Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері


) Президенттің әлеуметтік функциясы



бет2/5
Дата11.01.2017
өлшемі1,41 Mb.
#6883
түріДиплом
1   2   3   4   5

2) Президенттің әлеуметтік функциясы - жеке тұлғаның әлеуметтік қорғалуын, ел экономикасына қосқан үлесіне қарамастан мемлекеттің барлық азаматтарының өмір сүріне қалыпты жағдай туғызуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Президент қызметінің бұл бағыты біріншіден, еңбек үлесіне қарамастан, әртүрлі объективті себептерге байланысты толық көлемде еңбек ете алмайтын адамдардың (зейнеткерлер, балалар мен жұмыссыздар) лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік игіліктерді бөлуге жағдай жасау болып табылады; екіншіден, президент денсаулық сақтауға, ағартуға, қоғамның мүқтаж болып отырған мүшелеріне арзан мемлекеттік үй құрылысын салуға қажетті қаржы бөлуді құптап отырады. Мемлекеттің барлық азаматтары толық көлемде пайдалануға тиісті әлеуметтік құқықтарды жүзеге асыру осылай қамтамасыз етіледі. Мұндай жағдайда құқықтық мемлекеттегі президент экономикалық жағдайы төмендерге ерекше көңіл бөле отырып, ел азаматтарының шынайы әлеуметтік қорғалуының кепілі болып табылады. Президенттің аталмыш функциясы мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне тікелей байланысты, себебі, тек экономикасы және нарықтық қатынастары дамыған елде ғана президент толық көлемде өз азаматтарының әлеуметтік қорғалуының кепілі бола алады.

Францияда "резервтегі салалар" деп аталатын президент қызметі кездеседі, олар: әлеуметтік мәселелер, әлеуметтік сақтандыру, радио және теледидар қызметі, ол Академияның жанашыры, академиктерге кандидаттарды сайлауды бекітеді. Бұл мәселелерді президент жеке-дара немесе өзіне жақын қызметкерлерімен бірге шешеді. Республика президенті денсаулық сақтауға, әйелдердің жағдайына, мәдениет, табиғатты сақтау, туризм, кенттену, тұрғын үй, сәулет және көгеріштендіру мәселелеріне үлкен назар аударады. Бұл мәселелер көбіне Елисей сарайы аппаратына, яғни, өзінің жақын қызметкерлеріне сүйеніп шешіледі, олар әкімшіліктің қызметіне бақылау жасап, аталған мәселелер жөнінде президентті толық хабардар етіп отырады, қажет болса, мүдделі мәселелер бойынша ел
басының шешімдерін дайындайды. Аталмыш функциялар әлемнің басқа елдерінің президенттері үшін де маңызды болып табылады.

Австрия президенті, мәселен, кәсіби атақ беріп, айырықша жеңілдіктер, зейнетке қосымша белгілей алады. Мальта Республикасының президенті республика азаматтарының әлеуметтік қорғалуына нұқсан келтірген ел парламентінің шешімдеріне вето құқығын пайдалана отырып, мальталықтардың әлеуметтік қорғалуының кепілі болып табылады. Конституция бойынша Португалия президенті елдегі демократиялық институттардың кепілі саналады. Өз функциясын ол президент жанындағы түрақты жоғарғы кеңесші орган — мемлекеттік кеңеске сүйеніп жүзеге асырады. Әлеуметтік функцияларды жүзеге асыруда аталған мәселелер бойынша көптеген заң актілерін қабылдайтын АҚШ президенті кең өкілеттіліктерге ие, бұл актілер өзінің маңызы жағынан Конгресс шығаратын зандарға тең [6, СІ2-14, 126-127].

3) Қаржылық бақылау функциясы - бір бөлігі жалпымемлекеттік
қажеттілікті өтеу үшін мемлекеттік бюджетке салық ретінде жіберілетін
өндірушілер табысының есебі болып табылады. Президент салықты
жұмсауға бақылау жасайды.

АҚІІІ-та арнайы қаржылық бақылау органы ретінде президент тағайындайтын, бас тексеруші басқаратын Бас есеп беру басқармасы жұмыс істейді. Францияда барлық мемлекеттік органдардың қаржы тәртібін сақтауына президент алдында есеп беретін Есеп палатасы бақылау жасайды. Индия, Финляндия, Сирия, Турцияның президенттері қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

4) Құқык қорғау функциясы - президенттің бүл қызметі мемлекет
зандарын дәл және толық жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, қоғамның,
мемлекет пен жеке тұлғаның мүдцесін қорғауға бағытталған. Ең алдымен,
жеке адамның, азаматтың, тәуелсіз тұлға ретінде қоғам мүшесінің,
сондай-ақ мемлекеттің өзі мен оның түрлі құрылымдары мемлекеттің
құқық қорғау қызметінің өзегі болып табылады.

Құқық бұзушылықпен күрес президенттік институттың құқық қорғау қызметінің маңызды , бірақ ен, басты бөлігі емес. Президенттік институт арнайы органдардың ( сот, прокуратура, арнайы әскери құрылымдар, полиция т.б.) көмегімен мемлекетте құқықтық нормаларға толық сәйкес келетін тәртіп орнатуға тиіс. Елде тұрақты құқық тәртібін сақтау — президенттің, барлық мемлекеттік органдардың ең маңызды функцияларының бірі.

Осы функциялар Франция Конституциясында [7, с 324-326] кеңінен бекітілген, оған сәйкес республика президенті жоғарғы арбитр, бұқаралық биліктің қалыпты қызмет аткаруының кепілі болып табылады (5-бап), Конституцияның сақталуын бақылайды (5-бап), елде құқық тәртібін сақтаудың арнайы шараларын қолдануға құқылы (6-бап), рақымшылық құқығын (17-бап) жүзеге асырады.

Бұл салада АҚШ президенті де кең өкілеттіліктерге ие, ол әрі үкімет Кабинетінід басшысы болып саналады. Кабинетке елдегі кұқық тәртібін сақтауға жауап беретін негізгі құрылымдардың министрлері де кіреді.

Олардың бәрін президент өзі іріктеп, тағайындайды. Мемлекетте заңдылықтың сақталуында АҚШ президенті жанындағы атқарушы аппаратқа кіретін Ұлттық қауіпсіздік кеңесі де үлкен роль атқарады. Бұдан бөлек, АҚШ президенті федералдық атторнейлік қызмет басшысын, мемлекеттің кұқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды буын болып саналатын және мемлекет атынан қылмыстық іс қозғау, заң бұзушылықты тергеу, сотта айыптауды қолдау және құқық бұзушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту өкілдігі берілген - бас атторнейді тағайындайды. Айырықша жағдайларда АҚШ президенті мемлекетте құқық тәртібін сақтау үшін елге төтенше жағдай енгізуге құқылы. Корея Республикасы, Боливия, Мексика, Алжир, Конго және Филиппин президештері де осындай функцияларға ие.

5) Экологиялық функция - қазіргі кезде президент қызметінің маңызды
бір бөлігі болып табылады, себебі адамзаттың,

мемлекеттіліктің өмір сүруі экология жағдайына тікелей байланысты. Бұл бағыттағы президент қызметі табиғат қорғау зандарын жетілдіруге шоғырланған.

Осы қьізмет салдарынан көптеген елдерде қазіргі кезде табиғатты қорғау туралы ұлттық бағдарламалар жасалып, жұмыстар атқарылуда. АҚШ-та мәселен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық саясат туралы зац қабылданған, ауаның, су қоймалары мен жердің өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластануын болдырмау жөнінде ұзақ мерзімге арналған бағдарламалар жасалынған. Қоршаған ортаны адамдар қызметінін, жағымсыз әсерінен қорғаудың нақты алдын-алу шаралары қарастырылған. АҚШ президенті жанында кеңесші орган - қоршаған ортаның сапасы жөніндегі кеңес, сондай-ақ табиғат қорғау завдарының орындалуына бақылау жасау өкілеттігі берілген табиғат әлемін қорғау жөніндегі федералдық агенттік жүмыс істейді [8 ].

Бразилия, Кипр, Колумбия, Оңтүстік Африка Республикасы, Франция және басқа да бірқатар елдердің президенттері қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті, экологияны бүзғаны үшін заң алдында жауапқа тарту шараларын қарастыратын заң актілері жүйесінің қызметін реттеу мен бақылауды жүзеге асырады.

Президенттің сыртқы функциясы мемлекетті халықаралық аренада көрсету жөніндегі қызметінің басты бағыттарын құрайды. Олар мемлекеттің: басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын қалыптастыруды және қолдауды, елді сыртқы басқыншылықтан қорғауды қамтамасыз ету секілді сыртқы міндеттерін шешуге бағытталған. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сәйкес президенттің екі негізгі сыртқы функциясын бөліп қарауға болады:

  • басқа мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастыкты дамыту;

  • елді сыртқы жаулардың басқыншылығынан қорғауды қамтамасыз
    ету.

1. Әлемнің басқа мемлекеттерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту функциясы тең құқықтық экономикалық, саяси, мәдени және осы мемлекет мүдцесінің барлық мемлекеттердің нақты және ортақ
мүдделерімен үйлесімді сәйкес келетін басқа да қатынастарын дамыту жөніндегі президент қызметі болып табылады. Барлық өркениетті мемлекеттердің шаруашылық, саяси және мәдени өмірін интеграциялау, олардың ортақ күш-жігерін жеке алғанда әр мемлекеттің ішкі және тұтас әлемдік қауымдастық мәселелерін неғұрлым тиімді шешу үшін біріктіру осыны талап етеді. Мұндай ынтымақтастық интеграциялық мәселелерді шешудің өзара тиімді жолдарын қарастырудағы, ынтымақтастыққа қатысушылардың ортақ күш-жігері арқылы барлығының мүддесіне сай келетін шешім табудағы президенттердің ортақ қызметін білдіреді.

2. Елді сыртқы басқыншылықтан қорғауды қамтамасыз етудегі президенттің функциясы оның қызметінің маңызды бағытын қүрайды. Адамзат тарихына көз жіберсек, мемлекеттік-ұйымдық қоғам дамуының барлық кезеңдерінде елдің тәуелсіздігі мен аумақтық түтастығын сыртқы агрессиядан қорғаудың объективті қажеттілігі әрдайым туып отырған. Президенттердің елді қорғау функциясы экономикалық, саяси, дипломатиялық және әскери әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бейбіт уақытта — бұл елді мүмкін болатын басқыншылыққа тойтарыс беруге әзірлеу; соғыс уақытында — басқыншыларға қарсы қарулы күреске тікелей басшылық жасау, елдін, барлық күш-қуатын жеңіске жұмылдыру.

Қазірғі заманғы президенттердің басым көпшілігі әскери саясатты қолдайды, оның мәнісі қорғаныс доктринасы, яғни басқа мемлекет немесе мемлекеттер тобы тарапынан мүмкін болатын басқыншылыққа тойтарыс беру үшін жеткілікті күш-қуат жинау болып табылады. Әскери қарсы тұру мәселесіндегі бұл тәсіл соғыстың шығу мүмкіндігін едәуір төмендетіп, болашақта оньщ бірте-бірте жойылуына әкеледі.

Елді сыртқы басқыншылықтан қорғауды қамтамасыз етудегі президенттің функциясы сан қырлы. Оған президенттің мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтудағы, бейбітшілік және соғыс уақытында қарулы күштердің әскери қуатын қолдаудағы барлық қызметі жатады. Бұл функция мемлекеттің әскери доктринасына сүйенеді және негізгі бес бағыттан түрады, олар: елдің қорғаныс қабілетін күшейту; қарулы күштерді күнделікті жетілдіріп отыру, олардың жауынгерлік қабілетін үнемі көтеру; мемлекеттік шекараны қорғау; азаматтық қорғанысты ұйымдастыру; қарулы күштер қорын оқып - үйрету.

Президенттердің аталған функцияны орындауына бірқатар елдерде (АҚШ, Франция, Италия, Түркия) олардың жоғарғы бас қолбасшы және үкімет басшысы болулары (АҚШ , Чили, Ирак т.б.) ықпал етеді немесе жоғарғы атқарушы билікті үкімет басшысымен бөліседі (Сербия, Литва, Эстония, Монғолия т.б.), қарулы күштердің лауазымды тұлғаларын тағайындайды, марапаттау мәселелерін қарайды, заң шығару құқығы бар және өз қарауы бойынша заңның күші бар жарлықтар шығарады (АҚШ, Франция, Панама, Польша жәнет.б.).

Франция Президенті неғұрлым кен, сыртқы функцияларға ие, "ол тек елдід сыртқы саясатын жүргізіп қана қоймайды, сонымен бірге ол жөнінде үкіметті хабардар етіп отырады" [3, с 452 ]. Мәселен, Француз үкіметі 1961 жылы шілдеде Бизертуға шабуыл жасау, 1964 жылдың ақпанында Габонға француз әскерлерін жіберу туралы мәселелерді талқылаған емес. Президент де Голль ( бұл мәселелер жөнінде үкіметті хабардар ғана еткен) маңызды мәселелерді өзі шешті және НАТО, Вьетнам, Алжир, Б¥¥ және Квебекке қатысты Францияның бағытын өзі белгіледі [9, с 180 ].

Мемлекеттік басқару жүйесі мен президенттік басқару үлгісіне байланысты президент функцияларына нақтырақ тоқталайық.

Әртүрлі елдерде түрлі басқару жүйесінің пайда болуы көптеген факторларға тіреледі. Бүл процеске елдің тарихи дамуының ерекшеліктері, оның саяси мәдениетінің өзгешелігі, мемлекеттілік дәстүрі, конституция жасау мен қабылдау кезіндегі саяси күштердің арасалмағы өзіндік таңбасын қалдырады. Басқару жүйесін тавдауға жетекші саяси басшының тұлғасы ретінде субъективтік фактор да үлкен роль атқарады (мәселен, АҚШ-та Д.Вашингтон), мемлекеттік билік пен басқарудың барлық құрылымы едәуір деңгейде сол тұлғаға лайықталады. Осыған орай, бір елдерде мемлекет басшысы функциясын конституциялық монарх немесе президент атқаратын басқарудың парламенттік жүйесі қалыптасып, бірақ нақты атқару билігі парламент алдында есеп беретін үкімет қолына жинақталған болса, енді бір елдерде - өзге саяси институттармен теңестірілгеғі немесе өз өкілеттілігі жағынан заң шығарушы және сот билігінен асып түсетін күшті президенттік билік құру жүйесі басым.

Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, президенттік институт алғаш рет АҚШ-та дүниеге келген. Өздерінде президенттік қызметті енгізе отырып, "негізін қалаушы -әкелер" соңғы екі жүзжылдыққа кеткен президенттіктің американдық үлғісін қалыптастырудың тұғырын қалады, бұл үлгі аяқталған түрінде көпе-көрнеу айырықша болды және оның көптеген элементтерін басқа елдің саяси жүйесі қабылдағанына қарамастан ол толық көлемде тек АҚШ-та ғана жүзеге асырылды.

АҚШ Конституциясын жасаушылар мемлекет басшысы мен үкімет басшысы функцияларын бір қолға жинақтаған күшті, жеке-дара басқаратын президенттік билік кұрып қана қоймай, сонымен қатар бірегей атқарушы биліктің жеке билік тәртібіне айнальш кетуіне кедергі жасайтын, зад шығарушы, атқарушы және сот билігін, бұл биліктерді бір-біріне қатысты өзара "тежемелік" және "тепе-теңдік" жүйесімен толықтыра отырып, бөлу қағидасын бекітті. Тәжірибе жүзінде президенттіктің американдық үлгісі өзінің негізгі функциялары жағынан мына төмендегідей ретте көрінеді:

  1. Жалпыға бірдей сайлауда сайланған президент АҚШ Конгресіне
    тәуелді емес, бірақ оны таратуға және кезектен тыс парламенттік
    сайлаулар тағайындауға құқығы жоқ.

  2. Президент үкіметті құрайды (бірақ оның жеке құрамын Сенат
    бекітеді), атқару комитеті аппаратының лауазымды тұлғаларын
    тағайындайды (оның кандидатурасын Сенат бекіткеннен кейін).


  3. Президент Конгресс қабылдаған заңға вето қойған жағдайда ғана заң
    шығару билігіне тепе-тең бола алады.

  4. Президент —бүкіл федералдық атқару билігінін, басшысы.

  5. Президент ең бастысы, федералдық атқару билігі органдарының
    қызмет айналымына қатысты басқарудың заңға сәйкес актілерін
    шығаруға құқылы (бұйрықтар, жарлықтар).

  6. Жыл сайын мемлекеттік бюджеттің жобасын Конгреске тек
    Президент қана ұсына алады.

  7. Ол елдің қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы болып
    табылады.

  8. Президент халықаралық қатынастар айналымында ел атынан
    көрініп, АҚШ-тың халықаралык келісімдеріне қол қояды.

  9. Президент өз қалауы бойынша елде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
    ету үшін үлттық гвардия мен қарулы күштерді пайдалана алады.

Ю.Президент орын босаған жағдайда АҚШ Жоғарғы Сотының мүшелерін тағайындайды.

  1. Президент өз әкімшілігінің кез-келген мүшелерін отставкіге жібере
    алады.

  2. Президенттің өкілеттік мерзімі төрт жыл, ол тек екі —ақ рет
    сайлана алады.

Президенттік басқарудың американдық үлгісіндегі президенттің функциясы міне осындай. Көрініп тұрғандай, осы үлгідегі президенттің функциясы кең де сан алуан. Алайда ол федералдық атқару билігі шеңберінде ғана іс-қимыл жасай алады және билікті бөлісудің конституциялық қағидасына орай, мемлекеттік аппаратты жеке-дара басқара алмайды. Бұл салада Президентке тәуелсіз Конгресс пен АҚШ-тың Жоғарғы Соты оның толық құқылы серіктесі бола алады. АҚШ мемлекеттілігінің бүкіл тарихында, өзінде барлық биліктің күші мен жеке беделі бола тұра, бірде — бір АҚШ Президенті мемлекеттің жоғарғы заң шығарушы органы - Конгресс мүшелерінің басым көпшілігінің қолдауынсыз елдің ішкі және сыртқы саясатында қандай да бір елеулі өзгерістерге қол жеткізген емес. Американдық үлгідегі президент функциясының президенттік басқарудың өктемшілдік үлгісі тұсындағы президент функциясынан басты айырмашылығы осындай.

Президенттіктің американдық үлгісіндегі президент функциясы өзінің тиімділігімеи ерекшеленеді: онда президент пен премер-министр үкімет саясатына ықпал үшін жиі бәсекелесетін атқару билігіндегі басқа бірқатар елдерге тән дуализм жоқ; олар президент өз саясатын, ал жоғарғы заң шығарушы орган өз саясатын жүргізген кезде АҚШ- тың саяси жүйесінде қос биліктің пайда болуына жол бермейді. АҚШ - та пайда болған президенттік басқару үлгісі өзінің көптеген атрибуттарымен бірқатар Латын Америкасы елдерінде енгізілді, онда республикалық басқару нысаны бекітілді, Президент мемлекет басшысы және үкімет басшысы функцияларын біріктіріп жүргізеді, заң шығару билігі -Конгреске, ал сот билігі — Жоғарғы Сотқа берілген. Соған қарамастан, президенттіктін, латынамерикандық үлгісінің АҚШ- тағы президенттік басқару үлгісінен айырмашылығы едәуір.

Латын Америкасы елдерінде президенттік институт функциясы
мемлекеттік институт функцияларының бәрінен басым, ал бұл елдердің
парламенттері АҚШ Конгресі сияқты атқарушы билікке бақылау жасай
алмайды. Латын Америкасы мемлекеттері Президенттерінің АҚШ
Президентінен айырмасы, олар өзінің үкіметтік кабинеттерін өз қалаулары
бойынша құра алады, және бұл елдердің Конституциясында үкімет
қызметіне Президенттің тағайындауларын Парламенттің бекітуі
қарастырылмаған. Бірнеше латынамерикандық елдер мемлекеттік

құрылымдарының нысандарына қарай өздерін федерация деп
жариялауына қарамастан, бұл елдердің Президенттері АҚТТТ

Президентінің функциясына тән емес, штат губернаторларын орнынан алып тастауға дейін баратын, федералды субъектілердің ісіне федералдық интервенция [2, с 20] деп аталатын заңдастырылған функцияны жүргізе алады. Латын Америкасы елдері Президенттерінің мемлекеттің саяси экономикалық айналымындағы функциялары едәуір кең. Бұл көптеген латынамерикандық елдерде Президенттер басқаратын үкіметтің тікелей бақылауындағы мемлекеттік компаниялардың көптігімен сипатталады.

XIX ғасырда көптеген Латын Америкасы елдерінде президенттік
басқару нысанының қалыптасуына қарамастан, осы құрылықтағы

барлық дерлік елдердің саяси тарихындағы көптеген әскери төңкерістер салдарынан президенттік биліктің зандастырылуы мен мәртебесіне бірнеше рет нұқсан келген, президенттік басқарудың ең қысқа кезеңін әскери төңкерістер үзіп отырған, нәтижесінде армияны басқарушы топ заңды жолмен сайланған президенттерді құлатып, билікті мүшелерінің бірін президент етіп сайлайтын әскери хунтаға беріп келген. Өткен кездерде де, қазіргі уақытта да Латын Америкасында Президенттіқ өзі мемлекеттік төңкерісті басқарып, Парламентті қуып, жеке үстемдігін орнатқан жағдайлар кездесіп отырған. Тұтас алғанда, осы уақытқа дейін барлық саяси институттардың, соның ішінде президенттік институттың да (ендеше, оның функционалдық міндеттерінің де) армия мен генералитетке тәуелді болуы Латын Америкасы елдері саяси жүйесіне тән сипат.

Сонымсн қатар, президенттіктің қазіргі латынамерикандық үлгісінде президент функциясының жағымды жағына жататын бірқатар маңызды демократиялық элементтер де кездеседі. Біріншіден, бұл құрлықтағы бірқатар елдердің Президенттері бір мерзімге сайланады және қайта сайлану құқығынан айырылған, бұның өзі жеке билік тәртібін қүру мүмкіндігін азайтады. Екіншіден, көптеген Латын Америкасы елдерінде бүрыннан көптеген көппартиялық жүйе жұмыс істеуде, ол президенттік биліктің парламенттік және парламенттен тыс оппозициясының құрылуына жағдай жасайды және президент функциясына белгілі бір өзгешеліктер жүктейді. Үшіншіден, сот билігі өз тәуелсіздігін күшейтуде, оған жақында ғана парламент және сот билігінің шешімімен Бразилия және Венесуэла Президенттерінің билік басынан кетуі куә бола алады. Президенттерді әскери төңкеріс арқылы орнынан алып отырған Латын Америкасы елдерінде тиісті құқықтық рәсімдерге негізделген президент импичменті жаңа бетбұрыс болып табылады [10, с 21].

Оңтүстік Америкадағы президенттік билік демократиясының және оның құқықтық мәртебесі күшеюінің маңызды белгісінің бірі мемлекеттің қарулы күштеріне басшылық және әскерге бақылау жасау арқылы президент функциясының кеңеюі болып табылады. Бұған Латын Америкасы елдеріндегі жетекші саяси күштердің бірі болып отырған қарулы күштердің соқғы уақытта құрылықтағы тұрақтылықтың кепілі және Оңтүстік Америка Президенттерінің өздерінің конституциялық функцияларын орындауының тірегі бола отырып, завды түрде сайланған президенттерге қатысты түзу ниет танытуы да ықпал етуде.

Көптегеы Азия және Африка елдерінде мемлекеттік басқарудың парламенттік емес, президенттік үлгісі қалыптасқан. Афро-Азиялық үлгі кейде ашық тоталитарлық тәртіп нысанын қабылдап, үлкен өктемдігімен ерекшеледі. Бұл елдердің басым бөлігінің президенттері өз қолдарына мемлекет және үкімет басшысы функцияларын жинақтап қана қоймай, жетекші партиялардың басшысы да болып табылады. Бұл партиялардың өздері көптеген африкалық және азиялық елдердегі бірден- бір және осы елдердің саяси өміріндегі үстемдік етуші партия болғандықтан, Президенттерге өз жақтастары есебінен үкіметті ғана емес, сонымен бірге жергілікті билік органдарын және Парламентті құруға мүмкіндік береді. Көптеген Азия, Африкалық елдердің Парламенттері шын мәнінде дербес роль атқара алмайды және іс жүзінде нақты завды өкілеттіктері де жоқ. Осының салдарынан, олар президенттік биліктің мұрагері болуы тұрмақ, оның барлық шешімдеріне қарсылықсыз бас иіп, заң түрінде қабылдайды. Конституция бойынша Парламенттер билік құрып тұрған Президенттің өктемдігінен қорғалмаған және оның нұсқауы бойыыша таратылып жіберіледі.

Көптеген Азия мен Африка елдерінде президенттік қызметпен қатар премьер-министрдің қызметі болғанына қарамастан, президенттіктің афро-азиялық үлғісі тұсындағы үкімет өз іс-қимылын дербес атқара алмайды. Премьерді Президент өзіне аса берілген адамдар қатарынан тағайындайды және ол Парламент емес, тек Президент алдында есеп береді. Премьерді де, үкіметтің мүшесін де, әрбір мемлекеттік шенеунікті те Президент кез-келген уақытта босата алады.

Сот билігі жүйесіне қатысты президенттің үлкен өкілеттіктері бар: ол судьяларды жеке өзі тағайындап, олардың жұмысына бақылау жасайды. Бұдан бөлек, президенттіктің бұл үлгісіне президент жергілікті әкімшілік басшысына президенттің саясатын жүргізетін өз адамдарын қою функциясына ие бола алатын атқарушы биліктің аса ірі орталықтануы тән. Жергілікті биліктің президенттен дербес болуы өте сирек жағдай. Көптеген Азия мен Африка елдері Президенттерінің маңызды
функцияларыньщ бірі елдің барлық аумағында немесе жекелеген
аймақтарында төтенше жағдай енгізу, Парламентті тарату құқығы болып
табылады, осының салдарынан елді басқару зан, арқылы емес, жеке
жарлықтар арқылы жүргізіледі. Бұл өзгеше ойлаушыларға қарсы күресте
пайдаланылады, себебі, көптеген афро-азиялық мемлекеттерде

президенттік билік ешқандай да, тіпті ашық оппозицияны да қаламайды. Кез- келген қарсылықты басуда ашық күшті қолдану өздерінің функцияларын орындауда және өз саясатын жүргізуде репрессиялық аппаратқа сүйенетін осы аймақ президенттерінің көпшілігінің басты құралы болып табылады.

Нәтижесінде президенттіктің афро- азиялық үлгісі көбінесе жеке
билік тәртібіне ұласады. Президент- диктаторлар өз елдерінің тәуелсіздігі
үшін ұлт-азаттық күресіндегі жетістіктері нәтижесінде немесе

бұқараландырылған ресми насихаттың ықпалымен шексіз монарх функциясымен ғана салыстыруға келетін функциясы бар "ұлт әкесі" мәртебесіне ие болады. Осы жағдайда президенттер тұтқалы үкімет қызметіые өз туыстарын тағайындап, өз отбасыларын билік құрушы династияға айналдыруға ұмтылады. Олар барлық күш- қайраттарын өз билігін алмастырмау қағидасына жұмсайды, олардың көбі өз елдеріне билік құрушы ақсүйектер қолдап тұрғанға дейін, бір емес, бірнеше ондаған жылдар бойы үстемдік кұрады. Жеке билік үстемдік құрған жағдайда президентті қайта сайлау жалған бүркемеленген науқанға айналады, ал кейбір африкалық мемлекеттерде жақын уақытқа дейін билік басында тұрған басшылар өмір бойы президент болып жарияланып келді [11, с 122-126].

Президент- диктаторлардың жеке тәртіп пен шексіз билік , яғни өз функцияларын орнатуларын елдің қоғамдық, экономикалық және әлеуметтік-саяси даму деңгейінің төмендігінен, әртүрлі халықтар арасындагы этникалық және діни негіздегі өткір шиеленістердің орын алуынаи болып отыр деп тұжырымдайды. Олар сонымен қатар, егер олардың еліндегі президенттік функциялар мен бүкіл мемлекеттік билік батыс демократиясы үлгісінде құрылса, бұл елдер анархия әлегі мен азамат согысына сөзсіз ұрынады деп санайды [53, с 105-109 ]. Осы тұрғыдан алғанда, кеңейтілген президенттік функциясы бар жеке билік тұрғысындағы президенттік басқару хаос пен биліксіздіктен шығудың бірден-бір жолы болып табылады.

Соған қарамастан, бірқатар Азия мен Африка елдеріндегі тиісті кеңейтілген президенттік функциялары бар президенттіктің өктемшілдік және тоталитарлық түрлері әлеуметтік жарылыстардан да, азаматтық соғыстардан да, этника аралық шиеленістерден де сақтап қала алмайды. Соңғы 35 жыл ішінде Азия мен Африка елдеріндегі 40-тан астам Президент өз орындарынағі күшпен алынды немесе әскери төңкеріс кездерінде қаза тапты . Сонымен қатар жекелеген Азия мен Африка елдеріндегі президент функциялары саяси жүйеге толық кірікті, ал президенттік институттьщ өзі тұрақты жариялылық сипат алып, уақыт тезгісінен өтті: бұл Азияда —Үндістан, Израиль, Кипр, Корея, Сирия, Ирак және Индонезия; Африкада — Егшіет, Тунис, Сенегал, Заир, Танзания, Замбия және Бенин.

Азия мен Африка елдеріндегі президент функцияларына сипаттама беруде осы аймақтағы бірқатар елдерде (Үндістан, Израиль және Ливан) президенттіктің европалық үлгісіне сәйкес келетін президенттік басқару функциясы қалыптасқан.

Батыс Европада жартылай президенттік немесе парламенттік нысаиындағы президенттік басқарудың нағыз европалық үлгісі қалыптасқан. Бұл екі жүйеде президенттік биліктің американдық, латынамерикандық және афроазиялық үлгілеріне қарағанда президенттік функциялар неғұрлым шектеулі болып келеді. Жартылай президенттік үлгі тұсында президент мемлекет басшысы функциясына ие, бірақ ол үкімет басшысы болып табылмайды және премьер-министрдің қызметін атқармайды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқарудың жартылай президенттік жүйесінде үкіметтің саясатына ықпал ететіндей бірқатар маңызды функцияларға ие. Ең алдымен, президент министрлер кеңесінің мәжілістеріне төрағалық етеді, немесе ол мәжіліс мемлекет басшысы ел үшін маңызды деп санайтын мәселені қарау үшін оның өтініші бойынша шақырылуы мүмкін. Сонымен бірге, президент үкімет қабылдағаи декреттер мен қаулыларды бекітеді және бұл құжаттармен келіспеген жағдайларда оны қайта қарау үшін үкіметке қайтаруға қүқықтық мүмкіндігі бар. Бұдан әрі президенттің парламент қабылдап, үкімет қолдаған заңдарға вето қою құқығы бар , бүл жағдайда ол жетекші саяси институттардың арақатынасында төреші ролін атқарады. Президент белгілі бір жағдайларда, нәтижесінде үкіметтің ауысуы орын алады деп есептей отырып, өз функциясын парламентті таратып, жақа парламенттік сайлаулар тағайындау үшін пайдалана алады.

Жартылай президенттік республика жағдайында президент лауазымына сәйкес қарулы күштердің бас қолбасшысы функциясына ие. Мемлекеттің сыртқы саясатын анықтауда және жүргізуде оған маңызды функциялар берілген, ол белгілі бір кезде елде төтенше жағдай енгізуге қүқылы, сондай-ақ өз бастамасы бойынша жалпыхалықтық референдум өткізе алады. Бұдан, жартылай президенттік республикада президент маңызды функцияларға ие және мемлекеттің саясатына салмақты әсер ететін ықпалды да белсенді күш болып табылады деген қорытындыға келуге болады.

Сонымен қатар, латынамерикандық президент үлгісіндегі президент
функцияларымен салыстырғанда Батыс Европадағы мемлекет


басшыларының функциялары едәуір тар. Батыс Европада президент үкімет басшысы емес, үкімет іс жүзінде парламенттегі партия фракцияларының арақатынасына байланысты құрылады: бұл жағдайда президенттід функциясы парламентте сенімділік вотумын алуға қабілетті үкімет басшысын тағайындаумен ғана шектеледі. Президенттік билік функциясының оньщ жартылай президенттік нұсқасындағы маңызды шектеулігі үкіметтің президент алдында емес, парламент алдында жауап беретіндігі болып табылады, егер президент және парламенттік көпшілік ір партияға жатпайтын жағдайда ол премьер —министрді отставкіге жіберетін және оны президенттің өзіне, оның партия жетекшісіне ұнайтын тұлғамен ауыстыратын маңызды функцияларға ие.

Мемлекеттік басқарудың жартылай президенттік үлгісінің артықшылығы президентте көптеген нақты билік функциялары бар және премьер меы министрлер кабинеті атқарушы билікке жетекшілік етеді, сонымен қатар үкімет парламент алдында жауап береді. Алайда, мемлекеттік басқарудың бұл үлгісінде егер олар әртүрлі саяси топтарға жататын болса, мемлекет басшысы функциясы мен үкімет басшысы функциясы арасында үкімет саясатын анықтауда басымдылық көрсету үшін шиеленіс болуы ықтимал. Ал егер Конституцияда президенттің, үкіметтің, парламенттің және сот билігінің функциялары нақты қарастырылған болса, мұндай шиеленіс болмауы да мүмкін.

Мемлекеттік биліктің жартылай президенттік үлгісі Франциядагы V Республиканың конституциялық құрылымында кеңінен дамыды. Қазіргі кезде бүл үлгінің жекелеген нұсқалары ТМД мемлекеттерін қоса алғанда, Европа мен Азияның бірқатар елдерінде және Шығыс Европада кездеседі.

Президенттік қызмет қарастырылған мемлекеттік басқарудың
парламенттік жүйесінде соңғысы конституциялық мемлекет басшысынын,
функциясына ие. Бұл, үкімет пен оның қызметі іс жүзінде президент
функциясы айыалымынан шығарылғандығын білдіреді. Бірақпрезиденттід негізгі заңға сәйкес формалді түрде үкімет басшысын тағайындау, парламентті тарату жөнінде хабарлау және кезекті немесе кезектен тыс парламент сайлауларын белгілеу сынды мадызды функциялары болса, іс жүзінде осы және басқа да функцияларын президент оның алдында емес, парламент алдында жауапты үкімет басшысымен келісе отырып жүргізеді. Функцияларды осылай бөлісу нәтижесінде мемлекеттік басқарудың парламенттік жүйесінде үкімет саясатын жүргізуге қажетті билік функциялары бар премьер-министр атқарушы билік басшысы болады. Ол жоғарғы заң шығарушы орган алдында есеп береді, ал парламенттік басқару жағдайында президент өз үкіметінің іо қимылы үшіы жауап бермейді және құқық тәртібінін, кепілі функциясын орындай отырып, елдегі конституциялық құрылыстың мызғымастығын көрсететін, парламенттің үстінен қарайтын түлға болып қалады.

Н.А.Сахаровтың басқарудың парламенттік жүйесіндегі президент мемлекеттік басқару саласында патшалық қүратын бірақ билік етпейтін конституциялық монарх функциясы сияқты рәміздік функцияларға ие деген тұжырымымен келісуге болады [2, с 28]. Мұндай жағдайда президенттің функциясы мансаптық және өкілеттік функциялар ғана болып қалады.

Батыс демократиясының және оған тән айрықша саяси мәдениет жағдайында президенттің нақты саяси функциялары болмаса да ол қоғамда жоғары конституциялық мәртебеге және үлкен беделге ие бола алады. Сонымен қатар ол үкімет немесе бұқара алдында саясаттың ағымдағы маңызды мәселелері жөнінде өз ойын ашық айта алады. Дегенмен, үкіметтің іс-қимылына қатысты оның ойы түзу болуы қажет және мемлекет алдында тұрған негізгі мәселелерге баса назар аударуы керек. Президент сондай-ақ шет елге сапарға шығып, үкіметтің сыртқы саясаттағы функциясын жүзеге асыруға ықпал етеді. Үкімет отставкіге кеткенде, өткір саяси дағдарыстар орын алғанда және түрлі саяси топтар арасындағы қарама- қайшылықтар шиеленіскен кездерде президент билік дәйектілігін сақтап қалуға және мемлекеттіліктің конституциялық негіздерін қолдауға ықпал ететін жоғары лауазымды тұлға ретіиде көрінеді.

Президенттің осы функцияларды орындауына мемлекетті басқарудын, парламеыттік жүйесі кезіндегі премьер-министрлердің де, үкіметтің де жиі ауысуы ықпал етеді, ал мемлекет басшысы үшін конституция өз функцияларын өкілеттігінің мерзімі аяқталғанша орындауына кепілдік береді.

ГФР, Швейцария мен Ирландия президент басқаратын типтік парламенттік республикалар болып табылады.

Германия Федеративтік Республикасында парламенттік басқару жүйесінде Президент мемлекет басшысының жоғарғы мәртебесін иеленеді, бірақ мемлекеттік саясаттың сыртқы саяси саласында өкілеттіктері шектелген. Германия Федеративтік Республикасының негізгі заңына сәйкес Федералды Президент халықаралық құқықтық қатынастарда Федерация атынан әрекет етеді. Дәл осы заңда мемлекеттік саясаттың, соның ішінде сыртқы саяси қатынастарды қандай лауазымды тұлға анықтайтындығын көрсететін басқа да нормалар бар. Мысалы, Федералды канцлер саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды және ол үшін жауапкершілік атқарады. Осындай негізгі бағыттардың шеңберінде әрбір Федералды министр өзінің саласы бойынша істерін жүргізеді және жауапкершілік атқарады.

Сонымен бірге Федералды Президент өзіне қойылған шектеулерге қарамастан шет елдерде өз мемлекеті туралы неғұрлым жақсы ой пікірді қалыптастыру жолында ерекше роль атқаруы мүмкін Мысалы, 1985 жылы Германия Федеративтік Республикасының Президенті Р. фон Вайцзеккер екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуының қырық жылдығына орай Германияның нацистік кезевді толық жоққа шығаратындығы және неміс халқының бейбіт өмірді қалайтындығы туралы бірнеше мәрте жариялаған. Сондай - ақ, мемлекет басшысы халықаралық тақырыптарға қатысты сөз сөйлеу мүмкіндігін иеленеді. Бірақ мұндай тақырыптар бойынша саяси немесе тағы да басқа себептерге байланысты үкімет басшылығы сөз сөйлей алмайтын болуы тиіс.

Парламенттік Республикада халықаралық шарттарды

ратификациялауды іске асыруда Парламенттің орны ерекше. Осылайша
Германия Федеративтік Республикасында Үкімет өкілдері шарттарға қол
қояды. Парламент депутаттарының басым көпшілігінің келісімімен
ратификациялайды және бекіту үшін Президентке тапсырады. Мемлекет
басшысы іс жүзінде Үкімет мақұлдаған және Парламент

ратификациялаған қандай да бір шартты бекітпеуге құқығы жоқ. Жоғарғы заң шығарушы органның мақұлдауын қажет ететін халықаралық шарттарды есептемегенде, Президент заң шығарушылардың келісімін талап етпейтін мемлекетаралық шарттар мен келісім шарттарға қол қоюға құқылы. Осы сипаттағы халықаралық актілерге қол қою құқығы президенттік, парламенттік, жартылай президенттік (мемлекетте) басқару жүйесінде де Конституциялық негізде президенттің құзіретіне беріледі. Германия Федеративтік Республикасының негізгі заңы Федералдық Президенттің әкімшілік сипаттағы мемлекетаралық шарттар мен келісім шарттар жасау құқығын бекітеді. Федералды Президент халықаралық құқықтық қатынастарда Федерация атынан әрекет етеді. Елшілерді тағайындайды және қабылдайды. Германия Федеративтік Республикасының негізгі заңы бойынша Федералды Президентке қарулы

күпітерге қатысты ешқандай өкілеттік берілмеген.



Мемлекеттік басқарудың әр түрлі жүйесіндегі президент функцияларын
қарастырудьщ өзіндік объективті қиыншылықтары бар, себебі бірқатар
елдерде бүл функциялар сан алуан нысан қабылдаған. Мәселен, Италия
парламенттік республика болып саналады, бірақ бұл ел президентінің
парламентті тарату және вето құқығы функциясы бар. Үндістан да
парламенттік республика болып саналады, алайда бұл мемлекет
президентінің функциясына парламенттің екі палатасының бірлескен
мәжілісін шақыру құқығы да кіреді. Эстонияда мемлекет басшысы
жартылай президенттік республикадағы президенттің көптеген

функцияларына ие, алайда қарулы күштерге жетекшілік ету жөніндегі функцияны ол емес, қорғаныс министрімен бірлесе отырып премьер-министр жүргізеді [12, с 250].

Құқықтық құбылыстардың себеп-салдарлы байланысын зерттеуде қажетті логикалық-танымдық құрал болып табылатын салыстырмалы құқықтанушылық әдісін пайдалана отырып, басқарудың түрлі нысандарының өзгешелік дәрежесі мен қызметінің тиімділігі мәселесін анықтау маңызды болып табылады. Бұл себептер мен байланыстарды анықтау құқықтық құбылыстардың терең мәнді қағидаларын ашуға, олардың даму заңдылықтарын тануға жетелейді.

Салыстыру тиімді, жемісті болу үшін екі шартты қатаң сақтау қажет.

Бірінші шарт: араларында нақты, объективті ортақтық бар құбылыстар ғана салыстырылуы тиіс, яғни, объектілер біртекті және салыстыруға келуі шарт, былайша айтқанда, өзара байланысты болулары қажет.

Екінші шарт: салыстырылатын объектілердің мақсаты мен салыстыру шекарасын есепке ала отырып, неғұрлым мәнді деген белгілерін салыстыру керек, яғни салыстыру объектілері нысаны жағынан ғана емес, сонымен бірге ішкі мазмұны жағынан да қатар тұруы қажет.

Бұл екі шарттың негізі тарихи, экономикалық және мәдени жағдайлармен үйлесім табуы қажет. Ресей президенті институтының нормаларын АҚШ немесе Франциямен тікелей салыстыру туралы әңгіме болуы мүмкін емес, алайда бұл әдісті пайдалануды толығымен жоққа шығаруға да болмайды. Дегенмен, жекелеген заңгер ғалымдардың, мәселен, "бізге президенттік биліктің қайсы үлгісін толық алу қажет — француздық па әлде американдық па" деп мәселені тікелей қойған заң ғылымдарының докторы В.Кабышевтін, пікірімен келіспеуге де болмас [23].

Парламенттік (нақтырағы —парламентарлық) басқару нысанында үкіметті парламенттегі ( көбіне оның төменгі палатасында) көпшілік дауысқа ие партиялар құрайды. Үкімет парламент пен оның төменгі палатасы алдында саяси жауап береді. Бұл жауаптылық тек заң үшін болады және ол үкімет бірде-бір занды бұзбаған жағдайда да орын алуы мүмкін. Бұл жауаптылық әр түрлі занды нысандар арқылы білдіріледі. Ең күшті нысан- парламент тарапынан сенімсіздік білдірілуі немесе үкімет өзі сенім туралы мәселе қойған жағдайда парламенттің сенім білдіруден бас тартуы болып табылады. Бұл жағдайда үкімет қызметінен кетеді немесе заң шығару мен атқарушы билік арасындағы тартыста кімдікі дүрыс екендігін сайлаушылардың өздері шешуі үшін президентке парламентті тарату (оның төменгі палатасын) және жаңа сайлаулар өткізу жөнінде ұсыныс жасайды.



Ең әуелі, "парламенттік" және "жартылай президенттік" республикалардағы президенттердің қүқығын салыстыру орынды болар еді. Бүл ерекшеліктіқ мәні президент, парламент және үкімет арасындағы өзара қарым- қатынаста жатыр.

Парламенттік және "жартылай президенттік" республикалардағы мемлекет басшысының құқықтық жағдайына және Америка Құрама Штаттары, Ресей, Француз Республикасы Президенттері институттарының жекелеген нормаларына жоғарыдағыдай салыстырмалы-құқықтық талдау жасауға үмтылудан мынадай қорытынды шығады:

  • Қазақстан Республикасы Президенттік институтының жекелеген
    элементтері қазіргі таңдағы АҚШ және Франция елдеріндегі тиісті
    институттардан алынды;

  • Қазақстан Республикасының Президенттік институтын
    конституциялық нормалардьщ қалыптасқан жиынтығы деп қарауға
    болмайды. Қазақстанның тоталитарлық елден құқықтық мемлекет
    болып қайта құрылуындағы әлеуметтік, экономикалық және саяси
    міндеттердің қиындығымен айқындалған ол үнемі даму үстінде
    келеді.

"Күшті" атқару билігіне жақын үлгідегі президенттік қызметті тағайындау бірнеше себептерге байланысты орын алып отыр. Атап айтқанда:

  • Мемлекеттік билік функциясының табиғатына жат әміршілдік-
    әкімшілдік жүйенің жойылуына байланысты біздің қоғамнын, саяси
    құрылымындағы өтпелі кезеңнің түбірлі өзгерістеріне сәйкес;

  • Орталық пен республикалар арасындағы келіспеушіліктерді
    тереңдетіп, бұрынғы КСРО-ның бірқатар республикаларында
    президенттік қызметті тағайындауға негіз болған КСРО Президенті
    қызметін тағайындау және оған төтенше өкілеттіктер беру арқылы
    одақтық деңгейде билікті күшейтуге тырысу;

• Азаматтық қоғамды қалыптастыру процесінің басталуы және жаңа

қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктер, қозғалыстар мен

партиялар құру, барлық таптар мен қазақстандық қоғамның

әлеуметтік топтарының саяси белсенділігінің артуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет