8-жаттығу. Хабарламахат үлгісімен танысыңыз
Алматы қаласы, Әуезов көшесі,
45 үй, 18 пәтерде тұратын
Б. Қадыров мырзаға
Хабарламахат 2006 жылдың 25 тамызында жасалған келісімшарт бойынша Сіз қызыңыз Айман Қадырованың оқуы үшін жыл сайын әр семестр аяғына дейін 170 мың теңге төлеуге міндеттенген болатынсыз.
2006 – 2007 оқу жылындағы 3 семестрдің төлемақысы келісімде көрсетілген мерзімде төленбегендіктен, қызыңыз Айман Қадырова сессияға жіберілмейді.
1 ай мерзім ішінде оқу төлемақсы төленбесе, қызыңыз Айман Қадырованың оқудан шығарылатынын мәлімдейміз.