21-жаттығу. Саяжайды сату — сатып алу туралы келісімшарт жасаңыз
1. Келісімшартты ......... шығынын Асылбек Жақыпұлы төлейді
СЕНІМХАТ Сенімхат — сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті жүзеге асыруға құқық беретін құжат.
Сенімхат екі түрлі болады:
- мекеме атынан берілетін ресми сенімхаттар
- жеке тұлға атынан берілетін жеке сенімхаттар.
Ресми сенімхаттар мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін беріледі. Ресми сенімхаттар мекеме бланкінде рәсімделеді.
Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім білдірілген тұлғаға өзінің орнына:
- қол қоюға;
- пәтер сатуға және сатып алуға;
- пәтерді жеке адамдарға жалға беруге;
- машина жүргізуге;
- банктегі есептерді пайдалануға;
- барлык мекемелерде іс жүргізуге;
- сот мекемелерінде оның өкілі болуға құқық береді. Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі.Егер оның мерзімі көрсе -тілмесе, берілген күннен бастап бір жылға дейін өз күшін сақтайды. Ал егер берілген күні көрсетілсе, мерзімнің аяқталуына байланысты ол өз күшін жояды. Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Сосын сенімхат мәтіні дауыстап оқылып, тізбеге тіркеледі, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылып, кеңсенің мөрі басылады.