Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм исламдағЫ Әйелдің жағдайы және қҰҚЫҚтары



бет15/16
Дата24.09.2023
өлшемі262,96 Kb.
#182221
түріАнықтамалық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істер-emirsaba.org

ҚОРЫТЫНДЫ 
Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде, қоғамдық өркениеттерде әйелдің
тағдыры әралуан болғаны белгілі.
Исламға дейінгі кезеңде араб қоғамында әйелдің құқығы аяққа
тапталды. Қыз балаларды тірідей жерге көметін арабтар өлтіруге
қимағандары қыздарын ұл балдарша киіндіріп, жұрттан жасырып ұстаған.
Исламнан бұрынғы арабтардың азғынданғаны соншалықты, тіпті олар өгей
шешелеріне дейін үйлене беретін болған.
Ал, ислам дінінің келуімен әйелге деген зорлық атаулы күшін жойып,
әйелдер ерекше жоғары мәртебеге қол жеткізді. Исламның әйелге бұлай
ерекше жоғары мәртебе беруі, исламның ілгерішіл маңызға ие дін екендігін
айғақтайды. Исламның келуімен ескі тағылық, тұрпайы іс-әрекеттердің
бәріне тыйым салынып, жеңіл жүріс пен көңіл көтеру, зина секілді
азғынданудан ада, пәк, белгілі бір тәртіпке бағынған абыройлы отбасылар
пайда болды.
Ислам діні әйелдің қоғамдағы орнын биіктетіп, әйелдің құқықтарына
құрметпен қарап, оны ана ретінде жоғары бағалауға айрықша көңіл бөлді.
Әйелдің абзал жаратылыс екенін түсіндіріп, оған ерекше баға берді. Әйелге
Алланың аманаты ретінде қарауға шақырып, оның ешқандай құқығы
шектемеді. Қайта өз жаратылысына сай сүйікті жар, аяулы ана ретінде қашан
да оның орнын жоғары бағалаған. Қоғамның тәрбиесін қыз баланың
тәрбиесімен ұштастыра қарастырған. Әйел затының қоғамның барлық
саласындағы орнын айқындап, жат пиғылдылардың бұзық әрекеттерінен
қорғауға тырысқан. Осындай құрметке лайық бола білу үшін әйелден де
белгілі бір міндеттерді талап етті.
Қай кезеңде болмасын әйел адамның алдында тұрған ең маңызды
жауапкершілік

адамзат ұрпағын жалғастырып, оған дұрыс тәрбие беру. Ұлт
бесігінің шырақшысы болған әйел-аналардың, ұлт болашағын жалғастырар
қыздардың қоғамның рухани жаңғыруына қосар үлесі зор. Өйткені, олар

ұлтқа тән ерекшеліктерімізді, қадір-қасиетімізді, тіліміз бен дінімізді, салт-
дәстүрімізді,
мәдениетіміз
бен
тарихымызды
ұрпақтан-ұрпаққа
жалғастырушылар.
Қазақстан Республикасы өз алдына дербес мемлекет ретінде орныққан
соң бұқара халық саяси-экономикалық, әлеуметтік үдерістермен қатар,
моральдық және психологиялық өзгерістерді де бастан өткерді. Кеңес
идеологиясы салдарынан ұмытыла бастаған рухани құндылықтарға деген
сұраныс арта түсті.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап зайырлы мемлекет құра отырып,
дәстүрлі құндылықтрды дамыту қолға алынды. Біздің басты мақсатымыз
дәстүрліқұндылықтарды, салт-дәстүрімізді шынайы дәріптеумен қатар жас
ұрпақты имандылыққа және салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып
табылады. Осы орайда жастардың діни сауаттылығын қалыптастырып, теріс
ағымдардың шырмауында кетпеуіне әйел аналардың қосар үлесі мол.



51
Соңғы жылдары әйел адамдардың қоғамдық өмірдегі, саясаттағы,


бизнестегі және т.с.с. орны мен рөлі артуда.
Мемлекетіміздің ірге тасының нығаюына, экономиканың тұрақтылығы
мен демографиялық мәселелердің шешім табуына, ұлттық идеологияны
дамытуда да әйел адамдардың орны ерекше. Отанымыздың өркендеуі
жолында халқымыздың жоғын жоқтап, ар-намысын қорғайтын ертеңгі
ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мәселесі.
Қазақ
әйелдерінің
қазақи
болмысын
сақтап
қалу
ертеңгі
ұрпақтарымыздың жарқын болашағының кепілі болмақ.



52



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет