Қазақстан республикасы төтенше жағдайлар министрлігі көкшетау техникалық институты



бет2/19
Дата07.11.2016
өлшемі4,21 Mb.
#1231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Грамматикалық минимум

Модальдық сөз тіркесі

Бұйрық

райлы + -а, -е, -й алу

етістік


Мыс: Мен сөйлей аламын Мен сөйлей алмаймын

Сен сөйлей аласың Сен сөйлей алмайсың

Сіз сөйлей аласыз Сіз сөйлей алмайсыз



Ол сөйлей алады Ол сөйлей алмайды

Біз сөйлей аламыз Біз сөйлей алмаймыз

Сендер сөйлей аласындар Сендер сөйлей алмайсыңдар

Сіздер сөйлей аласыздар Сіздер сөйлей алмайсыздар

Олар сөйлей алады Олар сөйлей алмайды
5-жаттығу. Сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіз

Үлгі:


  • Сіз қазақша жаза аласыз ба ?

  • Жаза аламын.

  • Иә, ол қазақша жаза алады.

  1. Сіз іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізе аласыз ба ?

  2. Сіз қазақша еркін сөйлей аласыз ба ?

  3. Сіз маған өмірбаян жазуға көмектесе аласыз ба ?

  4. Сіз компьютерде жұмыс істей аласыз ба ?

  5. Сіз менің сұрағыма жауап бере аласыз ба ?

  6. Сіз іссапарға бара аласыз ба ?

  7. Сіз ертең жұмысқа келе аласыз ба ?

  8. Сіз өмірбаян жаза аласыз ба ?

  9. Сіз мәтінді дұрыс оқи аласыз ба ?

  1. Сіз бүгін кешкі жаңалықтарды тындай аласыз ба ?

  2. Сіз мені қорғай аласыз ба ?

  3. Сіз мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудара аласыз ба ?


6-жаттығу. Өзіңіздің не істей алатындығыңыз және не істей алмайтын-дығыңыз туралы айтыңыз.
№ 1. Тапсырма. Өзіңіз туралы мәлімет толтырыңыз

Аты – жөні _________________

Ұлты _______________________

Туған жылы, күні, айы ________

Туған жері __________________

Отбасы жағдайы _____________

Білімі ______________________

Бітірген оқу орны ____________

Мамандығы _________________

Жұмыс орындары, қызметі _____________________

Әскери қызметке қатысы ______________________

Тілдік дағдылары _____________________________

Қосымша мәліметтер _________________________

Төмендегі мағлұматтарды есте сақтаңыз


Отбасы жағдайы

тұрмыста (тұрмысқа шыққан)

тұрмыста емес (тұрмысқа шықпаған)

үйленген, үйленбеген

ажырысқан



Білімі

жоғары, аяқталмаған жоғары, орта

орта арнаулы



Әскери қызметке қатысы

әскери қызметке міндетті

әскер қызметке міндетті емес



Қосымша мәліметтер

спортпен айналысу, курстар бітіру

ағылшын тілінде еркін / аздап сөйлей алу

көлік жүргізе білу

орыс тілінен қазақ тіліне аудара алу

қазақ тілінен орыс тіліне аудара білу

іс қағаздарын жүргізе білу

компьютер бағдарламаларын білу



7 -жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Сіздің аты – жөніңіз кім ?

2.Сіз қай жерде және қашан дүниеге келдіңіз ?

3. Сіздің отбасы жағдайыңыз қандай ?

4. Сіздің біліміңіз қандай ?

5. Сіз қайда оқыдыңыз, нені бітірдіңіз ?

6. Сіздің мамандығыңыз қандай ?

7. Сіз қайда жұмыс істедіңіз ?

8. Қазір қайда жұмыс істейсіз ?

9. Сіз қандай компьютер бағдарламаларын білесіз ?
10. Қай тілде еркін сөйлейсіз ?

11.Әскери қызметке міндеттісіз бе ?



12. Қандай әскери атағыңыз бар ?
8-жаттығу. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай топтастырыңыз.


Ағылшынша сөйлесу, тұрмыста, жоғары, қазақ тіліне аудара алу, үйленген, аяқталмаған жоғары, спортпен айналасу, ажырасқан, орта арнаулы

Білім қосымша мәліметтер отбасы жағдайы




9-жаттығу. Шартты қысқартуларды есте сақтаңыз.

БАҚ — Бұқаралық ақпарат құралдары.

КазҰУ — Қазақ ұлттық университеті.

ҚазХҚжӘТУ - Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері универ-ситеті. ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. ААҚ - Ашық акционерлік қоғам.

10- жаттығу. Досыңыздың атынан өмірбаян жазыңыз.


Аты – жөні




Туған жері, жылы, күні, айы




Ұлты




Білімі




Отбасы жағдайы

Қызы –

Ұлы -


Қосымша мәліметтер




Мекенжайы





11 - жаттығу. Сұхбат мазмұны бойынша қажетті сұрақтарды жазыңыз.

Тілші: — Сәлем, Айша. Менің интервью алғаныма қарсы емессің ғой деп ойлаймын.

Айша: — Әрине, қарсы емеспін.



Мен сенің сұрақтарыңа қуана жауап беремін.

Т: - Онда бірінші сұрағым ?

А: - Талдықорған, Жаркенттенмін.

Т: - Сіз ?

А: - Иә,тұрмыстамын. Екі балам бар.

Т: - Кешір, ал ?

А: - Иә, менің ағам, сіңлім бар.

Т: - ......................................................... ?

А: - Жоқ, сіңлім ата-анаммен тұрады.



Т: - ?

А: - Олар әлі кішкентай. Саябаққа барғанды ұнатады.



Т: - ?

А: - Иә, олар Жаркентте тұрады. Әкем де, шешем де зейнеткер.
БҰЙРЫҚ
Бұйрық — қандай да бір міндеттерді (өндірістік немесе жеке құрам бойынша) шешу үшін мекеме басшысы шығаратын өкімдік кұжаттардың бірі.

Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар негізгі қызмет бойынша бұйрық деп аталады. Ал азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталады. Барлық бұйрықтарда, ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы және бұйрық нөмірі көрсетілуі тиіс. Сосын "БҰЙРЫҚ" деген сөз және не туралы бұйрық екені жазылады.

Мысалы:


Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы

Кәсіпорынның жойылуы туралы

Жұмысқа қабылдау туралы

Жұмыстан босату туралы

Уақытша ауыстыру туралы

Үстемақы белгілеу туралы және т.б.

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрықтардан бөлек нөмірленіп, жеке жүргізіледі.



Негізгі қызмет бойынша бұйрық мәтіні екі бөліктен түрады. Бірінші констатациялық бөлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. Ол мемлекеттік органдардың (үкімет, салық инспекциясы т.б.) нормативті құжаттары, директорлар кеңесінің, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері немесе өндірістік қажеттілік болуы мүмкін. Негізгі қызмет жөніндегі бұйрық негізі, әдетте, " ... байланысты ", " ... жүзеге асыруда", " ... жақсарту мақсатында ", " ... орындау мақсатында ", " ... жетілдіру мақсатында ", "... үшін ", "... сәйкес" деген сияқты тұжырымдаулармен басталады. Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпейтін болса, констатациялық бөлік жазылмайды. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтың екінші бөлігі өкімдік бөлік деп аталады. Ол " БҰЙЫРАМЫН " деген сөзден басталады. " БҰЙЫРАМЫН " деген сөз бас әріптермен жазылады. Бұйрықтың өкімдік бөлігінде кімге не тапсырылатыны, оның орындалу мерзімі көрсетіледі. Егер тапсырмалар бірнешеу болса, әр тармақ (пункт) азат жолдан басталады. Соңғы тармақта бұйрықтың орындалуын қадағалайтын жауапты адам көрсетіледі. Барлық бұйрықтардың мәтінінде етістік бұйрық райдың үшінші жағында жазылады.

Мысалы: жүргізілетін болсын, тыйым салынсын, қабылдансын, жүктелсін, босатылсын, белгіленсін, тағайындалсын, ауыстырылсын және т.б.

Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады. Онда мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне байланысты қабылданған шешімдер орын алады. Мұндай бұйрықтарда негіз (бұйрық шығаруға негіз болған құжат) бұйрық мәтінінен кейін көрсетіледі.



Мысалы: А. Алғожинның өтініші немесе факультет деканы

Г. Жалғабаеваның мәлімдемесі және т.б.



Сонымен қатар жеке құрам жөніндегі бұйрықтарда оның себептері көрсетіледі.

Мысалы:


- зейнеткерлікке шығуына байланысты

- басқа жұмысқа ауысуына байланысты

- кәсіпорынның жойылуына байланысты

- келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты

- өз өтініші бойынша

- бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты

- еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты

- ресми сапарға кетуіне байланысты

- себепсіз жұмыстан қалуына байланысты

- айрықша жұмыс жағдайлары үшін және т.б



Сондай-ақ күтпеген оқиғаларға (тасқын, сел, жер сілкінісі т.б) байланысты шығарылатын бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар деп ата-лады. Мұндай бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу мақсатында беріледі. Онда лауазымды адамдарға жүктелетін міндет түрлері көрсетіледі. Ал қаржы-экономикалық, мәселен, жыл не-месе тоқсан қорытындысы бойынша ақшалай сыйлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау сияқты мәселелерге байланысты көбінесе арнайы бұйрықтар беріледі.
жеке құрам бойынша — по личному составу

өкімдік кұжат - распорядительный документ

негізгі қызмет бойынша — по основной деятельности

штаттық кесте — штатное расписание

кәсіпорынның жойылуы - ликвидация предприятия

айрықша жұмыс жағдайлары - особые условия труда

төтенше жағдай — черезвычайная ситуация

1-жаттығу. Сұрақғарға жауап беріңіз.

Бұйрық - қандай құжат ?



Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады ?

Жеке құрам бойынша қандай бұйрықтар шығарылады ?

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар неше бөліктен тұрады ?

Бұйрықтың екінші бөлігі қалай аталады ?



Бұйрықтарда етістік қандай грамматикалық формада
беріледі ?

7. Жеке құрам бойынша бұйрықтар қандай жағдайларға байланысты шығарылады?


2-жаттығу. Сөз тіркестерін аудырыңыз

Бұйрық негізі, бұйрық шығару, акционерлердің жалпы жиналысы, негізгі қызмет бойынша, міндеттерді шешу, мемлекеттік органдар, жеке құрам бойынша бұйрық, бұйрықтың орындалу мерзімі, мекеме басшысы, өндірістік қажеттілік, келісімшарт мерзімі, кәсіпорынның жойылуы, еңбек тәртібін ұдайы бұзу, себепсіз жұмыстан қалу, штаттық кестеге сәйкес, айрықша жұмыс жағдайлары, үстемақы белгілеу.
Қосымша ақпарат:

Өкім — распоряжение

Нұсқау — инструкция, указание, директива

Нұсқау хат — инструктивное письмо, директивное письмо

Қаулы — постановление

Шешім — решение

Жарлық - указ

Есте сақтаңыз

2 апталық

4 айлық сынақ мерзімімен

10 күндік



штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде - с окладом согласно штатному расписанию

атқаратын қызметінен — с занимаемой должности

Бұйрықта қолданылатын модельді есте сақтаңыз

Етістіктің ырықсыз бұйрық

бұйрық + етіс + райдың

райы жұрнағы жұрнағы


3-жаттығу. Етістіктерді үлгі бойынша түрлендіріңіз

Үлгі: белгілеу - белгіленсін

енгізу -

босату -



қысқарту -

жүктеу -

жүргізу -

орындау -

тыйым салу -

4-жаттығу. Бұйрық үлгілерімен танысыңыз, қандай бұйрық түріне жататынын айтыңыз
Өртке қарсы қызмет

басқармасының бастығы

Ішкі қызмет полковнигі

№ 5 БҰЙРЫҚ

Жұмысқа қабылдау туралы 18.1 1.2007 ж.
Жарас Болатханұлы осы жылдың 13 наурызынан бастап штаттық кестеге сәйкес жалақы келемінде 1 апталық сынақ мерзімімен өрт сөндіруші сарбаз қызметіне қабылдансын.
Негізі: Жарас Болатханұлы өтініші.

Басқарма бастығы



Ішкі қызмет полковнигі Б. Рахметов

______________________________________________________________
Ақмола облысы

Өртке қарсы қызмет

басқармасы

№ 2 БҰЙРЫҚ 15.02.2007ж.

Жұмыстан босату туралы
Өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты Айдар Сабыржанұлын 2007 жылдың 15 ақпаннан бастап атқаратын қызметінен босатылсын.

Басқарма бастығы



Ішкі қызмет полковнигі Б. Сабыров
5-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Нұсқаулықты енгізу, құжаттармен жұмыс істеу, қамтамасыз ету, нұсқаулықты бекіту, ережені басшылыққа алу, нұсқаулықты көбейту, бұйрықтың орындалуын қадағалау, институттың барлық бөлімшелері, қамтамасыз ету мақсатында
6-жаттығу. Сәйкестендіріңіз.

Жұмысқа кестеге сәйкес

Штаттық белгілеу

Орынбаевтың жағдайына байланысты

Үстемақы шығуына байланысты

Отбасы сынақ мерзімімен

Еңбек шартының қызметінен

Зейнеткерлікке өтініші

2 апталық қабылдау туралы

Атқаратын аяқталуына байланысты
7-жаттығу. Үлгі бойынша жұмыстан босату туралы бұйрықтың мәтінін жазыңыз.

Үлгі: А.Жандосов 2006 жылғы 13 маусымнан бастап отбасы жағдайына байланысты инженер қызметінен босатылсын.

Аты-жөні күні, айы, жылы себебі қызметі.



1. А.Жандосов 21.02.2006ж. отбасы жағдайы, инженер

2. Е.Омарова 10.11.1995ж. кәсіпорынның жабылуы, хатшы

3. Б.Сағатов 15.01.2007ж. басқа жұмысқа ауысу, үйлестіруші

4. Қ.Боранбаева 13.06. 2007ж. себепсіз жұмыстан қалу, есепші
8-жаттығу. Қатесін түзетіңіз.

"Қайсар" ЖШС



№ 19 БҰЙРЫҚ жұмысқа қабылдау 12. 03. 2007 ж.

Омарова Әсел 2007 жыл 12 наурыз бастап штаттық кестеге сәйкес көлемінде 1 айлық сынақпен бас инженер қызметіне кабылдыуыңызды сұраймын.

«Қайсар»ЖШС-ның директоры А.Оспанов
9-жаттығу. Жағдаяттар бойынша бұйрық шығарыңыз.

  1. А.Асановты «Қуат» құрылыс фирмасына инженер қызметіне қабылдау туралы.

  2. Ж.Досановты еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігі үшін инженер қызметінен босату туралы.

  3. Университет ішінде және ауласында шылым шегуге тыйым
    салу туралы.


Хабарламахат — қызметтік хаттардың бірі. Ол қандай да бір жағдайды хабарлау үшін немесе қандай да бір міндеттердің орындалмағанын ескерту үшін жіберіледі. Хабарламахатта, ең бірінші, кімге екені жазылады. Сосын жолдың ортасынан «хабарламахат» деген сөз және азат жолдан хабарламахаттың мәтіні жазылады. Соңында хабарламахатты жіберушінің аты-жөні көрсетіледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Хабарламахат қандай жағдайда жазылады?

2.Оның құрылымы қандай?


2-жаттығу. Хабарламахатты оқыңыз.
Астана қаласы, С.Сейфуллин көшесі,

5-үй, 45 пәтерде тұратын Д. Қайратұлына



Хабарламахат

2006 жылдың 20 наурызында жасалған келісімге сәйкес Сіз электр энергиясын пайдалану төлемақысын ай сайын төлеп тұруға міндеттенгенсіз. Алайда келісімнің талаптары орындалмай отыр. 2006 жылдың 1 сәуіріне дейінгі сіздің қарызыңыз 180 000 (жүз сексен мың ) теңге.

Егер осы жылдың 15 сәуіріне дейін қарыз төленбесе, біз өз тарапымыздан электр энергиясымен қамтамасыз етуді тоқтатамыз.

Сондай – ақ, қарыз төленбеген жағдайда, сізге қатысты іс қозғалатынын және сот ісіне қатысты шығынды Сіз төлейтініңізді ескертеміз.

«Астана-энерго» ААҚ президентінің

орынбасары Б.Жұманов

2006 жыл 20 наурыз.
3-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Келісімге сәйкес, ай сайын, төлеп тұруға, міндеттену, келісімнің талаптары, сіздің тарапыңыздан, сіздің қарызыңыз, қарызыңыздың көлемі, өз тарапымыздан, іс қозғау, сот ісіне қатысты шығын.
4-жаттығу. Тиісті сөздерді жазыңыз.

1. Хабарламахат С.Сейфуллин көшесі, 7-үй, 15-пәтерде тұратын ...... жіберілген.

2. Өзара келісімшарт 2003 …. 14 ..... жасалған.

3. Келісімнің .........А. Жақыпұлы орындамай отыр.

4. Оның ........... көлемі 120 000 теңге.

5. Қарыз төленбеген жағдайда А. Жақыпұлына қатысты іс..........

6. Сот ісіне қатысты ....... А. Жақыпұлы төлейді.

7.Сондай-ақ, кәсіпорын ............. электр энергиясы тоқтатылады.

5-жаттығу. Хабарламахат үлгісімен танысыңыз.
«Адал» ААҚ- ның президеті

Б.Серікбаев мырзаға


Хабарламахат

2006 жылдың сәуірінде жасалған келісімшарт бойынша «Адал» акционерлік ашық қоғамы «Қарлығаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне әр айдың бесінші күні шикізат жеткізуге міндеттенген болатын.

2006 жылдың шілде, тамыз айларында «Адал» ААҚ келісімде көрсетілген мерзімде шикізат жеткізбегендіктен, 500 000 (бес жүз мың) теңге зиян шектік.

«Қарлығаш» акционерлік қоғамы 2006 жылдың 15 қыркүйегінен бастап өзара жасалған келісімшарттан бас тартатынын мәлімдейді.

«Қарлығаш» ЖШС – ның президенті Р. Бекболатова.

2006 жылғы 25 қараша


6-жаттығу. Хабарламахат бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Хабарламахат кімге арналған ?

  2. Екі кәсіпорын арасындағы келісімшарт қай кезде жасалған ?

  3. Келісімшарт бойынша "Адал" ААҚ кандай міндеттеме алған ?

  4. "Қарлығаш" ЖШС неліктен 500 мың теңге зиян шекті ?

  5. «Қарлығаш» акционерлік қоғамы неден бас тартатынын мәлімдеді ?

  6. Хабарламахатты кім жіберген ?


7-жаттығу. Сәйкестендіріңіз.
келісімшарт жеткізу

шағын шегу

шикізат бас тарту

зиян мерзімде



келісімшарттан бойынша

көрсетілген кәсіпорын
8-жаттығу. Хабарламахат үлгісімен танысыңыз

Алматы қаласы, Әуезов көшесі,

45 үй, 18 пәтерде тұратын

Б. Қадыров мырзаға




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет