Ќазаќстан республикасы тґтенше жаєдайлар министрлігі кґкшетау техникалыќ институты


ХVІІІ ғасырдағы іс қағаздары стилінің грамматикалық ерекшеліктері



бет84/160
Дата05.02.2022
өлшемі4,21 Mb.
#23731
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   160
ХVІІІ ғасырдағы іс қағаздары стилінің грамматикалық ерекшеліктері.
ХVІІІ ғасырдағы ресми іс қағаздар тілінде тек зат, құбылыс атаулары ғана емес сын есім, етістік үстеу сөздер де араб – парсы сөздерімен берілген.
Мысалы: Атғақ – бірауыздан, ғаяндур – аян, махзун қылдыңыз – мені қапа қылдыңыз, ғадаулік қылу – жаулық қылу, офат лынды – опат болды. Шылаулардың қолданылуында біркелкілік жоқ: арабша уа, һәм шылаулары өте жиі қолданылған. Мен шылауының орнына бірлән, иле, илән шылаулары қолданылған. Шейін, дейін шылауларының орнына ше шылауы қолданылады. Мысалы, бұ уақытқа ше.
Синтаксистік құрылымының негізгі ерекшелігі – сөйлемдердің шұбалаңқы, жіктері әрең ажыратылатындай түрде келуі.
Жалпы ХVІІІ ғасырдағы ресми іс қағаздары сол кезеңдегі тілді көрсететін нұсқаға жатады. Бұл нұсқалардың құнды бір ерекшелігі – хатқа түскендігі, сондықтан да бұлар сол тұста қазақ даласында тілдің белгілі бір стилінің қандай сипатта болғанын қиналмай көрсететін материал болып табылады. Бұл кезеңдегі қазақ қоғамының әлеуметтік топтарын атайтын сөздер: хан, ханзада, қараша, (қарашы варианты да кездеседі) қара, ақ сүйек, құл, кұң, байғұс, кедей, батыр, бек. Сол кездегі билік иесін білдіретін хан сөзіне қарама – қарсы әлеуметтік топ қара, қараша, қараша халық атауларымен берілген. Ақ сүйек сөзіне антоним ретінде қара сөзі қолданылған. ХVІІІ ғасырда қазақ жерінде құл, күң ұстау, қолға түскен әскери тұтқындарды құл есебінде сату бар болғандықтан құл, күң сөздері номинативті мағынасында қолданылған.
Экономикалық жағынан тәуелді топтарды білдіретін атауларға кедей, жарлы, байғұс сөздері жатады. Қазір біз байғус сөзін сорлы, бейшара сөздерінің синонимі ретінде қолдансақ, ХVІІІ ғасырда бұл сөз әлеуметтік топтың атауын білдірген.
ХVІІІ ғасырда жазылған іс қағаздар тілінің жалпы халықтық тілінен айырмашылығы көп болды. Бұл туралы профессор М. П. Вяткин былай деп жазады: “Хандардың хаттарын жазған қазақтар емес татар молдалар – патша үкіметінің агенттері болатын… Мұнда татар элементтері басым, ал қазақ тіліне тән элементтер мүлде аз.
Орта Азия тілдеріне тән архаизмдер мен арабизмдер араласқан татар тілі хандар канцеляриясы практикасында ұзақ уақыт берік сақталып, ресми хат – хабарлардың барлығында қолданылды. Бұл тіл қазақ халқының көпшілік бұқарасына мүлде түсініксіз болды ”.
ХVІІІ ғасырда Патша үкіметі қазақ жеріне ислам дінін тарату саясатын ұстанды. Екатерина ІІ – нің 1783 жылғы указы бойынша мешіттер салынды, оған Қазан татарларының молдалары жіберілді. Олар соншама көбейіп, күшейіп, кей жерлерде жанұялық, азаматтық істерге билік айту правосына да қол сұқты. Ауылдағы оқу – ағарту ісі негізінен солардың қолдарында болды. “… ХІХ ғасырдың екінші ширегінен бастап патша үкіметі мешіт салу ісін тоқтатады. Кейін тіпті ислам діні патшаның отарлау саясатына кедергі келтіре бастайды, өйткені ислам дінінің күшейюі, қазақ арасында Орта Азия хандықтарының (оның арқа сүйер англия, Түркия мемлекеттерінің) ықпалын күшейтіп, мұсылман еместерге (“кәпірлерге”) қарсы идеологияны туғызу қаупі болғандықтан патша үкіметі әрі қарай бұл дінді қолдауды тоқтатады, тіпті христиан дінін уағыздап, қазақтарды шоқындыру ісін де ойластырады.” Осындай саяси, әлеуметтік жағдайлар қазақ тіліне, оның бір тармағы ресми іс қағаздар тіліне де әсерін тигізбей, із қалдырмай қойған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет