Біліктілік талаптары:
Жоғары заңдық білім
Жетекші ретінде кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі
Ағылшын тілін (ауызша және жазбаша) білу
Құқықтың мына салаларын білу: мұнай мен газ саласындағы халық-аралық құқықты, корпоративтік, банктік және салық құқығын, электр энергиясы мен табиғи газ бойынша нормативтік-құқықтық актілерді білу
Түйіндемені мына факс бойынша жіберулеріңізді өтінеміз: 3272/581 950.
«Трансэнергомет» ЖШС мына маманды жұмысқа қабылдайды:
Атқарушы директор — 1 бос қызмет орны.
ӨТІНІШ
Өтініш — ресми іс-қағаздарының бірі. Ол қызметке орналасуда, демалыс сұрауда, қандай да бір көмек сұрауда, жұмыстан шығарда, бір қызметтен екінші қызметке ауысуда және тағы басқа жағдайларда мекеме басшысы атына белгілі бір тәртіп бойынша жазылады. Ең алдымен, қағаздың оң жақ бұрышына кімге және кімнен екені жазылады. Онда мынадай мәліметтер болуы керек: мекеменің атауы, мекеме басшысының және өтініш иесінің қызметі, атақ-дәрежесі және аты-жөні (барыс және шығыс септіктерінде). Сосын қағаздың ортасына «Өтініш» деген сөз және азат жолдан өтініштің мәтіні жазылады. Соңында өтініш иесінің қолы қойылады, күні, айы, жылы көрсетіледі. Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш бойынша бұйрық шығарылады. Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті еңбек демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс), мерзімі көрсетілуі тиіс.
Өтініш таза қағазға, кейде арнайы бланкке жазылады.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Өтініш кімнің атынан жазылады?
Қандай жағдайларда жазылады?
Өтініштің құрылымы қандай?
Өтініш бойынша не шығарады?
2-жаттығу. Өтініш құрылымы қандай бөліктерден тұрады ? Толтырыңыз.
Гумилев атындағы Қаз ҰУ
Қазақ филологиясы факультетінің
деканы проф. Д. Ысқақов мырзаға
оқытушы Д. Оспанұлынан
Өтініш
Сізден денсаулық жағдайыма байланысты 2006 жылдың 25 тамызынан бастап 15 күн кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын.
23. 08. 2006 ж. . (қолы) _________________
Достарыңызбен бөлісу: |