19
I БӨ
ЛІМ
ОҚыЛыМ
1. Ұлы адамдардың ұлы пікірлерін оқыңыз. Есте сақтаңыз
!
2. Сұрақтарға жауап беріңіз. Өзара сұхбат құрыңыздар.
Ұлылардың пікірлерімен келісесіз бе?
Досты қандай жағдайда кешіруге болады?
Қандай жағдайда ең жақын досты да кешіруге болмайды деп ойлайсыз?
3. Оқыңыз.
Өмірдің маңызы
Бірде ұстаз сабақ үстінде шыны құтыны алып, оны ірілеу тастармен
толтырады. Сосын студенттерге қарап: «Құты толды ма?» – деп сұрайды.
Студенттер: «Иә!» – деп жауап береді. Сонда ғалым құтының үстіне ұсақтау
тастарды салып, ірі тастардың арасын майда тастармен толтырады да, тағы
да студенттерден: «Құты толды ма?» – деп сұрайды. Студенттер құтының
толғанын айтады. Құтыны құммен толтырғанда, ірілеу және ұсақтау
тастардың арасындағы барлық қуыстары түгелдей толады.
Ұстаз студенттерге қарап: «Міне, құты енді толды. Мұнда бос орын
жоқ. Мен осы құтының сіздердің өмірлеріңізге ұқсас екенін түсінсеңіздер
деймін. Ірілеу тастар өмірлеріңіздегі ең маңыздысы: отбасы, достарыңыз,
денсаулығыңыз, балаларыңыз. Одан кейін салынған ұсақтау тастар
өмірдегі жанама саналатын жұмыс, үй, автокөлік және тағы басқа заттар.
Ал құм өзіміз айтатын «өмірдің ұсақ-түйектері».
Егер сіздер, алдымен, құтыны құммен толтырсаңыздар, онда ірілеу және ұсақтау тастарға
орын қалмас еді. Өмірде де солай. Егер сіз барлық күш-қуатыңызды ұсақ түйектерге жұмсасаңыз,
онда ешқашан маңызды заттарға уақыт таба алмайсыз, олар үшін орын қалмайды. Сондықтан
өз бақытыңыз үшін маңызды болып саналатын нәрсеге назар аударыңыз. Шын мәнінде бағалы
болып табылатын нәрселерге қамқор болыңыздар. Әрі өмірдегі қалған нәрселердің барлығы
құм екенін ұмытпаңыздар.
Қиын күнде қол ұшын берген – нағыз дос,
Жайшылықта доспын деген – жай сөз.
Достарыңызбен бөлісу: