Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны»


Экономика секторлары бойынша ОБЗ пайдалану/тұтыну және өндірістік қуаттар



бет12/27
Дата06.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#66049
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
2007KAZ (1)
Мақала Болашақ

2.1 Экономика секторлары бойынша ОБЗ пайдалану/тұтыну және өндірістік қуаттар.


Қазақстанда құрылыста тек қана изоляциялар үшін қолданылатын қатты полиуретан көбіктерінің өндірісі бойынша қуаттар бар. Көбік материалдарды өндіруде ГХФК-141b, ГХФК-22, ГХФК-142b қолданылады.


Қазақстан аумағында көбік материалдарын өндіруде 17 аса шағын және орта кәсіпорын бар. Қазақтстанда жұмсақ көбік материалдарды қолдану жиһаз және матрастарды өндіруде үстем болып отыр. Бұл әртүрлі сападағы жұмсақ көбік материалдарының импортын ұлғайтуға негізінен Қытайдан сонымен қатар жұмсақ көбік материалдардың жеке өндірушілерінің пайда болуына алып келді.
Қазақстанда ОБЗ ірі тұтынушысы – суыту және ауа тазарту жүйесін толтыру үшін қолданылатын заттары бар суыту секторы. Хладагенттер (автомобиль және темір жол көлігі) өнеркәсіптік, тұрмыстық, коммерциялық және тоңазытқыш қондырғылар және ауа тазартудың жүйелерінің толтыруларында қолданылады. Бұл сектор көп тұтынылады.
Өндірістік тоңазытқыш жүйелерінің өндіріс процесінде еріткіш ретінде және машиналарды, жабдықтарды суытуда қолданылатын бақыланатын заттардың химиялық және металлургиялық кәсіпорындары бар.
Қазақстанның тамақ өнеркәсібі де сонымен қатар ет-сүт, балық, ішімдіксіз, кондиттерлік және наубайхана өнімдерін өндіруде ОБЗ суыту жүйесін толтыру қолданылады. Соңғы жылдары бұл салада аммияктан ХФК-12, ГХФК-22 және ГФК-134а көшу жалғасуда.
Қазақстанда жолаушы таситын вагондардағы ауа тазатқыштар, тоңазытқыш вагондар, көлік тоңазытқыш жабдықтар, мұздатқыш-вагондар сонымен көліктегі тоңазытқыш жабдықтар кең қолданылады. Бұл сектордағы реттелетін заттардың ең ірі тұтынушысы болып «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы табылады.
Республиканың географиялық орыны 4 климаттық аймаққа орналасқан салқындатқыштардың жазғы мерзімге қолдануына барлық жерде талап қойылады. Олар әкімдік ғимараттарда, ауруханаларда, мектептерде, дүкендерде, өнеркәсіптік кәсіпорындарда және көліктің кейбір түрлерінде қолданылады. Отбасыларда ГХФК-22 толтырылған жеке салқындатқыштарды қолдану кең тарады. Ұйымдарда, қонақ үйлерде, әкімдік ғимараттарда әуежайларда, мұражайларда және өндірістік кәсіпорындарда, супермаркеттерде жабдықталған жағдай жасау үшін ГХФК-22 толтырылған орталықтандырылған салқындатқыш жүйелер қолданылады. Салқындату жүйесі үшін ОБЗ қолданатын тұтынушыларға телекоммуникациялық компаниялар жатады.
Негізінен Қазақстандық миллиондаған отбасылар мен кәсіпорындарда Ресейден, Белоруссиядан, Украинадан, Корея Республикасынан және басқа да елдерде импортталған және Қазақстанда жинақталған тоңазытқыштар бар.
2006 жылы Қазақстанда 320-дан аса тұрмыстық және коммерциялық тоңазытқыштарды жөндеу шеберханалары қызметін жалғастырып отыр. Бұл салада жеке кәсіпкерлер де қызмет жасауда. Тұрмыстық және коммерциялық тоңазытқыштарға қызмет және жөндеуді жүзеге асырушы ресми емес сектор жұмыс жасайды.
«Техол» кәсіпорын тоңазытқыштар зауыты 1996 жылдан бастап (Теміртау қаласы) кәсіпорын тоңазытқыштарын шығара бастады. Қазіргі таңда зауыт модульді типтегі өнеркәсіп тоңазытқыштарын, көкөніс сақтау, сот медицина және патоанотомиялық мекемелерге арналған арнайы тоңазыту камераларын жинақтаумен айналысады.
Суыту жүйелерін жинақтаумен айналысатын мекемелер (тоңазытқыш витриналары) қатарына «Айза» ЖШС (Шымкент қаласы), «Полаир» (Алматы қаласы), «Брандт» (Алматы қаласы), «Полюс» (Көкшетау), «Калугин және К» (Алматы, Ақтөбе, Астана қалалары), «Хладотехника» ЖШС (Өскемен) сонымен қатар, Қазақстанның басқа аумақтарында тоңазыту жабдықтарын монтаждаумен және құрумен айналысатын бірқатар басқа компаниялар /В қосымшасы/.
Бромды метил тауарды тасымалдаудан бұрын карантиндік өңдеу және сақтау үшін қолданылады ал, Қазақстан бірқатар елдер үшін астық экспортері болып табылады соған байланысты астықты өңдеу бромды метилмен жүргізілді.
2000 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі кезеңде орындалған сеторлар бойынша тұтыну бағасы 1 кестеде орналастырылған.
2000 жылдан 2007 жылдар аралығында суыту секторында тұтыну өсімі байқалды, егер 2000 жылы оның 56% аса үлесі болса, 2004 жылы 67% болды. 2005 жылыжоғары озон бұзушы әлеуеті бар ХФК қолдануды тоқтатудан пайда болған жалпы тұтынудан суыту секторын қолдану 57,6% дейін төмендеді. Сонымен қатар озонқауіпсіз заттарға көшуге шартталған 2006-2007 жылдарда ГХФК тұтыну жоғарылады. 2006 жылы ауылшаруашылығы секторы карантиндік өңдеу үшін 33 тонна бромды метил пайдаланылды.

1 кесте – 2000-2007 жж. кезеңіндегі секторлар бойынша ОБЗ тұтыну, ОБЖ тонна



Сектор \жылдар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет