II I Б ӨЛ ІМ 4. Оқыңыз. Кімнің миллионер болғысы келеді?
Ұлыбританияда бұл ойын 1998 жылдың қыркүйек
айында теледидардан бірінші рет көрсетілген. Қазір
әлемнің барлық мемлекетінде жүргізіледі.
Ұлыбританияда заңды түрде бұрын төрт адам осы
ойын жеңімпазы болған. Жеті адам 500 000 фунт стерлинг
ұтып алған. Ал тағы жеті адам құр қол кеткен.
2001 жылдың 10 қыркүйегінде кешке Чарльз Инграм
жолы болған әрі ақылды адамдардың біріне айналған.
Алайда ойын аяқталғаннан кейін ол неге қуанбады? Киім
ауыстыру бөлмесіне келіп, неге әйелімен ұрсысты? Неге ол
ертеңіне жеңісін тойламады? Себебі олар барлық адамды
алдады. Ертең өтірігі әйгілі болады деп қатты қорықты.
19 айдан кейін шындық белгілі болды. Заң орындары оны
ұстап алды. Инграм қатысқан ойында біреудің жиі жөтеліп
отырғаны белгілі болған. Бейнежазбаны қарап отырғандар
осыны байқаған. Жөтелген осы жанұяның досы, колледж
мұғалімі Тиквен Уитток екен. Ол ойын кезінде бағдарлама
жүргізушісі дұрыс жауапты оқыған кезде жөтеліп, белгі
беріп отырған. Инграм «мен ешкімді алдаған жоқпын» дейді.
Алайда бейнежазбаны тексерушілер алдаудың болғаны
анық дейді. Инграм бір рет досы жөтелгеннен кейін өз
жауабын өзгерткен. Уиттоктың дәрігері оның аллергиясы
бар, сондықтан жөтелді дейді. Алайда осы ойынды көрген
15.1 миллион көрермен басқа пікірде.
Чарльз, оның әйелі және досы Уитток алдағандары үшін
40 000 фунт стерлинг айыппұл төледі.
5. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз. Тұңғыш рет
Жеңіп алған
араздасты
Өтірік айтты
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
Үнемі
ұстаз
жолдасы
Жұбайы
_________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________