Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №001. 01-39. 144 бұйрығымен бекітілген



бет6/6
Дата05.06.2017
өлшемі1,36 Mb.
#17959
1   2   3   4   5   6

1.2.1-міндет. Қаржы делдалдығы деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сеніміне қолдау көрсету

«Қаржылық тұрақтылық индикаторлары» ААШЖ дамыту және пысықтау.

«Қаржылық тұрақтылық индикаторлары» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе макроэкономикалық көрсеткіштер жинау және талдау үшін ақпараттық-талдау жүйесін және қаржылық тұрақтылық индикаторларын білдіреді.

2011 жылы бағдарламалық қамтамасыз ету функционалын дамыту және пысықтау бойынша жұмыс жүргізді, оның шеңберінде кіріс ақпаратты қосу және шағын жүйелерді ақпаратты шығару бөлігінде оңтайландыру мақсатында ҚРҰБ басқа да шағын жүйелерімен шоғырландырылды.
1-стратегиялық бағыт. Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу

1.3.-мақсат. Сыртқы экономикалық статистиканың халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.

1.3.1-міндет. «Төлем балансы бойынша деректерді жинақтау және өңдеу» ААШЖ дамыту және пысықтау

Іс-шара. Есепті кезеңде ҚР Ұлттық Банкі және «ҚРҰБ Банктік сервис бюросы» РМК арасында жасалған 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №718НБ/BSB/151 шартқа берілген 2011 жылғы 14 қаңтардағы №2 тапсырмаға сәйкес бекітілген жоспар-кесте бойынша жұмыс аяқталды. Техникалық тапсырмаға мынадай толықтыру әзірленіп, бекітілді:

1. Бағдарламалық қамтамасыз ету және техникалық жұмыс құжаттамасы пысықталынды.

2. «Бағдарлама және сынақтар әдістемесі» құжаты әзірленді және бекітілді.

3. Пысықталынған ААШЖ-ге алдын ала сынақтар және тәжірибелік пайдалану жүргізілді.

4. Шағын жүйе 2011 жылғы 25 тамыздан бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді.
1.4-мақсат. Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерінің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету

Міндет. «HiPerformance» және «Askari» бағдарламалық өнімдерін ендіру

Іс-шара. Есепті кезеңде активтерді басқару мен талдау, тәуекелдердің менеджменті үшін Ұлттық Банкте «HiPerformance» бағдарламалық өнімін енгізу бойынша жұмыс жалғастырылды. «Пайдаланушылардың қабылдауы және пайдалану үшін сынау» сатысында мынадай жұмыстар жүргізілді:

1. Алтынвалюта активтері бөлігінде ендіру бойынша жұмыс, тұтастай алғанда аяқталды.

2. Ұлттық Қор бойынша кастодиан банкпен интерфейстерді орнату жұмысы аяқталды.

3. Сенімгерлік басқарудағы қорлар (клиенттер) бойынша «HiPerformance» бағдарламалық өніміне қосу үшін әзірленген интерфейстерді (Security master, позициялар, транзакциялар) алынды .


2-стратегиялық бағыт. Тиімді валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру

2.1-мақсат. Ырықтандырылған валюталық режим және Кеден одағының жұмыс істеуі жағдайларындағы валюталық реттеу және бақылау жүйесін жетілдіру

2.1.2-міндет. Валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша толық және шынайы ақпарат алу мақсатында валюталық бақылау рәсімдерін жетілдіру

Іс-шаралар:

1. ААШЖ пысықтауға арналған 2011 жылғы 20 мамырдағы №9 Тапсырма жасалды.

2. Тапсырмаға және бекітілген жоспар-графикке сәйкес Техникалық тапсырмаға қосымша әзірленді және бекітілді.

3. Бағдарламалық қамтамасыз етуді және техникалық жұмыс құжаттамасын пысықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

4. ААШЖ 2011 жылғы 1 қарашада актімен өнеркәсіптік пайдалануға берілді.
3-стратегиялық бағыт. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру
3.1-мақсат. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету

3.1.1-міндет. Операторы «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК болып табылатын ұлттық төлем жүйелерінің (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клирингі жүйесі) тиімді, сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту бойынша жоспарланған іс-шаралар.

1. Сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға көшу мақсатында пысықталған ААШЖ сынақтан өткізу және ендіру

Сәйкестендіру нөмірлерін (СН) пайдалануға көшу шеңберінде 2011 жылғы 25 қаңтарда Ұлттық Банктің ақпарат жүйелеріне және төлем жүйелерінің операторы − «ҚБЕО» РМК бағдарламалық-техникалық кешеніне ішкі сынақтан өткізу жүргізілді. Сонымен қатар мынадай 9 кешенді тестілеу жүргізілді:

- 2011 жылғы 17-18 ақпанда Ұлттық Банктің, І-топтағы банктердің (26 қатысушы), «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «МЗТО» РМКК және «ҚБЕО» РМК автоматтандырылған жүйелерін сынақтан өткізу жүргізілді;

- 2011 жылғы 24-25 ақпанда Ұлттық Банктің, ІІ-топтағы банктердің (21 қатысушы), «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «МЗТО» РМКК және «ҚБЕО» РМК автоматтандырылған жүйелерін сынақтан өткізу жүргізілді;

- 2011 жылғы 17-18 наурызда, 2011 жылғы 21-22 сәуірде, 2011 жылғы 25-26 мамырда, 2011 жылғы 14-15 қыркүйекте, 2011 жылғы 17-18 қарашада, 2011 жылғы 20-21 желтоқсанда төлем жүйелерін пайдаланушылардың автоматтандырылған ақпарат жүйелерін, Ұлттық Банктің ААШЖ және ҚБЕО төлем жүйелерін сынақтан өткізу жүргізілді;

- 2011 жылғы 19-20 және 21 қазанда проведены тестирования төлем жүйелерін пайдаланушылардың автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріне, Ұлттық Банктің ААШЖ-не және ҚБЕО төлем жүйелеріне, сондай-ақ СТН және ӘЖК еске деректемелерін жаңа СН дербес түзету мүмкіндігі бар және төлем хабарламаларының жаңа форматтарына қайта құру арқылы салық органдарының инкассалық өкімдері орындалды.

Жыл бойы Ұлттық Банк және төлем жүйесінің операторы «ҚБЕО» РМК төлем жүйелерін пайдаланушыларға өздерінің автоматтандырылған ақпарат жүйесін СН пайдалануға өту бойынша қосымша сынақтан өткізуді ұйымдастыру үшін сынақ стендінің тұрақты жұмысы қамтамасыз етілді.

2. Астана қаласындағы ҚРҰБ-нің Резервтік орталығын құру бойынша жұмыстарға қатысу ҚРҰБ-нің 2011 жылғы 12 қаңтардағы №7 бұйрығымен бекітілген ҚРҰБ-нің жаңа Резервтік орталығын құру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

Мәселен, 2011 жылғы қаңтарда Резервтік орталықты құру бойынша консультациялық қызметтерді сатып алу бойынша тендерлік құжаттаманы әзірлеу жөнінде жұмыс жүргізілді;

- 2011 жылғы ақпанда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» Резервтік орталығы» АҚ бас директорының 2011 жылғы 22 ақпандағы № 5 бұйрығымен Резервтік орталықты құру бойынша консультациялық қызметтерді сатып алу бойынша тендерлік құжаттама әзірленді және бекітілді;

- 2011 жылғы 22-23 ақпанда «Q-BRO» АҚ және Ұлттық Банктің интернет-ресурсында Консультациялық компанияның қызметтерін сатып алу бойынша тендерді жүргізу туралы хабарландыру жарияланды;

- 2011 жылғы 24 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Q-BRO» Резервтік орталығы» АҚ Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Резервтік орталығын құру бойынша консультациялық қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізді. Бұл тендер тендерлік өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша және сараптамалық комиссияның қорытындысы негізінде өткізілмеген деп танылды;

- 2011 жылғы сәуір мен мамырда жаңа Резервтік орталықты құру бойынша консультациялық қызметтерді қайта мемлекеттік сатып алу бойынша Тендерлік құжаттаманың жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізді;

- 2011 жылғы 16 мамырда жаңа Резервтік орталықты құру бойынша консультациялық қызметтерді қайта мемлекеттік сатып алу бойынша тендерді өткізу туралы «Q-BRO» АҚ және Ұлттық Банктің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланды;

- 2011 жылғы 20 маусымда Сараптамалық комиссия Резервтік орталықты құру бойынша консультациялық қызметтерді қайта мемлекеттік сатып алу бойынша әлуетті жеткізушілердің конкурстық өтінімдері және/немесе баға ұсыныстары бар конверттерді ашты.

2011 жылғы шілдеде Астана қаласындағы ҚРҰБ-нің Резервтік орталығын құру бойынша консультациялық қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша келіп түскен тендерлік өтінімдерді қарау бойынша жұмыс жүргізілді. Оларды қарау нәтижелері бойынша Астана қаласындағы ҚРҰБ-нің Резервтік орталығын құру бойынша консультациялық қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша 2011 жылғы 20 маусымда қайта өткізілген тендер өткізілмеген деп танылды.

2011 жылғы тамыз – қыркүйекте «Q-BRO» АҚ Астана қаласында ҚРҰБ-нің Резервтік орталығын құру бойынша консультациялық қызметке мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін тиісті рәсімдік іс-шаралар өткізді.

2011 жылғы қазанда «Q-BRO» АҚ «Инфосистемы Джет» ЖШС-мен Астана қаласында ҚРҰБ-нің Резервтік орталығын құру бойынша консультациялық қызметке мемлекеттік сатып алу туралы 2011 жылғы 5 қазанда № К/0907-11/40 Q-BRO шартын жасады.

2011 жылғы қарашада «Q-BRO» АҚ Резервтік орталықтың ТЭН арналған техникалық тапсырманы, сондай-ақ ТЭН әзірлеуге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу жұмысын жүргізді.

2011 жылғы 4 қарашада «Q-BRO» АҚ интернет – ресурсына ТЭН әзірлеуге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жүргізуге хабарландыру орналастырды.

2011 жылғы 6 желтоқсанда «Q-BRO» АҚ Астана қаласындағы Резервтік орталықтың ТЭН әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізді. «ППК» жобалау-құрылыс компаниясы» ЖШС-мен ТЭН әзірлеу бойынша жұмысты мемлекеттік сатып алу туралы 2011 жылғы 14 желтоқсанда №59 шарт жасалды. «Инфосистемы Джет» ЖШС-мен жасалынған Астана қаласындағы ҚРҰБ-нің Резервтік орталығын құру бойынша консультациялық қызметті мемлекеттік сатып алу туралы 2011 жылғы 5 қазандағы №К/0907-11/40 Q-BRO шарт бойынша жұмыс жүргізілді.

Ақпарат жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Міндет. Т24 БАЖ жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Temenos Т24 (Т24 БАЖ) банктік ақпарат жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Іс-шара: Т24 БАЖ жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Temenos Т24 (Т24 БАЖ) банктік ақпарат жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Атап айтқанда, Т24 БАЖ қызмет көрсету және дамыту қызметіне пайдаланушылардың 261 өтініші өңделді, 64-ті бойынша жүйенің маңызды пысықтаулары жүргізілді.

«Деривативалар – фьючерстер, опциондар» модулінің «Опционы» операциялары» «НСИ», «Cosmos and Aegis» және «Шоғырландырылған есептілікті жасауды автоматтандыру» жүйелерімен интерфейстер өндірістік пайдалануға берілді.

Тұтастай алғанда есепті кезеңде пайдаланушылар өтінімдерінің негізінде және Шарт бойынша талаптарға сәйкес «Эмиссиялық-кассалық операциялар», «Шоттар», «Банкаралық депозиттер», «Ақша аударымдары», «Әкімшілік-шаруашылық қызмет» «Бағалы қағаздармен операциялар», «Жеке тұлғаларға заемдар беру операциялары», «Мерзімі өткен берешек», «Ностро шоттарын салыстырып тексеру», «Сенімгерлік-брокерлік және кастодиандық қызмет көрсету», «Лимиттер», «Деривативтер – фьючерстер, опциондар», «IAS39 – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары», «FOREX қолма-қол жасалмайтын валюталық айырбастау операциялары» модульдері бойынша 59 пысықтау жүргізілді, сондай-ақ «БААЖ ПУ», «Қымбат металдарды есепке алу», «ҚБЕО», «KASE», «Bloomberg», «Cosmos and Aegis», «НСИ», «Қызметкерлерді басқару» және «Бюджетті жоспарлау және талдау» жүйелерімен интерфейстер бойынша 5 пысықтау жүргізілді;

Теменос компаниясының қолдау көрсету қызметі операциялық күнін жабу рәсімінің функционалын түзету, сондай-ақ «Банкаралық депозиттер», «Жеке тұлғаларға заемдар беру операциялар», «Мерзімі өткен берешек», «IAS39 – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары», «Деривативтер – фьючерстер, опциондар» модульдерінің жұмысын түзету үшін ұсынған 2011 жылғы 21 қаңтардағы R063750, R063745, R063668, 2011 жылғы 25 ақпандағы R063813, 2011 жылғы 17 наурыздағы R063851, 2011 жылғы 3 мамырдағы R063830, 2011 жылғы 3 мамырдағы R063557, 2011 жылғы 1 маусымдағы R063917, 2011 жылғы 17 қазандағы R064008 - 9 патч тесттен өткізіліп орнатылды.

Міндет. Мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпарат жүйелерінің өзара іс-қимылын пысықтау және кешенді тестілеу және сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН және БСН) пайдалануға түпкілікті көшу бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспарында көзделген іс-шараларды орындауы бөлігінде жұмысты жалғастыру.

Іс-шара: Т24 БАЖ пысықтау бойынша іс-шаралар және тест жүргізу графигіне және ҚРҰБ автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйелерінің және «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК-ның төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық кешенінің сәйкестендіру номерлерін (СН) пайдалануға көшу бойынша өзара іс-әрекетіне тест жүргізудің сәйкестендіру номерлерін (СН) пайдалануға көшу бойынша өзара іс-әрекетіне тест жүргізудің 19.01.2011ж. жоспарына сәйкес тест жүргізу іс-шаралары жүргізілді. Тестілеудің қорытындысы бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда Т24 БАЖ сәйкестендіру нөмірлерін (СН) пайдалануға көшу жөніндегі пысықтауы өндірістік пайдалануға дайын болды.
Осылайша барлық жоспарланған жұмыстар толық көлемде және тиісті мерзімде жүзеге асырылды және бұл Т24 БАЖ функционалдық мүмкіндіктерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

Міндет. Ұлттық Банктің әкімшілік-шаруашылық қызметінің есебін жүргізу үшін бағдарламалық пакетті таңдау және ендіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Іс-шаралар: Есепті кезеңде жүйеге қойылатын талаптарды пысықтау және нақтылау бойынша, жеткізуші компаниялардан ақпарат жинау бойынша жұмыстар жүргізілді:

1. Конкурстық рәсімдерді өткізу үшін техникалық ерекше нұсқама және шарттың жобасы дайындалды.

2. Уәкілетті бөлімшеге сатып алуды ұйымдастыруға және жүргізуге өтінім берілді.

3. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс екі рет өткізілді: 2011 жылғы 19 тамызда мемлекеттік сатып алу бойынша бірінші конкурс жарияланды және 2011 жылғы 28 қарашада қайтадан конкурс жарияланды. Өткізілген сатып алулар нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның конкурс қатысушыларын екі әлеуетті жеткізушіден кем болды деп тануы себебімен конкурстар өтпеді деп танылды (2011 жылғы 30 желтоқсандағы қайталама мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттамасы).



Міндет. Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Резервтік орталығын құру жөніндегі жұмыстарға қатысу

Іс-шара: ҚРҰБ Төрағасының 2011 жылғы 12 қаңтардағы № 7 Бұйрығымен бекітілген ҚРҰБ жаңа Резервтік орталығын құру тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар жүргізілді, оның ішінде:

1) ҚРҰБ қызметкерлері деректерді өңдеу орталықтарын құруға арналған таныстырылымдарға, семинарларға және конференцияларға қатысты;

2) деректерді өңдеу орталықтарын құру бойынша консультациялық компаниялар нарығына зерттеу жүргізілді (құрылған дата-орталықтардың саны, TIA 942 стандартының TIER деңгейлеріне сәйкес келуі, серверлік залдарының алаңдары, мамандардың болуы және т.б. бойынша ақпарат жинау);

3) Резервтік Орталықты құру бойынша консультациялық қызметтерді сатып алуға тендерлік құжаттамаға арналған техникалық ерекше нұсқама әзірленді. Қызметтерді сатып алу бойынша тендерлік құжаттамаға талқылау, түзету және келісу жүргізілді;

4) ҚРҰБ қызметкерлері тендерлік құжаттама бойынша туындаған мәселелерді түсіндіру үшін консультациялық қызметтерді жеткізушілері өкілдерімен кездесуге, әлеуетті жеткізушілердің сұрауларына жауаптарды дайындауға қатысты;

5) РО құру жөніндегі консультациялық қызметтерді сатып алуға тендердің нәтижесі бойынша сараптама қорытындысы дайындалды;

6) ҚРҰБ Резервтік Орталығын құру жөніндегі консультациялық қызметтерді сатып алу шарты шеңберінде Консультациялық компанияның өкілдерімен кездесулер және ҚРҰБ-нің және ҚБЕО-ның мүдделі қызметкерлерімен сұхбаттар жүргізілді, есептер қаралды және консультациялық компанияға ҚРҰБ деректері бөлігінде есептеу орталығының желілік инфрақұрылымы мен инженерлік жүйелер бойынша қажетті материалдар, сондай-ақ ҚРҰБ бағдарламалық-ақпараттық кешенін зерттеу туралы есеп дайындалды. Q-BRO және консультациялық компанияның өкілдерімен аудиоконференция жүргізілді;

7) Резервтік Орталық құрылысын салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі жұмыстар сатысының шегінде Астана қаласында ҚРҰБ Резервтік Орталығы ғимаратын салу үшін ТЭН әзірлеуге тапсырманың жобасы келісілді

Жұмыстар 2012 жылы жалғастырылатын болады.
Қызметкерлерге басшылық ықпал етуді жетілдіру
Міндет. Қызметкерлерді таңдау жүйесін жетілдіру

Іс-шара: Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және ҚРҰБ жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын ҚРҰБ қызметкерлерінің бос орындарына іріктеу кезінде ҚР заңнамасын білуін бағалау үшін тест сұрақтары әзірленді және ҚРҰБ Төрағасының 2011 жылғы 24 қаңтардағы №15 бұйрықпен бекітілді.
Міндет. Қызметкерлерді аттестациялау жүйесін жетілдіру

Іс-шара: Мынадай бұйрықтардың жобасы дайындалды:

«ҚРҰБ техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді бос қызметтерде іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін бағалау үшін тест жүргізу тәртібін, тестілеу бағдарламасын, тестілеу нәтижелерінің шекті мәндерін және тест әзірлеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы»;

2) «ҚРҰБ және оның ведомстволарына техникалық қызмет көрсетуді және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді аттестациялау үшін тестілер әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы»;

3) «ҚРҰБ және оның ведомстволарына техникалық қызмет көрсетуді және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді аттестациялау жөніндегі комиссия құру туралы»



Міндет. Ұлттық Банктің курстарында мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру

Іс-шара: 2011 жылы мемлекеттік тіл курстарындағы сабақ жасалған шарттарға және бекітілген бұйрықтарға сәйкес жүргізілді. Әрбір оқыту кезеңі аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға тестілеу және сауалнамалар жүргізілді, ҚРҰБ басшылығы үшін курстардағы оқыту тиімділігі бойынша талдау жасалды. Ұлттық Банктің орталық аппараты бойынша оқыған қызметкерлердің саны 67 болды, ҚРҰБ филиалдары бойынша – 185 қызметкер.

Міндет. Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасына сәйкес Ұлттық Банктің жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

Іс-шара: Ұлттық Банк жүйесінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыс «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығын, «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 878 қаулысын және ҚРҰБ Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 198 қаулысын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.

Бұдан басқа, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мақсатында ҚРҰБ Төрағасының 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 226 бұйрығымен ҚРҰБ қызметкерлері күнделікті жұмысында пайдалана алатын мемлекеттік тілдегі терминдерді қарау және бекіту жөніндегі салалық терминологиялық жұмыс тобы құрылды. 2011 жылғы 30 қыркүйектегі және 2011 жылғы 28 желтоқсандағы №№ 1 және 2-хаттамалармен 180 термин бекітіліп ҚР Мәдениет министрлігіне жіберілді.



Міндет. Іс жүргізуді Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасына сәйкес мемлекеттік тілде жүргізу
Іс-шара: Ұлттық Банк қызметкерлері жекелеген бұйрықтар мен өкімдерді, еңбек шарттарын, қосымша келісімдерді, қаулы жобаларына ілеспе құжаттарды, ақпараттық сипаттағы қызметтік хаттарды, әртүрлі анықтамалық материалдарды және т.б. өздері дайындайды. Қызметкерлер «Статистикалық бюллетень» жинағын мемлекеттік тілде өздері дайындайды. Оған қоса, ҚР министрліктерімен және ведомстволарымен, сол сияқты Ұлттық Банктің филиалдары мен орталық аппаратының бөлімшелерімен хат алмасу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Міндет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне, атаулы күндеріне және басқа қоғамдық маңызды оқиғаларға арналған іс-шараларды дайындау және өткізу кезінде Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасының негізгі қағидаттарын пайдалануды қамтамасыз ету

Іс-шара: Ұлттық Банкте Халықаралық әйелдер мейрамын және Наурыз мейрамы - 2011 мерекелеуге арналған іс-шаралар дайындау және өткізу кезінде Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасының негізгі қағидаттары ескерілді (мемлекеттік тілге және оның қоғамдағы рөліне құрмет, ұлттық салт-дәстүрлерге құрмет, этникалық мәдениет және тілдерді дамытуға көмектесу).
ҚРҰБ-де оқуға жалпыға бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ету. Орталық банк қызметкерлерін - әмбебаптарды оқыту жүйесін құру

Міндет. Қашықтықтан оқытуды ендіру.

Іс-шара: Ұлттық Банктің оқыту жүйесін жетілдіру, атап айтқанда, оқуға жалпыға бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында қашықтықтан оқыту нысанын ендіру туралы шешім қабылданды. Осы оқыту нысанын пайдалану Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарының қызметкерлері үшін оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша шығыстарды айтарлықтай азайтады. Мәселен, «РгimeВгidgе» компаниясымен Adobe Connect Pro бағдарламалық қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды (2011 жылғы 15 сәуірдегі №135НБ шарт). Сондай-ақ қашықтықтан оқыту үшін Adobe Connect Pro бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша оқу жүргізілді.

Қашықтықтан оқытуды ендіру шеңберінде Ақтөбе филиалының қызметкерлері үшін «Карьераны дамытудың жеке жоспарлары» тақырыбына арналған семинар өткізілді (2011 жылғы маусымда), сондай-ақ барлық филиалдардың қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде тәуекелдерді басқару» (2011 жылғы 26 желтоқсанда) және «Қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету» (2011 жылғы 28 желтоқсанда) тақырыптары бойынша семинарлар өткізілді.



Міндет. Оқу курстарының бейнетекасын және электрондық кітапханасын құру.

Іс-шара: Ұлттық Банк қызметкерлерінің үзіліссіз білім алу үдерісін дамыту шеңберінде Ұлттық Банктің бейнетекасын және электрондық кітапханасын құру жоспарланды. Осыған байланысты Ресей Банкінің Халықаралық оқу орталығымен (Тула қ.) бейнематериалдармен алмасу жүргізілді, оның нәтижесінде Ұлттық Банктің бейнетекасы Тула оқу орталығының базасында 2008 жылдан бастап 2011 жыға дейінгі кезеңде орталық банктер қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша өткізілген семинарлардың бейнежазбалармен толықтырылды.

Бұдан басқа, бейнетеканы толықтыру үшін Ұлттық Банктің базасында өтетін барлық семинарлардың тұрақты түрде бейнежазбасы ұйымдастырылған. Мысалы «Lessons for Central Banking from the Global Financial Crisis» (Гёте Бизнес Скул өкілдері 2011 жылғы 30 мамырдан бастап 3 маусымға дейін жүргізді), «Business Continuity Management» (Швейцария Ұлттық Банкінің өкілдері 2011 жылғы 29 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін жүргізді) тақырыптары бойынша семинарлардың бейнежазбасы жасалды.


Міндет. Орталық банкте құндылықтар, іскерлік этика және басқару қағидаттары жөніндегі ай сайынғы базалық семинарлар өткізу

Іс-шара: Өзінің басты құндылықтарын зерттеу Ұлттық Банктің қызметкерлеріне негізгі іскерлік және жеке мақсаттарын айқындауға, жеке басының және ұйымдық мақсаттарын сәйкестендіру қажеттілігін сезінуге мүмкіндік береді, бұл қызметкерлерді жоғары кәсіби нәтижелерге жетуге ынталандырады және корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал етеді.

Осыған баланысты, іскерлік этика және орталық банктегі басқару қағидаттары бойынша ай сайынғы семинарлар өткізу жоспарланды. Осы тақырып бойынша семинарлар Ұлттық Банктің 7 аумақтық филиалында (Ақтөбе,Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда филиалдары), Ұлттық Банктің орталық аппаратында, ҚҚК және АӨҚОДК өткізілді.

Білім беру саласында ең озық тәжірибені дамыту үшін Ұлттық Банк қызметкерлерін оқыту бағдарламасы бойынша 214 сағат дәріс берілді, оның 30 % ағылшын тілінде (Хахенбургтегі Deutsche bundesbank жанындағы қолданбалы ғылымдар университетінің үлгісі бойынша). Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесі Ұлттық Банк басшыларының және қызметкерлерінің тарапынан ағылшын тіліндегі дәріске қызығушылығының артуы болып табылады, бұған 2012 жылы келіп түскен бөлімшелердің осы оқу бағдарламасы бойынша қызметкерлердің дәріс беруге қатысуына өтінімдер дәлел бола алады.

Ұлттық Банктің Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ жанындағы МВА бағдарламасы бойынша магистратура арқылы мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін мамандарды даярлауға қатысуы
Міндет. ҚРҰБ-нің жоғары білікті қызметкерлерінің Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің жанындағы МВА бағдарламасы бойынша Магистратурасының оқу үдерісіне қатысуы

Іс-шара: Қазақстанның қаржы жүйесін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің МВА бағдарламасы бойынша магистратурасы арқылы мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін кадрларды дайындауға қатысу жалғастырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 25 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) таратылды, оның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне берілді. Таратылған Агенттіктің мүлкін тапсыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру шегінде «Аламаты қаласының өңірлік қаржы орталығының академиясы» АҚ тиесілі болған акциялар Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруына берілді.

Кезінде Агенттіктің бастамасы бойынша қаржы секторының, атап айтқанда қалыптасу үстіндегі қор нарығы және қаржы ұйымдары үшін кәсіби кадрларды дайындау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру үшін «АӨҚО Академиясы» АҚ құрылған және оның қаржы секторы бойынша басым мамандандырылған іскерлік басқару магистрлерін дайындауға арналған тиісті мемлекеттік лицензиясы бар.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Магистратура «АӨҚО Академиясы» АҚ базасына ауыстырылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Магистратурасының «АӨҚО Академисы» АҚ-мен бірлесіп қызмет ету туралы 2012 жылғы 24 тамыздағы № 375ҰБ шартқа қол қойылды.

Ұлттық Банктің қызметкерлері Магистратурада лекцияларды, мастер-кластарды, тренингтерді өткізуге, әртүрлі комиссиялардың жұмысына, магистранттардың Ұлттық Банкте практикасын ұйымдастыруға, магистранттарды жұмысқа орналастыруға, оқуға түсу емтихандарын ұйымдастыруға қатысты.

Сондай-ақ Магистратура өкілдері Ұлттық Банктің базасында 2011 жылғы 30 мамырдан бастап 3 маусымға дейінгі кезеңде «Lessons for Central Banking from the Global Financial Crisis» тақырыбы бойынша Goethe Business School семинарына қатысты.



3-бөлім. Тәуекелдерді басқаруды талдау
Сыртқы тәуекелдер
Энерготасымалдауыштардың әлемдік бағаларының төмендеуі

Тәуекелдерді басқару бойынша шара қабылдамаған жағдайдағы ықтимал салдары:

Экспорттық түсімдердің күрт төмендеуі, елдің сыртқы өтімділігі мен төлем қабілеттілігі жағдайының тұрақсыздануы.



Іс-шара:

1) 2011 жылы ішінде Еуропа одағы елдеріндегі жағдайға байланысты кредиттік тәуекелдерді болдырмау мақсатында Ұлттық Банктің Басқармасы АВА инвестициялық портфелінің Еуро қосалқы портфелі үшін және ҚРҰҚ жинақтау портфелінің Еуро қосалқы портфелі үшін эталондық портфелін жоғары кредиттік сапасы бар эталондық портфельдеріне ауыстыруға шешім қабылдады.

2) Арнайы шаралар талап етілген жоқ (тәуекелдер болған жоқ)

Әлемдік қаржы дағдарысы

Тәуекелдерді басқару бойынша шара қабылдамаған жағдайдағы ықтимал салдары:

Қазақстан қаржы жүйесінің тұрақсыздануы



Іс-шара: Дағдарысқа қарсы жедел ден қою шараларын және оларды қолдану тетіктерін әзірлеу

Арнайы шаралар талап етілген жоқ (тәуекел болған жоқ)



Қаржылық тұрақтылыққа қауіп төнуі

Тәуекелдерді басқару бойынша шара қабылдамаған жағдайдағы ықтимал салдары:

Жүйелі дағдарыстың өрбуі



Іс-шара: ҚҚК мен Ұлттық Банктің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 166/1 және № 202 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жүйелі тәуекелдерге жедел ден қою жоспарының шараларын іске асыру.

Қазақстанда макропруденциалдық реттеуді ендіру бойынша шаралар кешенін іске асыру



Іс-шара:

Арнайы шаралар талап етілген жоқ (тәуекел болған жоқ).

2011 жылы ішінде Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңестің 18 (он сегіз) отырысы өткізілді, онда мына мәселелер қаралды:

Банк секторы бойынша

- шетелдік капиталдың банк секторына қатысуын шектеу;

- екінші деңгейдегі банктердің резервтерді қалыптастырудың жаңа тәсілінің тұжырымдамасы;

- екінші деңгейдегі банктер мәмілелер жасауға құқылы болатын облигациялар үшін ең төменгі талап етілетін рейтингіне қойылатын талаптарды жетілдіру (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысы);

- Қазақстан Республикасында Аграрлық банкті құрудың орындылығы;

- Банктік заем шарттары бойынша міндеттемелерді және төлемдерді индекстеуге тыйым салуды бұрын жасалған халықаралық стандарттардың банктік заем шарттарынан туындайтын қатынастарға қолдану;

- Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдану коэффициенттерінің есебіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу (k8 және k9);

- өтімділікті реттеу тәсілдерін халықаралық стандарттарын ескере отырып жетілдіру;

- екінші деңгейдегі банктердің проблемалық активтерімен жұмыс бойынша;

- екінші деңгейдегі банктердің активтері сапасын жақсарту тұжырымдамасы.


Жинақтаушы зейнетақы жүйесі және бағалы қағаздар нарығы бойынша

- жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) капиталдануына қойылатын талаптарды жетілдіру;

- жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялаудың тиімділігі;

- резидент еместердің ЖЗҚ капиталына қатысуын шектеу;

- жинақтаушы зейнетақы қорларының дауыс беруші акцияларын иелену үлесіне қатысты талаптарды қайта қарау.

- бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері жөніндегі және жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс топтары қызметінің нәтижесі және «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін және бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша жол картасы» бағдарламасының жобасы;

- ұйымдастырылған қор нарығында клиринг жүйесін және t + n схемасы бойынша есептеуді ендіру және орталық қарсы әріптесті құру;

- айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелердің мониторингін жетілдіру.



Сақтандыру секторы бойынша

- пруденциалдық реттеуді өзгерту және Solvency II ендіру шеңберіндегі тәуекелдерді ескере отырып төлем қабілеттілікті бағалау моделіне көшу;

- салық салу жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жинақтау өмірді сақтандыруды дамыту;

- қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды одан әрі жетілдіру және сақтандырудың осы түрін өмірді сақтандыру бойынша жүзеге асыру;

- қайта сақтандыруда қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайту;

- резидент еместердегі қайта сақтандыруға қойылатын талаптарды жетілдіру және қайта сақтандыруда қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайту;

- сақтандыру нарығындағы инфрақұрылымдық ұйымдардың қызметі.
Қаржы жүйесінің басқа да секторлары бойынша

- микрокредиттік ұйымдардың қызметін реттеу;

- Қазақстанда бірыңғай тіркеушіні құру және кредиттік бюролардың жұмыс істеуі.
Кеден одағына мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық және саяси тұрақсыздық

Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайдағы ықтимал салдар:

Тұрақты жұмыс істеуінің бұзылуы салдарынан Кеден одағының ішінде капиталдың еркін қозғалысына кедергілердің пайда болуы



Іс-шара: «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында көзделген, оның ішінде валюталық операциялар бойынша статистикалық мониторингінің деректері негізінде қабылданатын жедел ден қою шаралары

Іс-шара:

Арнайы шаралар талап етілген жоқ (тәуекел болған жоқ).


Ішкі тәуекелдер
Мемлекеттік органдардың капитал мобильділігіне әсер ететін іс-әрекеттерінің үйлесімсіздігі

Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайдағы ықтимал салдар:

Салықтық және кедендік басқару, сондай-ақ қаржы ұйымдарының пруденциалдық реттеу бөлігінде келісілмеген шараларды қабылдаған жағдайда елден капиталдың бақылаусыз әкетілуі тәуекелінің артуы

Іс-шара: Нормативтік базаны әзірлеген кезде ведомствоаралық үйлесімділікті күшейту, капиталдың мобильдігіне ықпал ететін шаралар бойынша келісілген шешімдерді қабылдау

Іс-шара: 2011 жылы ішінде ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті мәміле паспорттары бойынша тауардың қозғалысы туралы ақпаратты жібермегеніне байланысты Ұлттық Банктің бастамасы бойынша 2011 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласында экспорт-импорттық валюталық бақылаудың тиімділігіне ықпал ететін көрсетілген мәселені шешу үшін жұмыс кездесу өткізілді.

Өтімділік тәуекелі: АВА өтімділік портфелінің көлемі алдыңғы 6 айдағы сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің көлемінен кем
Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайдағы ықтимал салдары:

Өтімділік дағдарысы кезінде бос қаражаттың келіп түсуі 1 күнге кешігуі мүмкін (АВА инвестициялық портфельден активтерді аудару үшін және қолма-қол ақшаны шығарып алу үшін оларды сату үшін қажетті)



Іс-шара: Күнтізбелік тоқсанда бір рет (әрбір тоқсанның 10 жұмыс күні) тексеріледі. Егер өтімділік портфелінің нарықтық құны осы өлшемдерге сәйкес келмесе осындай сәйкессіздік анықталған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде өтімділік портфелі инвестициялық портфельден активтердің бір бөлігін аудару есебінен толықтырылады.
Іс-шара: ҚРҰБ Төрағасының 2011 жылғы 11 қашадағы № 93 өкіміне сәйкес өтімділік портфелінде меншікті қаражатының жеткілікті деңгейін ұстап тұру үшін АВА ішінде инвестициялық портфельден өтімділік портфеліне екі млрд. АҚШ долларға жуық сомаға активтер аударылды.

Қолма-қол ақшаға сұраныс күрт өскен кезде қолма-қол ақшаның жетіспеу тәуекелі

Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайдағы ықтимал салдары:

Қолма-қол ақша айналысының жұмыс істеуі тиімділігінің төмендеуі немесе жекелеген өңірлерде төлемдерді қолма-қол ақшамен жасауға мүмкіндіктің болмауы және салдары ретінде әлеуметтік шиеленісушіліктің туындауы


Іс-шара: Дағдарыс жағдайында республиканың барлық өңірлеріне қолма-қол ақшаны жеткізу жөніндегі шараларды әзірлеу.

Тұтастай алғанда, Ұлттық Банктің резервтік қорларында (сақтау орнында) да, өңірлік филиалдардың резервтік қорларында да қолма-қол ақша жеткіліксіз болған кезде шараларды іске асыру және ықтимал тәуекелдерді барынша азайту үшін қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті Ұлттық Банктің Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 29 тамыздағы № 177 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында эмиссиялық-кассалық операцияларды ұйымдастыру және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету ережесіне сәйкес Ұлттық Банк филиалдарының резервтік қорлары қалдықтарының ұсынылған қорын әзірледі және оны Төрағаның жетекшілік ететін орынбасары бекітті.

Ұлттық Банк филиалдарының резервтік қорларында қолма-қол ақшаға қажеттілігінің кез келген күтпеген өсуін қанағаттандыру үшін жеткілікті қаражат шоғырланған. Осы шаралар өңірлерді қолма-қол ақшаға сұраныстың кез келген күтпеген өсуін өтеу үшін жеткілікті қаражат көлемімен қамтамасыз ету, сондай-ақ Ұлттық Банктің резервтерін өңірлер бойынша бөліп жайғастыру мақсатында жүргізілді. Бұл өз кезегінде ықтимал әртүрлі төтенше жағдайларда – су тасқыны, өрт, зілзала болған кезде бір жерде шоғырланған қолма-қол ақшадан айырылудың ықтимал тәуекелдерін төмендететін болады.

Ұлттық Банк Басқармасы 2012 жылға ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарының көлемдерін бекітті:

- Ұлттық Банк Басқармасының «2012 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын дайындау туралы» қаулысы;

- Ұлттық Банкі Басқармасының «2012 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстағы монеталарын дайындау туралы» қаулысы.


Мамандардың тұрақтамау тәуекелі
Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шараларды қабылдамаған кездегі ықтимал салдарлар:

Ұлттық Банк қызметі нәтижелілігінің төмендеуі



Іс-шара: Қызметкерлерді іріктеу, жалпыға қол жетімді (қашықтықтан) оқыту және елдің орталық банкі ретіндегі Ұлттық Банктің мақсаттарын, міндеттерін және құндылықтарын басшылыққа алу, өз ісіне беріліп, адал қызмет ету, сыбайлас жемқорлықтың белгілеріне қарсы тұру қағидаттары бойынша қызмет ететін аса тиімді, кәсіби, жауапкершілігі жоғары және өте әдепті қызметшілерді дайындауға және дамытуға бағытталған қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру

Іс-шара: ҚРҰБ қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында, ҚРҰБ базасында және шетелде семинарларда (курстарда және тренингтерде) оқыды. ҚРҰБ филиалдарының қызметкерлері үшін 3 семинар қашықтықтан өткізілді. ҚРҰБ ОА және филиалдары қызметкерлері үшін «Құндылықтар, басқару қағидаттары, іскерлік этика» тақырыбы бойынша семинарлар өткізілді. ҚРҰБ мемлекеттік қызметшілері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару академиясында біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарында және өңірлік даярлау және қайта даярлау орталықтарында оқыды. Сонымен бірге, ҚРҰБ 2 қызметкері ҚР Президенті Әкімшілігінде тағылымдамадан өтті.

ҚРҰБ орталық аппаратының және ведомстволарының басшылары және қызметкерлері үшін қаржылық тұрақтылық және бағалар тұрақтылығы, ақша-кредит саясаты, макро- және микропруденциалдық реттеу және тәуекелдерді басқару бағыттары бойынша Goethe Business School (Германия) профессорлық-оқытушылық құрамды тарта отырып, «Исламдық қаржыландыру: теория және практика» тақырыбы бойынша (оқытушысы – Dr. Amir Raslan Abu Bakar, Islamic Research and Training Institute, Islamic Development Bank), Швейцария Ұлттық Банкімен бірлесіп үзіліссіз қызметі мәселелері бойынша семинарлар өткізілді.



Қызметкерлерді іріктеу жүйесін жетілдіру мақсатында ҚРҰБ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне техникалық қызмет көрсететін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді іріктеу ережесіне сәйкес ҚРҰБ-нің бос техникалық лауазымдар орындарына конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жүргізілді (ҚРҰБ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 147 қаулысына сәйкес 2010 жылғы 1 желтоқсанда қолданысқа енгізілді).

Стратегиялық жоспарды іске асырудың

қорытындысы туралы тұжырымдар
Жүргізілген талдаудың қорытындысы Ұлттық Банктің 2011 жылғы қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында белгіленген, Ұлттық Банк қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары бойынша барлық жоспарланған мақсатты индикаторларға және міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізгенін, сондай-ақ есепті кезеңде өткізілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011 -2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыруға және жоспарланған мақсаттарға, міндеттерге, көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған іс-шараларының уақтылы және тиімді болғанын дәлелдейді.
Ұсыныстар
2011 жылдың қорытындысы бойынша 2012 жылда мақсатты индикаторларға және Ұлттық Банк қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары бойынша міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыруға бағытталған Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде жұмысты жалғастыру.



1 2011 жылға ЖІӨ - 26 310,2 млрд.теңге, Қазақстан Республикасының 2012 – 2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамында көрсетілген ЭДСМ-ның бағалауы бойынша.

2 Төлем жүйесінің бір жылғы жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті төлем жүйесінің нақты жұмыс уақытының (төлем жүйесі тоқтатылған уақыт кезеңін қоспағанда, төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) жалпы жұмыс уақытына (төлем жүйесінің операциялық күні ашылғаннан бастап операциялық күні жабылғанға дейінгі уақыт кезеңі) қатынасы ретінде есептеледі

3 ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 95 қаулысымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет