– Мен жеткілікті ақша жинауға тырысамын. Егер ақшаң аз болса, саяхатың да қызықсыз болады.
– Сауалнамаға қатысуға келіскендеріңізге көп рақмет.
№12 Аудиофайл Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Қазақ тарихын зерттеуге үлес қосып жүрген Хироки Накаяма
Хироки Накаяма - к
өшпенділер тарихын насихаттап жүрген жапон жігіті.
Сонау Жапониядан келіп еліміздің тарихын зерттеумен айналысып жүрген Хироки Накаямамен
Қазақстан туралы пікірлесуді жөн көрдік.
– Накаяма мырза, сіздің Қазақстанға келуіңізге не себеп болды?
– Әйелім - Нацуко Ока Қазақстанда зерттеу жұмыстарымен айналысайын деп, содан отбасымызбен
2011 жылы мамыр айында Алматыға келдік. Алматыда желтоқсан айына дейін тұрдық. Қазақ, орыс
тілдерін үйреніп, Есік мұражайы тарапынан жүргізілген қазба жұмыстарына қатыстық.
– Қазақстанды алғаш көргенде қандай әсер алдыңыз?
– Мен Алматыны көрдім. Сосын Астананы да көрейін дедім. Экономикалық, қоғамдық тұрғыдан
қарқынды дамып келе жатқан, заманауи шаһарлар деген ой түйдім. Қазір Қазақстан Орта Азияның ең ірі
мемлекеті екенін отандастарыма айтып жүрмін.
– Қазақстанда сізді таң қалдырған нәрсе болды ма?
– Алматыға келгенде алғаш байқағаным, қала көшелерінде автокөліктер шектен тыс көп екен.
Бастапқыда жолдан өтуге жүрексіндім. Қазір үйренейін дедім. Жапонияда ел тротуардың бойында
велосипедпен жүреді. Велосипедке арналған тұрақтар бар. Қазақстанның ірі қалаларында велосипедті
көбейтіп, жекеменшік автокөліктер азайса, ауа анағұрлым таза болар еді.
– Болашақтағы жоспарларыңыз қандай?
– Жаһандану заманында әлем шекарасыз ортақ кеңістікке көшкен кезде ағылшын тілін, басқа да
шет тілдерін меңгеріп, ең жетік технологияларды меңгеру аса маңызды. Бірақ өз ұлтыңның тарихын,
мәдениетін терең білу де өте маңызды. Болашақта Қазақстан тарихшыларымен бірлесе зерттеу жүргізу
ойымда бар.
– Әңгімеңізге рақмет! Ісіңізге сәттілік тілеймін!
– Сау болыңыз! Сізге де рақмет!