Қазақстан 1998 жылы озон қабатын бұзушы заттар бойынша Монреаль хаттамасы мен озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қосылды. 2002 жылы мамырда Лондон түзетуі бекітілді /А қосымшасы/.
Қазақстан Вена конвенциясы және Монреаль хаттамасына қосыла отырып озон қабатын бұзушы шығарынды заттарды реттеу бойынша тиісті шараларды қолдануда міндеттерді өз қолына алды.
2001 жылы қарашада Тараптардың жиналысында Монреаль хаттамасымен Қазақстанға қатысты келесі шешімдер қабылданды:
2002 күнтізбелік жылда ОБЖ 162 тоннаға дейін ХФК тұтынуды және 2003 жылы ОБЖ 54 тоннаға дейін қысқарту; және 2004 жылдың 1 қаңтарына ХФК тұтынуды тоқтату (Тараптармен рұқсат етілген негізгі түрлерді қолдануды қоспағанда);
2003 жылдың 1 қаңтарына ОБЗ импорты мен экспортын лицензиялау жүйесін құру;
2003 жылдың 1 қаңтарына ОБЗ қолданылатын импорт жабдықтарына тыйым салуды жүргізу;
2002 күнтізбелік жылда ОБЖ 5,08 тоннаға дейін галондарды тұтынуды қысқарту және 2003 жылдың 1 қаңтарына галондарды тұтынуды тоқтату;
2002 жылдың 1 қаңтарына тетрахлорметан және метилхлороформаны тұтынуды тоқтату (Тараптармен рұқсат етілген негізгі түрлерді қолдануды қоспағанда);
2002 күнтізбелік жылда ОБЖ 2,7 тоннаға дейін бромды метилді тұтынуды және 2003 күнтізбелік жылда ОБЖ 0,44 тоннаға дейін тұтынуды қысқарту және 2004 жылдың 1 қаңтарына бромды метилді тұтынуды тоқтату;
Жоғарыда 2 тармақта көрсетілген А, В және Е қосымшаларына енгізілген барлық реттеуші заттардан 2004 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанға толықтай бас тартуға мүмкіндік беретін шараларды көрсету. Осыған байланысты Тараптар Қазақстанға озон қабатын бұзбайтын альтернативке қолдануға көшуде сәйкестендірілген мекеме-орындаушылармен бірлесіп табанды қол жеткізуге шақырады.
ГХФК қатысты (көшу заттары) Қазақстан келесі сызбаны ұстануы қажет:
Достарыңызбен бөлісу: |