Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет123/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

1. Өз тобыңызға Қазақстанда жасалатын өнімдер, оның ішінде сүт өнімдері туралы 
баяндама жасаңыз.
Баяндамыңызда мына мәселелер қамтылуы тиіс:
А) өндірушінің толық аты-жөні, мекені
В) өнім жарамдылығы қанша күнге жарамды
С) бағасы
Д) дүкендерге жеткізілуі
Е) өзіңіз жеке ерікті ретінде сауалнама жүргізіп, нәтижесін хабарлаңыз
2. Отандық ірімшіктер сөресіне 
жақындап, отандық өнімдермен 
таныстырасыз.
1. Сіз оның жанына барып, 
неге отандық ірімшіктерді 
қарамайтынын сұрайсыз.
Сіз азық-түлік дүкенінде сүт өнімдерін 
алып жатырсыз. Сізден басқа тағы бір 
сатып алушы да ірімшік таңдап алып 
жатыр. Сіз оның тек шетелдік ірімшіктер 
сөресін қарап жатқандарын көрдіңіз.
А) жасалу құрамы
В) жеткізілу жағдайы
С) қашықтық
Д) бағасы 
Сіздің тапсырмаңыз:
3. Отандық өнімдердің шетелдік 
өнімдерден айырмашылығын 
көрсететін нақты дәлелдер 
келтіруіңіз қажет.


150
vii
 БӨ
ЛІМ
2
-
 саБаҚ
оТАНДЫҚ ТАУАР
321 - беттегі сөздермен танысыңыз.
1. Тиісті сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңыз.
1) Мен сізді түсінбедім, 
________
1) 
барсын
2) Менің қолым бос емес, концертке Әсет .. 
2) 
баруға болады
3) Кешіріңіз, Абай көшесіне қалай
________

3) 
осында күте тұрыңыз
4) Марат Асанұлы әлі келген жоқ, 
________
4) 
қайталап жіберіңізші
2. Мағыналас сөздерді сәйкестендіріңіз. 
жұмыс 
әке-шеше
немере
туысқан
ата-ана
қызмет
ағайын
ұлдың ұлы / қызы
3. Берілген мәтінді оқыңыз. 
Пультті қазақ ойлап тапқан
Демалыс күндері ың-шыңсыз, рахаттанып жатып, 
көгілдір экраннан жақсы бір хабар, кино, концерт көргіңіз 
келе ме? Қандай да бір спорттық жарыстардың жанкүйері 
болсаңыз, күндіз-түні теледидар сіздікі деген сөз. Кәдімгі 
теледидардың пультін қолыңызда қайта-қайта ұстап 
жатып, осы затты алғаш кім ойлап тапты екен деп 
ойландыңыз ба?
Пультті алғаш қазақ азаматы Шәкен Ниязбеков ойлап 
тапты дегенге сенесіз бе? Кәдімгі Қазақстан Туының 
авторы – Шәкен ағамыз! Ол өткен ғасырдың 60-жылдары 
Санкт-Петербург сурет академиясында оқып жүргенде, осы 
өнертабысымен жұртты таңғалдырған екен.
1964 жылы Чехословакияда өткен өнертапқыштардың халықаралық байқауында 
ленинградтық студент Ш.Ниязбеков бас жүлдеге ие болады. Кейін бұл өнертабысы Санкт-
Петербургтегі көрмеге қойылады. Бірақ осы дүниесі ізім-қайым жоқ болып кетеді. Көп ұзамай 
ұрлық ашылады. Пультті ұрлаған Жапонияның жансызы ұсталады.
Ұрлық үшін кінәлі болған жапондықтар Шәкен Ниязбековке 20 мың рубль төлейді. Ендеше, 
«пультті қазақ ойлап тапқан деп» мақтанышпен айтуға болады.


151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет