал-жабдықтар сатып алынды.
Облыстың медициналық жедел жәрдем қызметі мен Маңғыстау облыстық ауруханасының санитарлық авиация бөлімшесі және Облыстық перинаталды орталық 2013 жылы 22 реаномобильмен және 15 санитарлық автокөлікпен жарақталды.
Жаңаөзен қалалық балалар емханасы үшін 2014 жылы Симуляциялық орталық ашуға рентген кешенінің жабдығы сатып алынды. Жас мамандарды тарту мақсатымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау облыстық ауруханасының шақырылған мамандарына 6 пәтер, Облыстық онкологиялық диспансердің шақырылған мамандарына 2 пәтер сатып алынды.
№1 Ақтау қалалық емханасы мен Жаңаөзен қалалық балалар емханасында сурдологиялық кабинеттер ашылды. Облыстық балалар ауруханасы үшін компютерлік томограф сатып алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |