Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет6/16
Дата25.01.2017
өлшемі3,58 Mb.
#7792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Сурет салу

Біліктерін қалыптастыру:

- қарама-қайшы түстерді үйлестіріп, бейнелерді бере білу, дақтарды парақ бетіне жағу;

- қағаз бетіне тура, көлденеңінен, түзу және толқын тәрізді сызықтар сызу, қалыптан тыс тәсілмен сурет салу.

Балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтарын тудыру.

Бейнелеу өнері әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытуын мадақтау: балалардың жұмысын қарау және талдау, таныс заттар мен кейіпкерлерді табу, кеңістікті бағдарлай біуге үйрету.

Белгілі бір ережелерді орындауға үйрету: түзу отыру, тек қағаз бетіне сурет салу, қағазды жұмарламау, қарындашты тықылдатпау, бояуды ұқыпты қолдану, оған қылқаламның түгін ғана батыру, сабақ аяқталған соң материалдарды жинау.

Саусақпен сурет салу: құмда , қағазға саусақпен салу дағдыларын қалыптастыру.


Жапсыру

Симметриялы оюларды жапсыру мен сурет салуды және кіріктіру дағдыларын қалыптастыру.


Мүсіндеу

Жұмыс дағдыларын қалыптастыру: шыныаяқ, табақты илеп жасауда саз кесегін саусақпен басып, тереңдетуге, заттардың ұқсастықтарын табуға, кесектерді біріктіруге үйрету.Қуыршаққа арналған әшекейлер жасау дағдыларын қалыптастыру: білезік, жүзік, қол сағаттар.

Илеуге арналған материалдарды қолдану ережелерімен (арнайы тақтайша үстінде илеу, қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, үстел үстіне материалды жинау) бекіту.
Күтілетін нәтижелер:

- қағаз бетіне тура, көлденең толқын тәрізді сызықтар сызады;

- ересектің салған суретін толықтырады;

- саусақпен сурет салу дағдыларын игерген;

- мүсіндеудің дағдыларын игерген (тереңдете білу, заттарды безендіру);

- техникалық дағдыларды біледі және қолданады.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Музыка

Музыка тыңдау

Музыка тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру және түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, сабырлы және көңілді әндер мен пьесаларды тыңдау ережесін сақтау.

Домбыра мен сырнайдың, сыбызғы мен дабылдың дыбыстарын ажырату дағдыларын қалыптастыру.

Бірінші жарты жылдықта балалар әнді екі-төрт минут бойы арасында үзіліс жасап тыңдайды. Үзіліссіз орындалатын музыканың ұзақтығы жыл басында 50 секундты құрайды. Жыл бойында 10-12 пьеса, тыңдауға 3-4 ән және музыкамен сүйемелденген 2-3 әңгіме айту ұсынылады.

Әннің мағынасын түсіну, қоңыраудың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты ажырату, түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, музыкалық, қимылдық көрсетусіз жаңа әндерді тыңдау, әсерлерімен алмасу (жақсы ән, онда құс ән салады және т.б.) дағдыларын қалыптастыру.

Ән салу

Ән айтуға қызығушылықтарын, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеп, ән сөздері мен жеке буындарды, аспаптардың шығаратын дыбысына және әннің сазына келтіріп, ересектерге қосылып ән айту, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай, жеке сөздерді айқайламай айтуға тәрбиелеу.



Әнді жеке және топпен айту; әннің сөзін есінде сақтау, дұрыс ырғақты және әуеннің жеке екпінін жеткізіп барлық топпен ән айту, әннің сөзін есінде сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар

Дағдыларды қалыптастыру:

- музыка сипатына сай қимылдау, екі бөлімді пьесадағы қимылдардың, дыбысталу күшінің (қатты – баяу) өзгеруін, оның басталуы мен аяқталуын сезіну ;

- музыкалық сүйемелдеумен биде және ойындарда қол ұстасып, жұптасып, қарапайым би қозғалыстарын орындау;

- шапалақтау, бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу, әнді сахналауда қимылдардың жеке элементтерін қолданып жүру және жүгіру, күрделі емес қимылдар бірізділігін естерінде сақтау;

- сылдырауық, сылдырмақпен бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік-ойын қимылдарын бере отырып, заттармен қимыл жасау, би билеуде шеңбер құру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру, әннің мәтіні бойынша түрлі қимылдар орындау;

- жаттығулар мен билерде сүйемелдейтін музыканың қарама-қарсылығына сәйкес (баяу-қатты, жоғары-төмен) бір қимылдардан басқаларына көшу ;

- мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын беру және оның кейіпкерлері мен қимылдарының музыкалық сипатына сәйкес ойынның бір кезеңінен келесісіне өту.
Күтілетін нәтижелер:

- түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, сабырлы және көңілді әндер мен пьесаларды тыңдайды;

- кейбір музыкалық аспаптарды біледі;

- әннің соңын, кейбір буындарды ересекпен қосылып айтады;

- әнді жеке және топпен айту дағдыларын игереді;

- музыкалық-ырғақтық қимылдарды орындау кезінде қарапайым техниканы игереді, бір қимылдардан басқаларына өте біледі.


II ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Музыка тыңдау

Екінші жарты жылдықта 4-5 минут бойы арасында үзіліс жасап 1-1,5 минут тыңдау, таныс әндерді тану және оларды фортепианолық орындалуына тән ажырату біліктіліктерін қалыптастыру. Музыкалық иллюстрациялармен сүйемелденген әңгімелерді қызығушылықпен тыңдау, әңгімені иллюстрациялаған музыканы есте сақтау және ол қандай кейіпкер туралы айтып отырғанын тану дағдыларын қалыптастыру.

Ән салу

Ән айту технологияларын білуді қалыптастыру: қысылмай, өз дауысымен ән айту, бірге бастап, бірге аяқтау, басталуы мен аяқталуын тыңдау. Әндегі қайталанатын тіркестерді ересектердің дауыс интонациясына салып айту дағдыларын қалыптастыру.



Жыл бойы 10-12 ән ұсынылады.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар

Дағдыларды қалыптастыру:

- халықтық би музыкасымен шығармашылық билеу, қол қимылдарын: «хлоп-хлоп», аяқ қимылдарын: «топ-топ» орындау, кеудені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу, шеңбер бойымен жүру;



- би қимылдарын: кезекпен аяқты ұшымен, өкшемен қою, орнында тұрып, шеңбер бойымен, жеке-жеке топылдатып жүру;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде үйренген әнді айта отырып, сәйкес қимылдарды шығару;

- өз бетінше ойындар мен әрекеттер кезінде ойнаған аспаптардан дыбыстар шығаруға талпыну (ересектердің қатысуымен);

- үйренген әндерін айту және өзін ересектердің қимылдарына еліктеп, қиялдағы аспапта сүйемелдеу;

- түрлі аспаптардағы педагогтың орындауындағы және үнтаспадағы әндер мен пьесаларды тыңдау, таныс әндерді қосылып айту, күрделі емес қойылымдарға, ойындарға қатысу.

Жыл бойында айналып, жұптасып немесе еркін сапқа тұратын 10-ға жуық би ұсынылады. Әнмен немесе музыкалық аспаптармен сүйемелденетін ойындарға балалардың емін-еркін қатысуы.

Жыл бойына 7-ге жуық сипаты бойынша түрлі жаттығулар (атрибуттармен және атрибуттарсыз) ұсынылады.

Күтілетін нәтижелер:
- түрлі сипаттағы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, сабырлы және көңілді әндер мен пьесаларды тыңдайды;

- таныс әндерді тану және оларды фортепианолық орындалуына тән ажыратады;

- әннің не туралы екенін түсінеді;

- музыкалық аспаптарды таниды;

- музыкалық фразаларды әнмен айтады (тәрбиешімен бірге), ырғақты және әуеннің жеке екпінін дұрыс жеткізіп, арлық топпен айту, әннің сөзін есінде сақтайды;

- музыка сипатына сәйкес қозғалу, музыка басталғаннан қимылдарды бастай алады;

- би қимылдарын орындайды: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тапылдату, қолдың білезігін айналдырады;

- мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын бере алады.
Ойын әрекетін ұйымдастыру

Мақсаты: балалардың ойын әрекеттеріне қызығушылығын дамыту, мазмұнды-рөлдік ойындар дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері:

- балалардың тыныш және өз бетінше ойнауын дамыту;

- ойын барысында балалардың сенсорлық қабілеттерін, ересектермен және бір-бірімен тілдік қарым-қатынасты қалыптастыру;

- ойында жолдасына тілектес сезімдерге тәрбиелеу, олармен жағымды қарым-қатынас, бірге ойнау, ойыншықтарды бірге қолдану.

Тәрбиешімен бірлескен ойында балалардың заттар және ойыншықтармен әрекет жасау біліктіліктерін бекіту. Ойын әрекеттерін қалыптастыру, оларды қарапайым мазмұндармен біріктіруге үйрету. Рөлдік ойындарда балалардың мінез-құлық мәдениетінің қарапайым түрлерін қалыптастыру: белгілі рөлге сай әрекет жасауға талпындыру. Баланың жас ерекшелігіне сай келетін ойыншықтар, атрибуттар ұсына отырып, екі-үш бөлімдік ойын әрекеттерін қалыптастыру.

Ойынға ойыншықтар мен атрибуттар таңдап алуға, ойыншықты өзімен бірге ойнайтын серіктесі ретінде қолдануға үйрету. Рөлдік ойынға ауысқанда әрекетті тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге серіктес ойыншығы үшін де бейнелеуге, әңгіме жүргізе білуге үйрету.

Балалардың бастамасы бойынша туындаған ойынды қолдау. Ойында орынбасар-заттар қолдануға, бірлесіп, бірігіп ойнауға (2-3 баладан) ынталандыру.

Ойында балалар қатар отырып қана ойнамай, сонымен бірге басқа балаға кедергі жасамау керектігін түсіну біліктіліктерін қалыптастыру. Балалардың бір-бірімен жағымды эмоционалды қатынасын дамыту.

Қарапайым ертегілерді драмалау ойындарына үйрету. Осы ойындарды қолдау, бастама көтеру, балаға театрландырылған, драмалау ойындарының тәжірибесін өздері ойлап шығаратын ойындарға ауыстыруға көмектесу.

Балалардың белсенділігіне қарай бөлме, жиһаз, үй құрастыратын құрылыс ойындарына қатыстыру. Балаларды ойынның мазмұнын дамыту үшін құрылыс материалдарынан құрылыс салуға ниеттендіру. Балаларға орын алмастырушы - заттар ретінде қолдануға болатын материалдарды пайдалануға беру.

Балаларды кейбір кейіпкерлердің қарапайым бейнелі әрекетін көрсете білуге үйрету.

Балалардың дидактикалық ойыншықтармен ойнауға қызығушылықтарын арттыру. Балалардың зейінін, ойлау қабілетін, толық түрде қабылдауын, қиялын, ұсақ қол моторикасын дамытуға мүмкіндік беретін және заттардың түсін, түрін, көлемін бағдарлауын дамытуға арналған ойындар жүргізу қажет.

Құммен, сумен, қармен ойнауда балалардың осы материалдардың қасиеттері туралы білімдерін бекіту.
Күтілетін нәтижелер:

- екі-үш бөліктен тұратын ойын әрекеттерін орындайды, оларды күрделі емес мазмұнмен біріктіреді;

- рөлдік қылықтардың қарапайым түрлерін көрсете алады;

- әрекетті ойыншықтың бірінен екіншісіне ауыстырып, ойында 2-3 бірізді эпизодты орындайды;

- ойынға ойыншықтар мен атрибуттар таңдап алуды, ойыншықты өзімен бірге ойнайтын серіктесі ретінде қолданады;

- ойында орын алмастырушы – заттарды сызатты қолдануды, бірлескен ойынға қатысуды, өздігінен ойнау үшін (2-3 баладан) біріге алады;

- ойында тек балалардың жанында емес, сонымен қатар басқа балалармен бірге ойнап, құрдастарына мейірімді бола алады;

- ойыншықтармен сахналау және ойындарға белсенді қатысады;

- ойынның мазмұнын дамыту үшін құрылыс материалдарынан құрылыс сала алады;

- тәрбиешімен бірге қарапайым мазмұнды, күрделі емес қимылды ойындарды ойнайды;

- кейбір кейіпкерлердің бейнелі әрекетін бере алады;

- дидактикалық ойыншықтармен ойнауға қызығушылықтарын көрсетеді.


Еңбек әрекетін ұйымдастыру

Мақсаты: балаларды өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағыларын және еңбекке қызығушылығын қалыптастыру.

Міндеттері:

- ересектердің тапсырмаларын орындауға белсенділікті, қызығушылықты және ынтасын қалыптастыру;

- қиындықты жеңе білу қабілетін дамыту, дербестікке тәрбиелеу;

- ересектердің еңбек әрекеттеріне қызығушылыққа, оларға көмектесуге тәрбиелеу.

Балаларды киінуге, шешінуге, ересектердің көмегімен киімін, аяқ киімін шешуге , түймесін ағыту, бәтеңкесінің бауын шешуге, шешкен киімдерін бүктеуге, киімі мен аяқ киімін дұрыс киюге үйрету.

Киімдеріндегі олқылықтарды байқауға, ересектердің көмегімен өзін тәртіпке келтіре білуге тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттану сезімдерін дамыту.

Балаларды қарапайым шаруашылық-тұрмыстық еңбекке баулу. Алдымен тәрбиешінің көмегімен, кейін бақылаумен үстелге орындықтарды қою, үстел үстіне қасықтарды, нанға арналған ыдысты, сулыққа арналған ыдысты қою; ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті қарындаштар, тақта, шүберектерді қою, ойыннан соң ойыншықтарды, суреттерді, кітаптарды жинастыру, құстар мен балықтарға жем шашу, өсімдіктерді суару.

Тәрбиешімен бірге учаскеге ойыншықтарды шығару, учаскені жинастыруға қатысу, қардан құрылыс жасау.

Балаларды тапсырманы орындаудың басы мен соңғы нәтижесінің арасында байланыс орнатуды үйрету.

Зат құралдарымен таныстыру, құралдармен таныстыру, баламен іскерлік ынтымақтастық үдерісінде құралдармен орындалатын қарапайым әрекеттерді қалыптастыру.


Күтілетін нәтижелер:

- ересектердің азғана көмегімен киімін, аяқ киімін шеше алады;

- белгілі бір тәртіпте шешкен киімдерін бүктеп, киімі мен аяқ киімін дұрыс киеді;

- киімдеріндегі олқылықтарды байқауды, ересектердің көмегімен өзін тәртіпке келтіреді;

- орындықтарды үстелге қарай орналастырып қояды;

- үстел үстіне қасықтарды қояды;

- нанға арналған ыдысты, сулыққа арналған ыдысты қояды;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті қарындаштар, тақта қояды;

- ойыннан кейін ойыншықтарды, суреттерді, кітаптарды жинастырады;

- құстар мен балықтарға жем шашады;

- өсімдіктерді суарады;

- тәрбиешімен бірге алаңға ойыншықтарды шығарады, алаңды жинастыруға қатысу, қардан құрылыс тұрғызады;

- тапсырманы орындаудың басы мен соңындағы нәтиже арасында байланыс орнатады.
4. Күн тәртібінің үлгісі

Режим элементтері

Мерзімі (сағ, мин)

Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар, өз бетінше әрекет, жеке жұмыс, таңертеңгі гимнастика

8.00-8.30

Гигиеналық шаралар. Таңғы ас

8.30-9.00

Шағын топтар бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері

9.00-9.30

Серуенге дайындық. Серуен

9.30-11.30

Серуеннен оралу. Гигиеналық шаралар. Түскі ас

11.30-12.30

Ұйқы

12.30-15.00

Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу, сауықтыру және гигиеналық шаралар

15.00-15.30

Бесін ас

15.30-16.00

Шағын топтар бойынша ойын-сабақтар

16.00-16.30

Ересектің басшылығымен оқу-танымдық іс-әрекет, ойындар, серуен

16.30-17.40

Балалардың үйге қайтуы

17.40-18.00


5. Ата-аналармен жұмыс

2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық отбасының тәрбиелеу әлеуетін тиімді қолдану негізінде құрылады.



Міндеттері:

- балаларды жан-жақты үйлесімді дамыту, денсаулығын сақтау және нығайтумен байланысты міндеттерді шешуге балабақшаның педагогикалық ұжымы мен отбасының күшін біріктіру;

- тәрбиеленушілердің отбасымен өзара түсінушілігін және сенімін, ынтымақтастығын бала мүддесіне сай орнату;

- ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын, педагогикалық құзыреттілік деңгейін ескере отыра, ағартушылық-кеңестік жұмысты іске асыру.

Жұмыс түрлері:

1. Баланы отбасында тәрбиелеудің жай-күйін зерделеу бойынша сауалнама;

2. Балабақша мен отбасында баланың ата-аналармен және отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын бақылау;

3. Ата-аналарға арналған электронды және қағаз түріндегі психологиялық-педагогикалық кеңестер;

4. Балалардың тілін, саусақ моторикасын, қимыл белсенділігін дамыту бойынша жеке ұсынылатын парақшалар;

Ата-аналар үшін өзара сыйластық ахуалын құру қажет.

Бес білім беру саласы отбасы тәрбиесінің мазмұнына сәйкес болуына ықпал ету:

- «Денсаулық» білім беру саласының мазмұнын іске асыру мектепке дейінгі ұйым және отбасының күн тәртібіне сәйкес гигиеналық дағдыларды қалыптастырып, денсаулықты шынықтыру мен дамыту жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталады.

- «Қатынас» білім беру саласы ана тілінде қарым-қатынас жасау, халық ауыз әдебиетімен таныстыру арқылы ата-аналармен біріккен жұмыстарды ұйымдастыру мүмкіндіктерін құруды мақсат етеді;

- «Таным» білім беру саласы бірлескен ойын, практикалық іс-әрекеттер арқылы балалардың танымдық қызығушылығы мен әуесқойлығын қанағаттандыру бойынша ата-аналарға кеңестер беруге бағытталады;

- «Шығармашылық» білім беру саласы отбасы жағдайында баланың шығармашылық өсуін ұйымдастыруға, заттарды қолдану, музыка тыңдау, ән айту, сурет салу, жапсыруға, заттарды қолдана білу жағдайларымен қамтамасыз етуге ықпал етеді;

- «Әлеуметтік орта» білім беру саласы ересектермен қарым-қатынас барысында өзін-өзі көрсете білуге жағдайлар құруға, өзін бағалай білуін қалыптастыруды мақсат етеді.


V. ЕКІНШІ КІШІ ТОП

(3 жастан 4 жасқа дейін)
1. Балалардың жас ерекшеліктеріне сипаттама

Баланың дене дамуының негізгі көрсеткіштері мынадай: бойы 96+4,3 см, салмағы 12,5+1 кг, кеуде қуысының көлемі 51,7+1,9 см, бас шеңбері 48 см, сүт тістерінің саны 20. Үш жасар баланың бас сүйегінің көлемі ересек адамның бас сүйегінің 80%-ын құрайды. Төрт жасар бала омыртқасының физиологиялық ойыстары тұрақсыз, сүйектері мен буындары қолайсыз әсерлерден оңай майысуларға ұшырайды.

3-4 жастағы баланың есте сақтауы еріксіз сипатқа ие. Материал енгізілген әрекетке байланысты есте сақталады. Бұл жастағы баланың ойлауы сапалы өзгешелігімен ерекшеленеді: оған қиял мен шынайылықты ажырату қиынға соғады. Оған анимистік түсініктер тән: барлық қоршаған нәрселер өзі сияқты ойлау және сезу қабілеті бар деп есептейді. Нысандарды қарай отырып, әдетте, ол заттың барынша ашық белгілеріне назар аударады.

3-4 жастағы жас кезеңінде мазмұнды-рөлдік ойын баланың жалпы психикалық, интеллектуалдық және тұлғалық дамуы үшін барынша жағымды жағдайлар құратын жетекші іс-әрекет болып табылады. Бұл кезең тіл дамыту үшін де тиімді болып табылады, өйткені бала тілге, оның дыбыстық және мағыналық жағына жоғары сезімталдықты иеленеді.

Мектеп жасына дейінгі жас кезеңіндегі балалар ересектермен қарым-қатынас жасауға бастамашыл, көптеген сұрақтар қояды. Кішігірім таныс ертегілерді әңгімелейді, танымдық қызығушылықтар көрсетеді. Баланың ересектермен қатынас жасаудағы қанағаттандырылмаған мұқтаждығы олардың арасындағы эмоционалды оқшаулануға алып келеді. Өмірінің төртінші жылына қарай бала үшін,құрбысы бәрінен бұрын тәжірибелік іс-әрекетке қатысушы болып қалады.

3-4 жаста баланың өзін-өзі бағалауы жоғары болады, бұл ол үшін толығымен заңды, өйткені әлдекім оның тұлғалық қасиеттерін жағымсыз бағалаған жағдайларда «тұлғалық» қорғаныстың өзіндік үлгідегі тетігі болып табылады.

3 жастан 4 жасқа дейінгі жас кезеңінде сенсорлық үрдістердің сапалық жаңа қасиеттері қалыптастырылады: фонематикалық естуі, түр-түсті ажыратуы, көру өткірлігі, заттардың пішіндердің қабылдауы, әлемді сезінуі жетілдіріледі. Затпен әрекеттесуден кейін бала онымен көру арқылы қабылдау негізінде танысуға кіріседі.

3-4 жастағы баланың сенсорлық үдерістерін дамытуда сөйлеу жетекші мәнге ие. Балалардың сөйлеу тілін заттардың белгілерімен, олардың арасындағы қатынаспен белгілейтін сөздермен байыту ойша қабылдауға мүмкіндік береді.

Кіші мектепке дейінгі жастағы балада кеңістік, уақыт, сан туралы қарапайым ұғым-түсініктер қалыптаса бастайды.

3-4 жас кезеңінде бала табиғат құбылыстары мен олардың салдарлары арасындағы қарапайым байланыстарды ойша қорыта бастайды. Тек ол ғана емес, барлық басқа да жанды тіршілік иелері тамаққа мұқтаждықты, суға қажеттілікті бастан кешіретіндігін ұғынады. 3-4 жастағы балаларда құрылымдау әлі ойынмен бірлескен түрде көрінеді. Әр түрлі материалдармен сараптама жасай отырып, балалар бірте-бірте олардың құрылымдық қасиеттерін де таниды.

4 жасқа қарай балалар көркем мәтінді эмоциялы және біртұтас қабылдайды. Оның ұғынуы тек сөйлеумен ғана емес, заттық және ойындық іс-әрекетінен де көрініс береді.

Бала үшін бейнелеу әрекеті – бұл ол жасайтын бейнелер. Бұл бейнелер тікелей, жарқын, фольклорды еске түсіреді.

Мүсіндеу, жапсыру, сурет салу үдерістері бұл бейнелерге «ену» кезеңі, бұл кезеңде жағындылар, сызықтар мен пішіндер баланың көз алдында жандана түседі. Сызықтарды, пішіндерді, түр-түс таңбасын, жағындыларды пайдалана отырып балалар қарапайым оқиғаларды бере алады.

Бұл кезеңде балалардың көпшілігі үшін музыкаға эмоциялы сергектіктің жоғары деңгейі тән болып келеді, бұл осы мәселені музыкалық әрекетпен айналысуға айрықша ұнамды етеді.

3 жастан бастап қызығушылықтың айқын және ойша қорытылған көріністері орын алады, бұл кезеңде бала өзінің еркі бар жеке адам екендігін сезіне бастайды. Ми қызметі, психикалық функциялар қарқынды дамуды жалғастырады, мінез-құлқында өзгерістер жүреді.

3 жастағы бала – шаршамайтын қайраткер, ол желімдеуге, жабыстыруға, сурет салуға даяр, дегенмен ұзақ әңгімелерді, түсіндірулерді қабылдай алмайды.


2. Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

Кіші мектепке дейінгі жас балаларды тәрбиелеудің басты міндеті – балалардың эмоциялы-жағымды өзін-өзі сезінуін қамтамасыз ету, балалардың дербестігінің көріністерін мадақтау және қолдау, заттық-танымдық, ересектер әрекетімен бірлескен сезімдік тәжірибенің жинақталуы.

Кіші мектепке дейінгі жас кезеңі дене және психикалық дамудың жоғары қарқындылығымен сипатталады. Тәрбиешінің міндеті – дербестікке ұмтылуға қолдау көрсету, баланың дұрыс емес іс-әрекетін сынауға, оның өзіндік жеке күшіне деген сеніміне күмән келтіруге оның баяу және қолайсыз іс-әрекеттері себебіне шыдамайтындығын айтуға болмайды. Әрбір балаға өз жетістіктерінің артқандығын байқауға, іс-әрекетіндегі сәттілікті бастан кешіру қуанышын сезінуге көмектесу қажет.

Кіші мектепке дейінгі жастағы балалар – бұл алғашқы кезекте бақылаушылар емес «қайраткерлер». Сондықтан баланың балабақшада болуы оның әртүрлі іс-әрекеттерге қатысу мүмкіндігін алатындай етіп ұйымдастырылады. Кіші мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды қаныққан және әралуан үлгідегі іс-әрекеті барлық тәрбие міндеттерін шешу үшін негіз болып табылады.

Тікелей білім беру әрекеті балалардың іс-әрекетінің әр алуан түрлерін ұйымдастыру немесе жұмыс әдістері мен әр алуан түрлерін пайдалана отырып, оларды біріктіру арқылы іске асырылады, оны педагог балалар контингентіне, бағдарламаны игеру деңгейі мен нақты білім беру міндеттерін шешуге байланысты өз бетінше жүзеге асырады.
3.Тәрбие мен оқыту мазмұны және күтілетін нәтижелер

Тәрбиелеу-білім беру үдерісінің негізі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті болып табылады, ол «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларын кіріктіру шеңберінде жоспарланады.

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ІІ кіші топта бір аптада ұзақтығы 15-20 минуттан 11 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет