«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК
«БЕКІТІЛДІ»
ҒӘК отырысында
№ 10 хаттама
27.05.2013ж.
Академия докторантурасына 2013-2016 оқу жылына
«6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша оқуға түсушілер үшін кешенді емтихан
БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана – 2013
Кешенді емтихан туралы жалпы ереже
«Экономика» бағдарламасы бойынша әзірленген кешенді емтихан бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына ҚР МЖМББ 7.09.022-2008 сәйкес жасалынды.
Кешенді емтихан келесі пәндерден құралған:
- «Микроэкономика»;
- «Макроэкономика»;
- «Институциональная экономика».
Бағдарлама үміткерлерден магистрлік бағдарлама бойынша жоғары кәсіптік білім берудің оқу жоспары аясында меңгерілетін базалық экономикалық пәндердің іргелі негіздерін білуді, сондай-ақ алынған білімді теориялық және қолданбалы экономикалық міндеттерді шешу барысында қолдана білу дағдыларын игеруді талап етеді.
Кешенді емтихан ауызша түрде өтеді.
Қабылдау емтихандарына қойылатын негізгі бағдарламалық талаптар
1 – бөлім. МИКРОЭКОНОМИКА
Мазмұны
– тақырып. Қазіргі микроэкономика және оның әдістемесі.
– тақырып. Сұраныс және ұсынысты талдаудың негіздері.
– тақырып. Сұраныс және ұсыныс икемділігінің теориясы.
– тақырып. Тұтынушылар таңдауының теориясы.
– тақырып. Өндіріс теориясы.
– тақырып. Өндіріс шығындары.
– тақырып. Жетілген бәсекелестік жағдайындағы ұсыныстар.
– тақырып. Монополия.
– тақырып. Монополистік бәсекелестік.
– тақырып. Олигополия.
– тақырып. Өндіріс факторларының нарығы.
– тақырып. Жалпы тепе-теңдік және экономикалық тиімділік.
– тақырып. Ассиметриялық ақпарат нарығы.
1 – тақырып. Қазіргі микроэкономика және оның әдістемесі
Микроэкономиканың тарихи түп-тамыры. Микроэкономиканы дамытудағы классикалық мектептердің үлесі (Ф. Кенэ, А. Смит, Д. Рикардо, Ж.Б. Сэй, Дж. Милль). Микроэкономиканы дамытудағы неоклассикалық мектептердің үлесі (Г. Госсен, К. Менгер, А. Маршалл, Л. Вальрас. В. Парето). Микроэкономика пәні. Микроэкономикалық теориялардың мақсаты мен міндеті. Қорлардың шектелу мәселелері және таңдау қажеттілігі. Адам қалауларының шексіздігі. Экономикалық қорлар. Адамдардың ұтымды мінез-құлқының ғылыми болжамы. Жеке экономикалық субъект. Экономиканың іргелі міндеттері. Нарық түсінігі. Нарықтың негізгі сипаттамалары. Нарық субъектілері. Позитивті және нормативтік талдау. Оңтайландырылған және тепе-теңдік модельдер.
– тақырып. Сұраныс және ұсынысты талдаудың негіздері
Құндылық түсінігі және құн. Сұраныс. Сұраныс қызметі. Сұраныс өзгеруі. Жеке сұраныстың қисықтылығы. Сұранысқа әсер етуші факторлар. Сұраныс қисықтылығының өзгеруі. Тұтас нарықтық сұраныс.
Тауарлар мен қызмет көрсету ұсыныстары. Ұсыныс және баға. Ұсынысқа әсер етуші факторлар. Ұсыныстың өзгеруі. Ұсыныс қисықтылығының өзгеруі.
Нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыру. Нарықтық баға. Тұтынушы ұтымдылығы. Өндіруші ұтымдылығы. Сұраныс пен ұсыныс Заңдары. Гиффен парадоксы. Виблен әсері. Нарықтық тепе-теңдік. Нарықтық тепе-теңдік модельдері.
– тақырып. Сұраныс және ұсыныс икемділігінің теориясы
Икемділік түсінігі. Баға бойынша сұраныс икемділігі. Сұраныс қисықтылығының икемділігі. Таңбалы икемділік. Доғалы икемділік. Мүлдем икемді және мүлдем икемсіз сұраныс. Сұраныс икемділігі және кірістердің өзгеруі. Бағасы бойынша сұраныс икемділігіне әсер етуші факторлар. Бағасы бойынша сұраныстың қиылыстық икемділігі. Кіріс бойынша сұраныс икемділігінің коэфициенті. Кіріс бойынша сұраныс икемділігіне әсер етуші факторлар.
Ұсыныс икемділігі. Ұсыныс икемділігіндегі мерзім факторлары. Икемділік теориясының тәжірибелік маңызы.
– тақырып. Тұтынушылар таңдауының теориясы
Пайдалылық түсінігі. Пайдалылықтың сандық теориясы. Госсеннің бірінші Заңы – пайдалылықтың кемітілген принципі. Тұтынушыларға пайдалылықтың максимизация шарттары. Госеннің екінші Заңы. Толық жасалған реттеулінің аксиомасы. Транзитивтіліктің аксиомасы. Қанықтылық аксиомасы. Тұтынушы тәуелсіздігінің аксиомасы. Селқостық қисықтылығы. Селқостық қисықтылығының қасиеті. Өзара алмасымдылық тауарлары үшін ауыстырудың шекті нормасы. Бюджеттік желі. Бюджеттік желіні теңестіру. Тұтынушы тепе-теңдігінің шарттары. Бұрыштық тепе-теңдік. Салыстырмалы статика және сұраныс талдауы. «Тұтыну-баға» қисығы. Жеке және нарықтық сұраныс. «Тұтыну-кіріс» қисығы. Сапалы және сапасыз тауарлар. Энгель қисығы. Дұрыс тауарлар, сапасыз тауарлар және Гиффен тауарлары үшін кіріс және ауыстыру әсері.
5 – тақырып. Өндіріс теориясы
Өндіріс түсінігі. Өндіріс факторлары. Өндіріс технологиясы. Бір өзгермелі факторлы өндіріс. Өндірістік атқарым және оның қасиеті. Азаймалы шекті өндірімділік заңы. Өндірістің тұрақты және өзгермелі факторлары. Өндірістің өзгермелі факторларының жиынтықты, орташа және шекті өнімдері. Ең төменгі шығындар ережесі. Пайданы барынша көбейту ережесі. Изокванта. Изокванта картасы. Изокоста. Өндіріс тепе-теңдігі.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезең. Орташа және шекті өнім арасындағы байланыс. Өндіріс факторларының технологиялық алмастырудың шекті мөлшері (MRTS).
Кобб-Дуглас атқарымы. Изокванттарға технология өзгеруінің әсер етуі. Өндіріс ауқымының нәтижелері.
– тақырып. Өндіріс шығындары
Өндірістің «жұмсалған қаражат» және «шығын» түсініктері. Өндіріс шығындары және баламалы шығындар. Айқын және күңгірт шығындар. Шығын атқарымы. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шығындар. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Қысқа мерзімді кезеңдегі шығындар. Тұрақты және өзгермелі шығындар. Орташа өзгермелі, орташа жалпы және шекті шығындар. Олардың арасалмағы. Шығынның барлық түрлерінің қысқа мерзімді қисықтары. Шекті шығындар мен шекті өнімдер арасындағы өзара байланыс. Изокванта және ауқымнан әр қилы сипаттағы қайтарым кезіндегі ұзақ мерзімді шығындар қисықтары. Ұзақ мерзімді шекті және орташа шығындар. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шығындардың өзара байланысы. Ұзық мерзімді шығындар қисығы қысқа мерзімді шығындар қисығының айналдырушысы ретінде.
Бухгалтерлік және экономикалық пайда. Қалыпты пайда. Жалпы. Орташа және шекті табыс.
– тақырып. Жетілген бәсекелестік жағдайындағы ұсыныстар
Нарық құрылымының әртүрлілігі. Тұрақты және мінсіз құрылым. Жетілген бәсекелестік нарығы үлгілеріне қойылған шектілік. Қысқа мерзімді кезеңдегі бәсекелес фирманың кірісті барынша көбейтуі. Қысқа мерзімді залалдарды барынша азайту. Залалдарды азайту үшін қысқа мерзімді арақашықтық уақытында өндіріс фирмасы қызметін тоқтатуы. Қысқа мерзімді кезеңдегі салалық ұсыныстың қисығы. Жетілген бәсекелестік жағдайындағы фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі. Ұзақ мерзімді кезеңде нарық ұсынысының қисығы. Өндіріс шығындарыныңтің тұрақты, өсіңкі және азаймалы салалары. Өндіріс және тұтынушы артығын талдау.
– тақырып. Монополия
Монополия және оның түрлері. Таза монополия. Салаға кіру тосқауылдары. Монополисттің өнімге сұранысы. Монополисттің шекті табысы. Монополист пайдасының ең жоғары нүктесі. Қысқа мерзімді монопольды тепе-теңдіктің графикалық талдауы. Монопольдық тепе-теңдік және бағалық икемділік. Баға белгілеудегі «үлкен саусақ» ережесі. Лернер коэффициенті. Херфиндал-Хиршман индексі. Ұзақ мерзімді арақашықтық уақытында кірістерді барынша көбейту. Монопольды және бәсекелік тепе-теңдікті салыстыру. Монопольды биліктің әлеуметтік шығынтары. Монопольды биліктің бар болуы тиімділігі. Баға шектілігі жоғары деңгейінің белгілеу. Табиғи монополия. Монопсония.
Бағалық кемсітушілік. Бағалық кемсітушілік үлгісі. Әділеттілік және бағалық кемсітушілік.
Монополияға қарсы заңнама және реттеу. Табиғи монополияны реттеу.
– тақырып. Монополистік бәсекелестік
Шалағай бәсеке және өнімді саралау. Монополистік бәсеке белгілері. Бағаны және қысқа мерзімді кезеңде шығарылым көлемін анықтау. Ұзақ мерзімді кезеңде фирманың монополистік бәсекелестік тепе-теңдігі. Монопольды бәсекелес фирманың залалдары. Басы артық өндірістік қуат. Бағадан тыс бәсеке және жүзеге асыру шығындары.
– тақырып. Олигополия
Олигополияның негізгі сипаты. Олигополиялық бағалық қақтығыстар. Курно үлгісі, Штакельберг үлгісі. Курно және Штакельберг тепе-теңдігін салыстыру. Лимиттік баға формуласы. Жетекші баға белгілеуі. Баға беріктілігі және сұраныстың сынған қисығы. Салаға кірудегі баға белгілеу шектілігі.
Ойын теориясын қолданудағы олигополияны талдау. Басқарушылық шешімдер нәтижелерінің қалыптамасы. Қорытынды дилеммасы. Бертран үлгісі. Нэш және Парето бойынша оңтайлылық. Келісім ықтималдығы. Картель жасау. Тұрақтылық мәселелері. Олигополистік баға белгілеу үдерісінде ойын теориясын тәжірибелік қолдану.
11 – тақырып. Өндіріс факторларының нарығы
Өндіріс факторларының түсінігі. Өндіріс факторлары нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Экономикалық ресурстар ұсынысының қисығы және оның икемділігі. Ресурстар икемділігіне әсер етуші факторлар. Ресурсқа сұраныс тауарлар мен қызмет көрсетулерге сұраныстың туындысы ретінде.
Еңбек сұранысы мен ұсынысы. Еңбек ұсынысының қисығы. Ресурсқа шекті шығын қисығы. Еңбекақының орташа деңгейін анықтау. Еңбек пен демалыс арасындағы таңдау. Еңбекақы өзгеруіндегі орнын алмастыру әсері мен табыс әсері.
Капитал нарығы мен қарыз пайызы. Пайыздың атаулы және нақты мөлшерлемесі. Пайыз мөлшерлемесіне әсер етуші факторлар. Капиталдың көрсетілетін қызмет ұсынымы. Капиталдың көрсетілетін қызмет нарығының тепе-теңдігі. Дисконтталған құн. Ағымдағы дисконтталған құн. Таза дисконтталған құн. Дисконттау нормасы.
Жер нарығы және экономикалық рента. Жер ұсынысының ерекшеліктері. Жерге сұраныс. Абсолюттік рента. Сараларған рента. Жер бағасы. Жал ақы. Табиғат пайдалану және жер нарығы мәселелері.
Өндіріс факторларының бәсеке нарығындағы тепе-теңдігі. Монопсониялық биліктілі өндіріс факторлары нарығы. Қоғамның жиынтықты ысырабы (графикалық талдау).
– тақырып. Жалпы тепе-теңдік және экономикалық тиімділік
Жалпы тепе-теңдік. Экономикадағы нарықтардың өзара байланысы: кері байланыс әсері және жалпы тепе-теңдікті теңестіру жүйесі.
Алмастыру тиімділігі. Сауда пайдасы. Эджуорт үлгісіндегі келісімшарт қисығы. Тұтынушылық мүмкіндіктерінің шегі. Тиімділік пен әділдік.
Робинзон Крузо экономикасының үлгісі.
Өндіріс тиімділігі және әл-ауқат экономикасы. Өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы. Трансформацияның шекті нормасы. Шығарылым тиімділігі.
Жалпы тепе-теңдік және әл-ауқат экономикасы. Әл-ауқат бағасының өлшемі. Парето оңтайлы өлшемі.
Қоғамдық игілік. Қоғамдық игілік түсінігі және сыртқы әсерлер (экстерналия). Қоғамдық игіліктерді бөлу әдістері: мемлекет пен нарық мүмкіндіктері.
13– тақырып. Ассиметриялық ақпарат нарығы
Белгісіздік жағда йындағы таңдау. Белгісіздік және тәуекел. Тәуекелді өлшеу. Тәуекелге жеке қатынас. Тәуекелді төмендету.
Ассиметриялық ақпарат нарығы. Тауар туралы ақпарат ассиметриясы. «Лимон» нарығы. Моральдық тәуекел. Ақпараттық ассиметрияның төмендеу жолдары. Нарықтық дабылдар.
Тәуекел және капитал. Инвестициялық шешімдер тәуекелі. Тәуекел активтерінің бағасы. Инвестициялық тәуекелдердің әртараптандырылуы.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Послание Президента Республики Казахстан - Лидера нации Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050» - новый политический курс состоявшегося государства» от 14.12.2012
Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана». 27.01.2012 г.
Назарбаев Н.А. Социальная модернизация Казахстана: двадцать шагов к Обществу Всеобщего Труда, 10 июля 2012 г.
Конституция Республики Казахстан (принятая 30 августа 1995 года на республиканском референдуме Республики Казахстан с изменениями, внесенными законами Республики Казахстан от 7 октября 1998 года № 284, от 21 мая 2007 г. № 254-ІІІ) // Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы. – 1996. - № 4. – 217-қ.; 1998. - № 20. – 245-қ.; 2007. – № 10. – 68-қ.
Гражданский кодекс Республики Казахстан, 2007.
Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Моргунов В.И. Микроэкономика http://www.kodges.ru/19742-mikrojekonomika.html
Дорохина Е.Ю., Халиков М.А. Моделирование микроэкономики. Учебное пособие для вузов. – М.: Изд-во «Экзамен». 2003. – 224 с.
Ивашковский С.Н. Микроэкономика: Учебник. - М.: Дело, 2002. – 416 с.
Иохин В.Я. Экономическая теория: Учебник. – М.: Экономистъ, 2006. – 861 с.
Курс экономики: Учебник /Под ред. Б.А. Райзберга. – М.: ИНФРА-М, 2004. – 672 с.
Курс экономической теории: Учебное пособие. /Под ред. Сидоровича А.М. – М.: Изд-во «Дело и сервис», 2007, 2009. – 1040 с.
Микроэкономика: практический подход (Managerial Economics). Учебник / Под ред. А.Г. Грязновой и А.Ю. Юданова. – 3-е изд. стер. – М.:КНОРУС, 2007. – 672 с.
Микроэкономика. Учебное пособие. Под ред. М.И. Плотницкого. – Минск: Новое знание. 2002. – 427 с.
Маховикова Г.А. Микроэкономика: учебное пособие. – М.: Эксмо, 2009.
Мэнкью Н.Грегори. Принципы микроэкономики. Учебник. 2-е изд. – СПб.: Питер. 2005. – 560 с.
Нуреев Р.М. Курс микроэкономики. Учебник для вузов. – М.: Изд-во Норма. 2001, 2010. – 572 с.
Селищев А.С. Микроэкономика. – Санкт-Петербург: Питер. 2002. – 448 с.
Пиндайк Р., Рабинфельд Д. Микроэкономика. / Пер. с англ. — СПб.: Питер, 2002. - 608 с.
Тарануха Ю.В., Земляков Д.Н. Микроэкономика. Учебник. – М.: КНОРУС, 2010. – 320 с.
Тарасевич Л.С., Гребенников П.И, Леусский А.И. Микроэкономика. Учебник. 60-е изд., перераб. и доп. – М.: Юрайт-Издат, 2009. – 541 с.
Экономика: Учебное пособие. /Под ред. Журавлевой Г.П. М.: Юрист, 2006.
Экономика: Учебник /А.И. Архипов и др. – М.: ТК Велби, Изд-во «Проспект», 2008. – 840 с.
Экономическая теория: Учебник /Под общ. ред. В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С. Тарасевича – М.: ИНФРА-М, 2007, 2008, 2009. – 672 с..
Экономическая теория: Учебник /Под ред. А.Г. Грязновой, Т.В. Чечелевой. – М.: Изд-во «Экзамен», 2004. – 592 с.
Экономическая теория: Учебник /Под ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. – Спб.: Изд. «Питер», 2001, 2008, 2009. – 544 с.
Экономическая теория: Учебник /Под ред. В.Д. Камаева. – М.: ВЛАДОС, 2003. – 592 с.
Экономическая теория. Микроэкономика – 1,2: Учебник /Под ред. Г.П. Журавлевой. – М.: ИТК «Дашков и К», 2007. – 934 с.
Cathie J. Food Security and Macroeconomic Stabilization. A Case Study of Botswana 1965-1984 [Text] /H. Dick. - Tubingen : Mohr, 1987.
Denzau A. T. Microeconomic analysis : markets and dynamics [Text]. - [S. l. : s. n.], 1991.
Hysteresis effects in economic models [Text] / ed. W. Franz. - Heidelberg : Physica-Verlag, 1990.
Keynes J. M. The General Theory of Employment, Interest and Money [Text] . - [S. l.] : Cambridge University Press, 1998.
Rukstad M. G. The Economics of Transformation. Theory and Practice in the New Market Economies [Text] / ed. A. Schipke, ed. A. Taylor. - Berlin : Springer Verlag, 1994.
The Ethical Foundations of the Market Economy : International Workshop [Text] / ed. H. Siebert. - Tubingen : Mohr, 1994.
The good and the economical : ethical choices in economics and management [Text] / ed. P. Koslowski, ed. Y. Shionoya. - Berlin : Springer Verlag, 1993.
The Impact of Macroeconomic Policies on the Rural Poor. Analytical Framework and Indicators [Text] / J.-P. Azam, G. Chambas, P. Guillaumont, S. Guillaumont. - New York : [s. n.], 1989
«Микроэкономика» пәні бойынша емтихан сұрақтарының үлгісі
Сұраныс түсінігі. Сұраныс қисығы. Сұраныс факторлары. Сұраныс заңы.
Ұсыныс түсінігі. Ұсыныс қисығы. Ұсыныс факторлары. Ұсыныс заңы.
Нарық тепе-теңдігі. Нарық тепе-теңдігінің үлгілері. Тепе-тең баға.
Сұраныс икемділігі, оның түрлері.
Ұсыныс икемділігі. Ұсыныс икемділігіндегі мерзім факторларының есебі.
Игілік пайдалылығы. Пайдалылық атқарымы. Пайдалылықтың сандық және реттілік теориялары.
Шекті пайдалылық. Пайдалылықтың шекті кемітілген заңы.
Тұтынушылық артықшылықтар беру. Селқостық қисықтылығы. Селқостық қисықтылығының қасиеті. Алмастырудың шекті нормасы.
Бюджеттік сызық. Тұтынушы тепе-теңдігі және оның шарттары.
Табыс әсері және алмастыру әсеру. Сапасыз игіліктер. Гиффен оғаштығы.
Өндіріс және өндіріс факторлары. Өндіріс атқарымы, оның қасиеті.
Изокванта. Изокванта карталары.
Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс. Азаймалы өндірімділік факторларының заңы.
Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндірістік таңдау. Өндіріс факторларын алмастыру. . Өндіріс факторларының технологиялық алмастырудың шекті мөлшері (MRTS).
Өндірістің өзгермелі факторларының жиынтықты, орташа және шекті өнімдері.
Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс. Кобб-Дуглас атқарымы. Изокванттарға технология өзгеруінің әсер етуі.
Ауқым әсері және оның түрлері.
Өндіріс шығындары және баламалы шығындар. Айқын және күңгірт шығындар.
Изокоста. Шығынды азайту ережесі. Қысқа мерзімді кезеңдегі шығындар.
Тұрақты және өзгермелі шығындар. Орташа өзгермелі, орташа жалпы және шекті шығындар.
Өндіруші тепе-теңдігі.
Фирманың ұзақ және қысқа мерзімді тепе-теңдігі.
Фирма табысы және оның жіктелімі. Бухгалтерлік және экономикалық кіріс. Қалыпты пайда.
Жетілген бәсекелестік үлгісі. Жетілген бәсекелес фирма сұранысының қисығы.
Монополия үлгісі, монопсониялар. Нарықтық билік көрсеткіштері. Лернер коэффициенті. Херфиндал-Хиршман индексі.
Монополистік бәсекелестік белгілері. Қысқа мерзімді кезеңде шығарылым бағасы мен көлемін анықтау.
Олигополия белгілері мен үлгілері. Олигополия жағдайында фирма әрекетінің нысандары. Олигополия жағдайындағы баға белгілеу.
Монополистік бәсекелестік үлгісі. Монополистік бәсекелес фирма сұранысының қисығы.
Бағалық емес бәсекелестік.
Бағалық кемсітушілік. Монополияға қарсы заңнама және реттеу.
Өндіріс факторлары нарығының түсінігі және оның ерекшеліктері. Өндіріс факторлары нарығындағы сұраныс пен ұсыныс.
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс. Еңбекақы.
Капитал нарығы. Қарыз пайызы. Дисконтталған құн.
Жер нарығы. Экономикалық рента.
Жалпы тепе-теңдік. Парето оңтайлы өлшемі.
Алмастыру тиімділігі. Келісімшарт қисығы. Тиімділік пен әділдік.
Өндіріс тиімділігі және әл-ауқат экономикасы. Трансформацияның шекті нормасы.
Қоғамдық игілік. Қоғамдық игіліктерді бөлу әдістері: мемлекет пен нарық мүмкіндіктері.
Белгісіздік жағдайындағы таңдау. Тәуекелді өлшеу және оны төмендету жолдары.
Тауар туралы ақпарат ассиметриясы. Ақпараттық ассиметрияның төмендеу жолдары. Нарықтық дабылдар.
Инвестициялық шешімдер тәуекелі. Инвестициялық тәуекелдердің әртараптандырылуы.
2 – бөлім. «МАКРОЭКОНОМИКА» пәні
Мазмұны
1 – тақырып. Қазіргі макроэкономика және оның әдіснамасы.
2 – тақырып. Ұлттық экономика нәтижелерін өлшеу.
3 – тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық: кезеңділік, жұмыссыздық, инфляция.
4 – тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік: AD – AS үлгісі.
5 – тақырып. Мемлекеттің бюджет-салық саясаты (қазыналық).
6 – тақырып. Ақша нарығы және оның тепе-теңдігі.
7 – тақырып. Банк жүйесі. Мемлекеттің ақша-кредит саясаты.
8 – тақырып. Тауар және ақша нарығындағы тепе-теңдік: IS –LM үлгісі.
9 – тақырып. Ашық экономика: айырбас бағамы жүйесі, төлемдер теңгерімі.
10 – тақырып. Ашық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік.
11 – тақырып. Ашық экономикадағы макроэкономикалық саясат.
12 – тақырып. Экономикалық өсу.
1 – тақырып. Қазіргі макроэкономика және оның әдіснамасы
Макроэкономиканың дербес ғылыми пән ретінде қалыптаса бастауы. Макроэкономикалық мәселелер. Макроэкономика түсінігі, оның мақсаты. Макроэкономика пәнін анықтау. Макроэкономиканың негізгі мәселелері. Агрегаттық нарықтар. Макроэкономикалық субъектілер: үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет, шетелдік сектор. Макроэкономика әдісі: агрегаттау, үлгілеу, макроэкономикалық тепе-теңдік. Макроэкономикалық үлгілер. Макроэкономика үлгілерінің экзогенді (сыртқы) и эндогенді (ішкі) ауыспалы шамалары. Қор мен ағымның ауыспалы шамалары.
Өнім, шығыс және табыс айналымы. Жабық экономика үшін айналма ағымдарының үлгісі. Ашық экономика үшін айналма ағымдарының үлгісі. «Кему» мен «инъекция».
2 – тақырып. Ұлттық экономика нәтижелерін өлшеу
Қоғамдық өнім және оның өлшемі. Ұлттық есепшоттар жүйесінің (ҰЕЖ) пайда болуы мен дамуы және оның көрсеткіштері. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) және жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) ұлттық есепшоттар жүйесінің негізгі көрсеткіштері ретінде. ЖҰӨ және ЖІӨ салыстырмалы сипаттамасы: жалпылылық және айырмашылық. Қосылған құны (өндірістік әдіс), шығыстары (түпкілікті қолдану әдісі) және кірістері (бөлу әдісі) бойынша ЖҰӨ және ЖІӨ өлшеу әдістері.
ЖҰӨ және ЖІӨ базасында анықталатын макроэкономикалық көрсеткіштер: таза ұлттық өнім (ТҰӨ) және таза ішкі өнім (ТІӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ), иемденетін табыс (ИТ).
ЖҰӨ/ЖІӨ атаулы және нақты шамасы. ЖҰӨ/ЖІӨ дефляторы. Баға индексі: тұтыну бағасының индексі (ТБИ), өндіруші бағасының индексі (ӨБИ). ӨБИ және ЖІӨ арасындағы айырмашылық.
3 – тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық: кезеңділік, жұмыссыздық, инфляция
Экономиканың циклдық дамуы. Экономикалық цикл түсінігі, оның сатылары және олардың сипаттамасы. Экономиканың «ысынуы». Экономиканың циклдіқ даму себептері. Экономикалық циклдерді сипаттайтын көрсеткіштер: проциклдік, контрциклдік және ациклдік. Экономикалық циклдер түрлері. Қазіргі жағдайдағы цикл нысандары мен тетіктерінің ерекшеліктері.
Жұмыссыздық түсінігі. Жұмыссыздық себептері: классикалық және кейнсиандық тұжырымдама. Жұмыссыздық түрлері және оның көрсеткіштері. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Жұмыссыздық шығындары. Оукен Заңы. Жұмыссыздықпен күрестің мемлекеттік саясаты.
Инфляция: түсінігі және оның өлшемі. Инфляция түрлері. Инфляция себептері. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардабы. Инфляциялық болжал. Фишер әсері. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.
4 – тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік: AD – AS үлгісі
Сұраныс жиынтығы және оның факторлары. AD сұраныс жиынтығының қисығы. А қисығының теріс иілгіштігін түсіндіретін әсерлер: пайыз мөлшерлеме, нақты байлық және импорттық сатып алу әсерлері.
Классикалық және кенсиандық үлгілердегі жиынтықты ұсыныс. АS жиынтықты ұсыныс қисығы. Жиынтықты ұсынысқа әсер етуші факторлар.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық үлгісі. Дж.М.Кейнс бойынша сұраныс тиімділігінің түсінігі. Кенсиандық үлгідегі тұтыну және жинақтау атқарымы. Тұтынуға шекті бейімділік (МРС) және жинақтауға шекті бейімділік (МРS). Инвестициялар және оның түрлері. Инвестициялар атқарымы. Инвестиция көлемі мен серпінін анықтаушы факторлар. Инвестициялаудың шекті бейімділігі. Инвестициялар мен табыс: мультипликатор әсері. Кенсиандық үлгідегі ұлттық өндірістің тепе-тең көлемі.
AD – AS үлгісіндегі тепе-теңдік.
Жиынтықты сұраныс және ұсыныс талықсытпасы.
5 – тақырып. Мемлекеттің бюджет-салық саясаты (қазыналық)
Мемлекеттің бюджет-салық саясаты түсінігі. Бюджет-салық саясатының ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттары және оның түрлері. Бюджет-салық саясатының құралдары. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы. Салық мультипликаторы.
Дискрециялық және дискрециялық емес қазыналық саясат.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің шығыны мен табысының теңгерімі ретінде. Мемлекеттік бюджет тапшылығы, оның түрлері мен орнын толтыру әдістері. Теңдестірілген бюджет мультипликаторы. Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғыштары.
Мемлекеттік қарыз және оны өтеу әдістері. Жиынтықты сұранысқа қазыналық саясат құралдарының ықпал етуі. Мемлекеттік бюджетке салық түсімдерін көбейту мәселелері.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы тұрғысынан мемлекеттің бюджет және салық саясаты міндеттері.
6 – тақырып. Ақша нарығы және оның тепе-теңдігі
Ақша және оның атқарымы. Нақты және қаржылай активтер. Ақша жиыны және оның агрегаттары. Ақшаға сұраныс: классикалық және кенсиандық тұжырымдама. И.Фишер теңдеуі. «Ақшаның бейтараптығы» қағидасы. Ақшаға операциялық және алыпсатарлық сұраныс. Активтер жағынан ақшаға сұраныс. Ақшаға сұраныстың әсер етуші факторлары. Пайыздың атаулы және нақты мөлшерлемесі. Фишер әсері.
Ақша ұсынымы. Ақша қоры. Ақша мультипликаторы.
Ақша нарығындағы қысқа мерзімді тепе-теңдік. Өтімді тұзақ. Ақша нарығының ұзақ мерзімді тепе-теңдігі. М. Фридмен монетарлық ережесі.
7 – тақырып. Банк жүйесі. Мемлекеттің ақша-кредит саясаты
Банктік жүйе және оның құрылымы. Мемлекеттің орталық (Ұлттық) банкі және оның атқарымы. Коммерциялық банктер және оның экономикадағы ролі. Коммерциялық банктердің пассивті және активті операциялары. Банктің сақтық қорлары. Коммерциялық банкпен жасалған ақша. Банк мультипликаторы.
Мемлекеттің ақша-кредит саясатының түсінігі мен мақсаттары. Ақша-кредит саясаты құралдары және оның сипаттамасы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы тұрғысынан мемлекеттің ақша-кредит саясатының міндеттері.
8 – тақырып. Тауар және ақша нарығындағы тепе-теңдік:
IS –LM үлгісі
IS – LM ортақ тепе-теңдігінің үлгісі. IS қисығы: игілік нарығындағы тепе-теңдік. LM қисығы: ақша нарығындағы тепе-теңдік. Тауар және ақша нарығындағы ортақ тепе-теңдік шарты.
Салық-бюджет саясаты өзгеруіндегі тауар және ақша нарығының өзара әрекет етуі. Кредит-ақша саясаты өзгеруіндегі тауар және ақша нарығының өзара әрекет етуі. Баға деңгейі өзгеруіндегі AD –AS және IS – LM үлгісіндегі экономикалық саясат.
9 – тақырып. Ашық экономика: айырбас бағамы жүйесі,
төлемдер теңгерімі
Мемлекеттің төлем теңгерімі түсінігі мен құрылымы. Төлем теңгерімін талдау: ағымдағы операция теңгерімі, капитал шоты бойынша теңгерім. Валюталық нарық: валюталық бағам және валютаның құнын белгілеу әдістері. Шетелдік валютаға сұраныс және оның ұсынысы. Валюта айырбас бағамының жүйесі: тиянақталған және құбылмалы айырбас бағамы.
10 – тақырып. Ашық экономикадағы макроэкономикалық
тепе-теңдік
Ресурстар мен әлеуеттік шығарылымды толық қамсыздандыру кезіндегі ішкі тепе-теңдіктің жетістігі.Ішкі макроэкономикалық тепе-теңдік жетістігіне экономикалық талдаудың әр түрлі мектептерінің тәселдемесі.
Ашық экономикадағы өндірістің тепе-тең көлемі. Таза экспорт және өндірістің тепе-тең көлемі.
Капиталдар мен тауарлардың халықаралық ағымдарын талдау. Ашық экономика үлгісі – Манделл-Флеминг үлгісі.
11 – тақырып. Ашық экономикадағы макроэкономикалық саясат
Тиянақталған айырбас бағамы кезіндегі ақша және салық-бюджет саясаты. Тиянақталған бағам мен капиталдың жоғары мобильділігі кезіндегі ақша саясатының әсер етуі. Тиянақталған бағам және капиталдың жоғары мобильділігі кезіндегі қазыналық саясат нәтижелері. Капиталдың төмен мобильділігі және тиянақталған айырбас бағам жағдайындағы ақша және салық-бюджет саясатының әсер етуі.
Капиталдың жоғары мобильділігі кезінде құбылмалы айырбас бағамы жағдайындағы мемлекеттің ақша және салық-бюджет саясатының нәтижелері. Капиталдың төмен мобильділігі кезінде құбылмалы айырбас бағамы жағдайындағы мемлекеттің ақша және салық-бюджет саясатының әсер етуі.
12 – тақырып. Экономикалық өсу
Экономикалық даму және экономикалық өсу. Экономикалық өсу түсінігі және оның көрсеткіштері. Экономикалық өсудің факторлары және түрлері. Экономикалық өсудің мәні мен оның шығындары. Мемлекеттік саясат және экономикалық өсу. Экономикалық өсу теориялары: У.Ростоудың өсудің тарихи-әлеуметтік тұжырымдамасы, Е. Домар және Р. Харрод өсудің неокейсиандық үлгісі, Р. Солоу, Дж. Мид, А. Льюис өсудің неоклассикалық үлгісі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. Учебник. – М.: Маркет ДС, 2009. – 416 с.
Базылев Н.И. Гурко С.П., Базылева М.Н. Макроэкономика. - М.: ИНФРА-М, 2003. – 190 с.
Базылев Н.И., Гурко С.П., Базылев М.Н. Экономическая теория: Учебник.- М.: ИНФРА-М, 2003. – 672 с.
Вечканов Г.С., Вечканов Г.Р. Макроэкономика. 2-е изд. – СПб: Питер, 2010. – 288 с.
Долан Эд. Дж. Макроэкономика. СПб: «Литера плюс». 1996. – 408 с.
Ивашковский С.Н. Макроэкономика: Учебник. - М.: Дело, 2000. – 472 с.
Капканщиков С.Г. Макроэкономика: учебное пособие. – М.: КНОРУС, 2007. – 336 с.
Козырев В.М. Основы современной экономики: Учебник. – М.: Финансы и статистика, 2007. – 544 с.
Курс экономики: Учебник /Под ред. Б.А. Райзберга. – М.: ИНФРА-М, 2004. – 672 с.
Курс экономической теории: Учебное пособие. /Под ред. Сидоровича А.М. – М.: Изд-во «Дело и сервис», 2007. – 1040 с.
Макроэкономика: Учебник / Под общ. Ред. А.А. Абишева, К.А. Хубиева. – Алматы: Экономика, 2007. – 666 с.
Макроэкономика: учебник / Л.С. Тарасевич, П.И. Гребенников, А.И. Леусский. – М.: Юрайт-издат, 2009. – 654 с.
Макроэкономика. Учебник / Под ред. А.А. Абишева, К.Х. Хубиева – Алматы: «Экономика». 2007. – 666 с.
Макроэкономика. Под ред. М.И. Плотницкого. - М.: Новое знание, 2002.
Матвеева Т.Ю. Введение в макроэкономику: Учебное пособие. - М.: ГУ ВШЭ, 2002. – 512 с.
Моисеев С.Р. Макроэкономика: Учебник. - М.:КНОРУС, 2008. – 320 с.
Мэнкью Г. Принципы макроэкономики. 2-е изд. - СПб.: Питер, 2004. – 576 с.
Самуэльсон П., Нордхаус Э. Экономика. М.: «Вильямс», 2001. – 688 с.
Селищев А.С. Макроэкономика: Учебник. - СПб: Питер, 2001. – 446 с.
Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика. Учебник. 6-е изд. – М.: Высшее образование. 2006. – 654 с.
Туманова Е.А., Шагас Н.Л. Макроэкономика. Элементы продвинутого подхода. Учебник. – М.: ИНФРА-М. 2004. – 400 с.
Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. – М.: Дело, 1997. – 864 с.
Экономика: Учебник /А.И. Архипов и др. – М.: ТК Велби, Изд-во «Проспект», 2008. – 840 с.
Экономика: Учебник /Под ред. А.С. Булатова. – М.: Экономистъ, 2010. – 831 с.
Экономическая теория: Учебник /Под ред. В.Д. Камаева. – М.: ВЛАДОС, 2003. – 592 с.
Экономическая теория: Учебник /Под общ. ред. В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С. Тарасевича – М.: ИНФРА-М, 2007. – 672 с.
Экономическая теория: Учебник /Под ред. А.Г. Грязновой, Т.В. Чечелевой. – М.: Изд-во «Экзамен», 2004. – 592 с.
Экономическая теория: Учебник /Под ред. А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. – Спб.: Изд. «Питер», 2001. – 544 с.
Cathie J. Food Security and Macroeconomic Stabilization. A Case Study of Botswana 1965-1984 [Text] /H. Dick. - Tubingen : Mohr, 1987.
Dornbusch R. Macroeconomics [Text] /S. Fischer, R. Startz. - 7th ed. - [S. l. : s. n.], 1998.
Hysteresis effects in economic models [Text] / ed. W. Franz. - Heidelberg : Physica-Verlag, 1990.
Keynes J. M. The General Theory of Employment, Interest and Money [Text] . - [S. l.] : Cambridge University Press, 1998.
Rukstad M. G. Macroeconomic decision making in the world economy : text and cases [Text]. - [S. l.] : The Dryden Press, 1989.
The Ethical Foundations of the Market Economy : International Workshop [Text] / ed. H. Siebert. - Tubingen : Mohr, 1994.
The good and the economical : ethical choices in economics and management [Text] / ed. P. Koslowski, ed. Y. Shionoya. - Berlin : Springer Verlag, 1993.
The Impact of Macroeconomic Policies on the Rural Poor. Analytical Framework and Indicators [Text] / J.-P. Azam, G. Chambas, P. Guillaumont, S. Guillaumont. - New York : [s. n.], 1989
Ресми әдебиеттер:
Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева «Казахстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев» от 10.10.1997г.
Послание Президента Республики Казахстан - Лидера нации Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050» - новый политический курс состоявшегося государства» от 14.12.2012 г.
Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана» от 27 января 2012 г.
Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Построим будущее вместе» от 28 января 2011 г.
Новое десятилетие – новый экономический подъем – новые возможности Казахстана: Послание Президента РК Н. Назарбаева народу Казахстана / Назарбаев Н. // Казахстанская правда. – 2010. – 30 января.
Через кризис к обновлению и развитию: Послание Президента РК Н. Назарбаева народу Казахстана / Назарбаев Н. // Казахстанская правда. – 2009. – 6 марта.
Назарбаев Н.А. Казахстан на пороге нового рывка вперед в своем развитии: Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира. – Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана // Казахстанская правда. – 2006.
Послание Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «К конкурентоспособному Казахстану, конкурентоспособной экономике, конкурентоспособной нации» от 19 марта 2004 г.
Назарбаев Н.А. Социальная модернизация: Двадцать шагов к обществу Всеобщего труда. – Астана, 2012 г.
Официальные сайты Государственных органов Республики Казахстан [Электронный ресурс].
Нормативтік-құқықтық база
Бюджетный кодекс Республики Казахстан.
Кодекс Республики Казахстан от 10.12.2008 г. № 99-IV ЗРК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс)
«Макроэкономика» пәні бойынша емтихан сұрақтарының үлгісі
Макроэкономиканы ғылым ретінде қалыптастыру. Макроэкономика пәні. Макроэкономикалық талдау әдістері.
Макроэкономикалық агенттер және оның сипаттамасы.
Макроэкономикалық үлгілер және оларды қолдану. Макроэкономикалық өзгермелілер және оның түрлері.
Айналма ағымның қос секторлы үлгісі. Айналма ағымның үш секторлы үлгісі. Айналма ағымның төрт секторлы үлгісі. Кему және инъекциялар. Ұлттық есепшоттар жүйесі (ҰЕЖ) және оның макроэкономикалық талдаудағы ролі. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) және жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) Ұлттық есепшоттар жүйесінің негізгі көрсеткіштері ретінде. ЖҰӨ және ЖІӨ өлшеу әдістері.
ЖҰӨ қорында анықталатын макроэкономикалық көрсеткіштер.
ЖҰӨ/ЖІӨ атаулы және нақты шамасы. ЖҰӨ/ЖІӨ дефляторы. Баға индекстері.
Экономикалық цикл: түсінігі, сатылары мен олардың сипаттамасы. Нарықтық экономикадағы циклдік дамудың себептері.
Экономикалық цикл көрсеткіштері. Экономикалық циклдер жіктелімі. Қазіргі экономикалық циклдер ерекшеліктері.
Жұмыссыздық түсінігі, көрсеткіштері мен түрлері.
Жұмыссыздық зардаптары. А. Оукен заңы. Жұмыссыздықпен күрестің мемлекеттік саясаты.
Инфляция: түсінігі, көрсеткіштері, түрлері. Инфляция себептері.
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары. Инфляция шығындары және олардың түрлері.
Жұмыссыздық пен инфляцияның өзара қатынасы. Филипс қисығы.
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты, оның мақсаты мен әдістері.
Өндіріс және ұлттық табысты бөлу. Кенсиандық үлгіде ұлттық өндірістің тепе-тең көлемі.
Кенсиандық үлгіде тұтыну және жинақтау атқарымы.
Инвестиция мәні мен түрлері. Инвестиция атқарымы.
Нақты және жоспарланатын шығындар. Кейнс кресті. Мультипликатор әсері. Рецессиялық және инфляциялық алшақтықтар. Ұқыптылық оғаштығы.
Жиынтықты сұраныс және оның бағалық факторлары. Жиынтықты сұраныстың бағалық емес факторлары.
Жиынтықты ұсыныс. Жиынтықты ұсыныс қисығы.
Ұзақ және қысқа мерзімді жиынтықты ұсыныс факторлары.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық үлгісі.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық үлгісі.
Жиынтықты сұраныс және жиынтықты ұсыныстағы макроэкономикалық тепе-теңдігі (AD – AS).
Жиынтықты сұраныс және жиынтықты ұсыныс талықсытпалары.
Қазыналық саясат және мемлекеттік бюджет.
Салық бюджеттің табыс бөлігінің негізгі көзі ретінде. Лаффер қисығы.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны қаржыландыру әдістері. Мемлекеттік қарыз.
Қазыналық саясаты құралдары және оның жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсыныстарға ықпал етуі. Қазыналық саясат түрлері.
Ақша көлемі және оның агрегаттары.
Ақшаға сұраныс: классикалық және кенсиандық тұжырымдама.
Ақшаға сұраныстың факторлары. Фишер теңдеуі мен әсері.
Ақша ұсынысы. Ақша мультипликаторы.
Ақша нарығындағы қысқа мерзімді тепе-теңдік. Өтімді тұзақ.
Ақша нарығындағы ұзақ мерзімді тепе-теңдік.
Мемлекеттің ақша-кредит саясаты және оның құралдары. «Арзан» ақша саясаты және «қымбат» ақша саясаты.
IS-LM үлгілерінің негізгі ауыспалылығы және теңдеуі. IS және LM қисықтарының графикалық қорытындысы. IS-LM үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік.
Бюджет-салық саясатының салыстырмалы тиімділігі. Ығыстыру нәтижесі.
Ақша-кредит саясатының салыстырмалы тиімділігі. Ынталандыру нәтижесі.
Баға деңгейі өзгеруіндегі бюджет-салық саясаты.
Баға деңгейі өзгеруіндегі ақша-кредит саясаты.
Елдің төлем теңгерімінің түсінігі мен құрылымы.
Валюталық нарық және валютаның құнын белгілеу. Шетелдік валютаға сұраныс және оның ұсынысы. Валюта айырбас бағамының жүйесі.
Қазыналық экспансияның шығарылым мен айырбас бағамына әсер етуі.
Ақша саясатының шығарылым мен айырбас бағамына әсер етуі.
Ашық экономикадағы жиынтықты сұраныс. Экспорт мен импортқа тәуелділік. Манделл-Флеминг ашық экономикасының үлгісі.
Экономикалық өсу және оның өлшемі. Экономикалық өсудің факторлары мен факторлары. Экономикалық өсуді ынталандырудың мемлекеттік саясаты.
Е. Домар және Р. Харрод экономикалық өсудің үлгілері.
Р. Солоу экономикалық өсудің үлгісі.
3 – бөлім. «ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ЭКОНОМИКА» пәні
Мазмұны
1 – тақырып. Экономикалық талдау институттары
2 – тақырып. Трансакциялық шығындар теориясы
3 – тақырып. Келісімшарттар теориясы
4 – тақырып. Меншік құқығы теориясы
5 – тақырып. Фирма теориясы
6 – тақырып. Мемлекет теориясы
7 – тақырып. Институттар және институционалды өзгеріс
1 – тақырып. Экономикалық талдау институттары
Неоинституционалды теория мәселелері шеңберіне кіріспе. Неоинституционалды теорияның мінез-құлықтық алғышарттары. Шектеулі ұтымдылық. Оппортунистік мінез-құлық: мәні және негізгі көрінулері. Кертартпалық: қалыптастыру факторлары, негізгі түрлері, атқарымдары. Экономикалық мәдениеттің негізгі құраушылары. Экономикалық мәдениет пирамидасы. Құндылығы, нормалары мен ережесі. Ережені қалыптастыру мен эволюциясы. Институт түсінігі. Экономикалық жүйені қалыптастырудағы институттардың ролі. Институт атқарымдары. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы институттардың ролі. Ресми және ресми емес институттар. Шиеленіс және түйісу аймақтары. Институттар: үйлестіру, қауымдасу және қайта бөлу мәселелерін шешу тетіктері.
2 – тақырып. Трансакциялық шығындар теориясы
Трансакция институционалды талдаудың базалық элементі ретінде. Уильямсон трансакция тұжырымдамасы. Активтер ерекшелігі түсінігі мен негізгі түрлері. Трансакция параметрлері (жиілік, тұрлаусыздық, активтер ерекшеліктері) және келімшарттық қатынастарды басқару. Іргелі трансформация: құбылыс мәні және пайда болу факторлары. Трансакциялық шығындарды анықтаудың тәсілдемесі. Нарық тетіктері қызметіндегі шығындар және фирма ішілік трансакция шығындары. Фирманың пайда болуы нарық тетігі қызметіндегі шығындар болуының нәтижесі ретінде. Норт – Эггертссон трансакциялық шығындар жіктелімі. Тікелей және балама шығындар. Үйлестіру және уәждеме шығындары: Милгром – Робертс жіктелімі. Өлшем шығындары. Тұтынушылық тауарлар жіктелімі. Қазақстан дамуының өзгермелі кезеңінде кейбір көріністерін түсіндіру үшін трансакциялық шығындар теориясын іргелі қолдану. Салықтар трансакциялық шығындар ретінде. Өтпелі экономикаға бар әдістемені қолдану шегі.
3 – тақырып. Келісімшарттар теориясы
Келісімшарттардың экономикалық теорияларының негізгі қағидаттары. Жасалған және жасалмаған келісімшарттар. Нақтылы келісімшарттар толымсыздығымен уағдаланған мәселелер.
Келісімшарттардың заңды жіктелімі: классикалық, неоклассикалық және қатынастық келісімшарттар, олардың құрылымы мен қасиеті. Бедел қалыптастыру мәселелері. Өлшем шығындары және нарық құрылымы. Агенттік теориясы: алғышарттар, міндеттері, оппортунистік мінез-құлық. Қолайсыз іріктеу: пайда болу факторлары, күресу жолдары (дабылдары, фильтрлеу, мұғдарлау). Әр түрлі нарықта қолайсыз іріктеуді көрсету және алып тастау үлгісі. Моральдық тәуекел: пайда болу факторлары, жасырын ақпарат және жасырын әрекет ету. Ұжымдағы моральдық тәуекел. Моральдық тәуекелді көрсету және алып тастау үлгісі.
Толымсыз келісімшарттар теориясы: айрықша инвестициялар және кепілгер мәселесі. Толымсыз келісімшарттардың эмпирикалық зерттеулері.
4 – тақырып. Меншік құқығы теориясы
Меншік құқығы теориясының негізгі түсінігі. Экономика мен құқықта меншік құқығын анықтау. Континенталды және англосаксонды құқықтық дәстүрлер. Меншік құқығын анықтаудағы түрлі тәсілдемелер. Меншіктің абсолюттік және салыстырмалы құқығы. Сыртқы әсер тұжырымдамасы және Коуз теоремасы.
Меншік құқығының түрлі тәртіптемесі: жеке, ұжымдық, мемлекеттік меншік, ашық мүмкіндік меншігі. Меншік құқықтары түрлі тәртіптемесінің салыстырмалы артықшылығы. Жалпы меншік қасіреті.
5 – тақырып. Фирма теориясы
Фирманы талдаудың түрлі тәсілдемесі. Фирманың неоклассикалық теориясы: негізгі ережелері, сыни бағыттары. Фирманың келісімшарттар теориясы. Фирмаға тәсілдеме келісімшарт өзегі ретінде. Фирманы қалыптастыруда активтер ерекшелігінің ролі (О. Уильямсон тәсілдемесі). Фирмаға меншік құқығы теориясы жағынан тәсілдеме.
Аңғал теория және меншік құқығы мүдделерін қалыптастыру тобының теориясы. Рентаға бағдарланған мінез-құлық теориясы, оның меншік құқығын қалыптастыруды талдауға қосымшасы.
Меншік құқығы жағынан талдау және трансакциялық шығындар теориясы. Түрлі ұйымдық нысандарда ұйым қызметін реттеу мәселелері.
6 – тақырып. Мемлекет теориясы
Мемлекетті институционалды теорияда талдауға түрлі тәсілдеме. Мемлекет және ашық бірлестікті салыстыру: құрылымы, қатысушылар мүдделері, «басқарушылар» үстінен бақылау тетіктері. Норттың мемлекеттік неоклассикалық теориясы. Мемлекеттің қанаушылық теориясы. Мемлекеттің жаңа теориясы. Мемлекет және төрешілдік: институционалды талдау. Мемлекеттік орындаушылық аппаратындағы агенттік қатынас. Оппортунистік мінез-құлықпен күрес тетіктері. Сыбайлас жемқорлық көздері. Мемлекеттік аппаратты реформалау мәселелері.
7 – тақырып. Институттар және институционалды өзгеріс
Институт тиімділігін бағалау. Институционалды өзгерістердің түрлі тетіктері: институт эволюциясы, ресми емес ережені бекіту, институттар импорты. Қазақстандық экономикадағы институционалды өзгеріс. Деңгейлес және сатылас интеграцияның дамуы. Қазақстандық экономикадағы институционалды тұзақ.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана от 14 декабря 2012 г. «Стратег ия «Казахстан – 2050» Новый политический курс состоявшегося государства» //www.akorda.kz/
2. Посланиие Президента страны народу Казахстана от 6 февраля 2008 года «Повышение благосостояния граждан Казахстан – главная цель государственной политики» //www.akorda.kz/
3. Н.Назарбаев «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего Труда»//www.akorda.kz/.
4. Кузьминов Я.И., Бендукидзе К.А., Юдкевич М.М. Курс
институциональной экономики: Институты, Сети, Трансакционные
издержки, Контракты. М.: ГУ-ВШЭ, 2005.
5. Бренделева Е.А. Институциональная теория. Учебное пособие —
М.:ТЕИС, 2003.- 253 с.
6. Институциональная экономика: Учебник / Под общ. Ред. А. Олейника. - М: ИНФРА-М,2005. - 704с.
7. Сундетов Ж., Нукешова А. Основы институциональной экономики. Учебное пособие – Астана 2007. – 209с.
8. Институциональная экономика: новая институциональная
экономическая теория: Учебник / Под общ. Ред. А.А.Аузана. - М: ИНФРА- М, 2005. - 416 с.
9. Олейник А. Институциональная экономика. Учебно-методическое
пособие./Вопросы экономики. - 1999. - №№ 1-12.
10. Административные барьеры в экономике: институциональный анализ /Под. ред А.А. Аузана, П.В. Крючковой. М.: ИНП Общественный договор, 2002.
11. Бартенев С.А. История экономических учений. Учебник.- М.:
Экономист, 2004.
12. Алчиан А., Демсец X, Производство, информационные издержки и экономическая организация. Истоки, М.: Издательский дом ГУ-ВШЭ, 2004.
13. История экономических учений /Под ред. В.Автономова, О. Ананьина, Н. Макашевой: Учебное пособие. - М.: Инфра-М, 2002.
14. История экономических учений ( современный этап) /Под общ. ред. А.Г. Худокормова. - М: Инфра-М, 2002.
15. Коуз Р. Фирма, рынок, право. М: Дело, 1993.
16. Капелюшников Р. Экономическая теория прав собственности. М., ИМЭМО, 1990, с. 10-27, 37-53.
17. Коуз Р. Проблема социальных издержек. В: Коуз Р. Фирма, рынок, право. - М.: Дело, 1993.
18. Норт Д. Институты, институциональные изменения и
функционирование экономики. М.: Начала, 1997.
19. Шаститко А.Е. Новая институциональная экономическая теория. М: ТЕИС, 2002.
20. Эггертссон Т. Экономическое поведение и институты. М.: Дело,2001.
21. Фуруботн Э.Г., Рихтер Р. Институты и экономическая теория: достижения новой институциональной экономической теории. Спб., Из-во Спб. гос. ун-та, 2005.
22. New institutional arrangement for the world economy/ed. H.-J. Vosgerau. –Berlin: Springer Verlag, 1989.- 482 p.
23. The Foundation of economics history and theory in the analysis of economic realty/ W. Eucken. – Berlin: Springer Verlag, 1992. - 358 p.
24. Finance, institutions and industrial Change: spatial perspectives/ed.E.W. Schamp, ed. C.M. Rogerson, ed. G.Linge – Berlin, New York: Walter de Gruyter, 1993 – 265 p.
«Институционалды экономика» пәні бойынша емтихан сұрақтарының үлгісі
Институционалды экономика пәні, оның әдісі мен міндеті.
Нарық экономикасы жағдайындағы институттардың атқарымы мен негізгі сипаты.
Әлеуметтік-экономикалық прогрессте институттың ролі.
Ресми және ресми емес институттар. Олардың арақатынасы мен салыстырмалы артықшылығы.
Институционализм теориясындағы адам. Кейнс теориясы және оның адами факторда түсінігі. Қазіргі экономикалық теоириядағы адам үлгісі.
Трансакциялық шығындар түсінігі. Трансакциялық шығындар пайда болуы мен түрлері. Трансакциялық және трансформациялық шығындар.
Салықтар трансакциялық шығындар ретінде.
Өзгермелі кезеңде кейбір көріністерін түсіндіру үшін трансакциялық шығындар теориясын іргелі қолдану.
Идеология түсінігі және институт ретінде. Экономикалық жүйедегі идеологияның орны. Экономикаға идеологияның ену әдістері. Экономикалық жүйенің қалыптасуы мен дамуында идеологияның ролі мен маңызы.
Келісімшарт түсінігі және оның экономикадағы ролі. Келісімшарттық қатынас туындауының тарихи аспектілері.
Келісімшарт құқығының негізгі қағидаттары мен түсінігі, келісімшарттың негізгі параметрлері.
Жасалған (толық) келісімшарт түсінігі және нақты келісімшарттардың толымсыздығының себептері.
Институционалды экономика теориясындағы адамның шекті тиімділігі.
Толымсыз келісімшарттар: мәні және жүзеге асыру мәселелері.
Принципал-агент теориясы. Принципал және агент қатынасында туындайтын шығындар.
Қолайсыз іріктеу: пайда болу факторлары, күресу жолдары (дабылдары, фильтрлеу, мұғдарлау).
Моральдық тәуекел: мәні, пайда болу саласы, олармен күресу әдістері.
Меншік мазмұны мен құрылымы: жалпыэкономикалық тәсілдеме, саяси-экономикалық баға, меншіктің институционалды мазмұны.
Меншік құқығының тәртіптемесі: мәні және негізгі түрлері. Меншік құқығының «шайылуы» және меншік құқығының «шайылуының» негізгі себептері.
«Меншік құқығы түйіні». Актив өкілеттігі мен құндылығы арасындағы байланыс. Коуз теоремасы және оның меншік құқығының институционалды теориясындағы ролі.
Қолжетімді меншік тәртіптемесі және оның экономикалық зардабы.
Ұжымдық меншік. Ұжымдық меншік кезіндегі ынталандырма мәселелері. Ұжымдық меншік кезіндегі топтың оңтайлы мөлшеріне әсер етуші факторлар.
Басқа тәртіптемемен салыстырғандағы жеке меншік тәртіптемесінің артықшылығы. Жеке меншік тәртіптемесін белгілеуге әсер етуші факторлар.
Ақпарат ассиметриясы. Ақпарат ассиметриясының түрлері және оның оппортунистік мінез-құлқының түрлері. Бопсалаушылық оппортунистік мінез-құлық әр түрлілігі ретінде.
Коуз фирмасы теориясы, оның артықшылығы мен кемшілігі.
Өтпелі экономиканы қалыптастыру ерекшеліктері: кәсіпорын мінез-құлқының тұжырымдамасы.
Мемлекет түсінігі. Мемлекеттің институционалдың талдау ерекшеліктері. Мемлекет институт ретінде. Экономикалық және әлеуметтік дамуда мемлекеттің институционализация факторлары.
Мемлекеттің экономика-құқықтық типологиясы. Мемлекеттік басқарудағы «Принципал» және «агент» мәселесі.
«Келісімшарттық» және «қанаушылық» мемлекет.
Принципал – агент теориясы және оның төрешілдікті талдаудағы ролі.
Принципал – агент теориясы және оның мемлекеттік шенеунік пен әкімшілік уәждемені талдаудағы ролі.
Жасырын экономика. Жасырын экономиканың пайда болу себептері. Жасырын экономиканың құрылымы. Жасырын экономиканың пайда болуы және дамуын анықтайтын факторлар.
Институционалды өзгеріс: мәні, түрлері, пайда болу себептері.
Институттар және экономикалық өсу: өзара қатынасы мен өзара шарттылығы.
Өтпелі кезең түсінігі. Өтпелі кезең сатылары. Өтпелі кезеңнің аяқталымдылық (аяқталмаушылық) өлшемі.
Институционалды тепе-теңдік және институттар эволюциясы. Институционалды трансакция шығындары.
Қазіргі экономикада қаржы институттарының феномені. Несие-банктік жүйені институционалды талдау ерекшеліктері.
Трансформациялық үдерістегі институционалды жоспарлау ролі.
Қазақстандық экономикадағы институционалды тұзақ.
Бағдарламаны құрастырушылар:
Дёмушкина Л.О., э.ғ.к., доцент - «Микроэкономика» и «Макроэкономика».
2. Қадырова М.Б., э.ғ.к., доцент – «Институционалды экономика».
Басқару
институтының директоры Ә.А. Кенжебаева
Достарыңызбен бөлісу: |