Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет198/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

Xi
 БӨ
ЛІМ
артыҚ БОЛМас БІЛГенІң
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы
Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың білім 
алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтейді.
Әлеуметтік көмек көрсетілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының 
санатына:
1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, 
мүгедек балалар;
3) көпбалалы отбасылардың балалары;
4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар;
5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы 
интернаттарда тұратын балалар;
6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру 
ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-
ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы 
орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан 
шыққан балалар;
9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім 
беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, 
сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда 
оқитын балалар;
10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы 
азаматтар жатады.
Адамның адамшылығы – ақыл, 
ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы 
құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Адам баласы адам баласынан ақыл, 
ғылым, ар, мінез деген нәрселермен 
озады.
Абай.
«Халықтың кемеліне келіп, 
өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, 
азаттық пен білім қажет». 
Шоқан Уәлиханов.
тыңдаЛыМ
1. Сұрақтарға жауап беріңіз. Өзара талқылаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет