Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі


Тілдерді кезең-кезеңімен енгізу шеңберінде қазақ, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде



Pdf көрінісі
бет24/71
Дата21.11.2023
өлшемі2,34 Mb.
#192569
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71
Байланысты:
каз 28 08 2023

Тілдерді кезең-кезеңімен енгізу шеңберінде қазақ, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде 
оқытатын 2-сыныпта «Орыс тілі» пәнін оқыту басталады. 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 199 
бұйрығы 
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033078
 
 
2023-2024 оқу жылының ерекшелігі – 2-сынып оқушылары үшін орыс тілін 
енгізу. Егер ана тілінде қалыптасқан сөйлеу дағдыларына және осы жаста тілдік 
материалды икемді және жылдам есте сақтау ерекшелігіне, табиғи қарым-
қатынас және тілдік тосқауылдың болмауына сүйенсек, білім алушылар үшін 
екінші тілді (орыс тілін) оқыту анағұрлым сапалы болады. Бастауыш мектепте 
екінші тілді оқыту ойын түрінде немесе өз міндетін орындау жағдайында өтуі 
керек, яғни қарым-қатынас құралы болуы керек.
 


36 
Ақпарат алмасу, тілдік материал ретінде мәтінмен жұмыс жасау, фразалар 
мен сөз тіркестерінің мәнін түсіну және оларды нақты жағдайларда қолдану үшін 
коммуникативті дағдыларды дамыту ұсынылады. 
 
Пәндік, метапәндік және негізгі (жоғары сыныптарда) құзыреттерді 
дамыту бойынша ұсыныстар 
Айтылым
дағдысын дамыту үшін білім алушылардың бір-бірімен сенімді 
қарым-қатынас жасауына арналған тілдік ресурстарды пайдалануға мүмкіндік 
беретін әртүрлі ынталандырушы тапсырмаларды ұсыну қажет. Сабақтың әртүрлі 
кезеңдерінде: жазбаша немесе ауызша мәтінмен жұмыс жасау кезінде (мәтін 
бойынша сұрақтарға жауап беру), сондай-ақ грамматикалық немесе лексикалық 
материалды ауызша қолдану кезінде мақсатты сөйлеу тілін қолдануды 
жоспарлауға болады. Мысалы, «Қазақ тілі» пәнінен 
«6.1.6.1 коммуникативтік 
жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді 
орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу»
оқыту мақсаттарымен 
жұмыс жасауда «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» бөлімінің «Ұлттық 
ойындар» деп аталатын екінші параграфында берілген тапсырмаларды 
орындауда білім алушылар арасында диалог құруды ұсынуға болады. Сол 
арқылы білім алушы ұлттық ойындардың түрлерін, олардың спортпен (ептілік, 
жылдамдық, қимыл-қозғалыс), мәдениетпен байланысын, логикалық ойлауды 
дамытатындығын өз еріктерінен тыс орындайды. 
По «Русскому языку» при отработке цели обучения 
«7.1.5.1 участвовать 
в диалоге по предложенной проблеме, аргументируя свою точку зрения»
в 
рамках раздела «Если бы я правил миром…», можно предложить обучающимся 
следующее задание: составить диалог между героями комиксов по теме «Чего я 
желаю нашему миру». Такое задание мотивирует обучающегося примерить на 
себя роль супергероя, цель которого улучшить мир и защитить человечество, 
поэтому аргументы будут исходить от обучающегося более креативно и 
естественно по мере вхождения в роль. В таком возрасте учащиеся пока не до 
конца могут рассуждать о проблемах современного мира на научном уровне, но 
имеют понятие об идеях, представленных в фильмах-комиксах (поднимаются 
проблемы экологии, борьбы добра со злом, ответственности перед обществом и 
другие). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет