Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауы



Дата01.04.2017
өлшемі9,89 Kb.
#13122

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы

  • «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Астана қаласы, 11 қараша 2014 жыл

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев:

  • «Менің тапсырмама сәйкес Үкімет дамудың ауқымды жаңа бағдарламасын әзірлеуді аяқтады.
  • Бүгінде біздердің алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жария етемін.
  • Дәл осыған мен 2015 жылға арналған халыққа Жолдауымды арнаймын»

«НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

  •  

«НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

  •  
  •  Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұланғайыр аумақтың иесі.
  • Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. "Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара" деген қағида қалыптасқан.
  • Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие.
  • Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек Жолын жағалай қоныс тепкен.
  • Қазақстан Республикасы
  • Президенті Н.Ә. Назарбаев

«НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

  •  
  •    Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында.
  • Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі.
  • Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек.
  • Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс.
  • Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады.
  • Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады.
  • Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету – бүгінгі  Жолдаудың ең басты түйіні болмақ.
  • Қазақстан Республикасы
  • Президенті Н.Ә. Назарбаев

«НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

  • Кезінде Ұлттық Қордың не үшін құрылғанын қаперлеріңізге салғым келеді.
  • Оның басты міндеті - тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау.
  • Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс.
  •     Қазақстан Республикасы
  • Президенті Н.Ә. Назарбаев

«НҰРЛЫ ЖОЛ» ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

  •  
  • Үкіметке Ұлттық Қордан бөлінген қаржының тиісті бағыттар бойынша тиімді және орынды жұмсалуын қамтамасыз етуді жүктеймін.
  • Әрбір теңгенің қатаң сұрауы болады.
  • «Нұр Отан» бұл жұмысқа белсене атсалысып, партиялық жіті бақылау орнатуы қажет.
  • Қазақстан Республикасы
  • Президенті Н.Ә. Назарбаев
  • Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық.
  • Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек.
  • Қазақстан Республикасы
  • Президенті Н.Ә. Назарбаев

Mәңгілік Ел

  • Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі.
  • Ол "Қазақстан-2050" стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры!
  • Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел!
  • Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
  • Қазақстан Республикасы
  • Президенті Н.Ә. Назарбаев

«Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі.

  •  
  • Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес.
  • Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі.

«Нұрлы Жол - путь в будущее»

  • Новая Экономическая политика "Нұрлы Жол" станет двигателем роста нашей экономики на ближайшие годы.
  • Қазақстан Республикасы
  • Президенті Н.Ә. Назарбаев

Мир и стабильность – это общенародное достояние, которое нужно каждодневным трудом защищать и укреплять

98% опрошенных отмечают своевременность и актуальность Новой экономической политики «Нұрлы Жол»

  •  
  •  

Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға "Нұрлы Жол" Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!  

  •  
  •  


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет