Ќазаќстан республикасы


Аннуитет. Аннуитеттің болашақтағы және ағымдағы құны



бет34/98
Дата05.09.2020
өлшемі0,64 Mb.
#77148
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   98
Байланысты:
Банктегі бухгалтерлік есеп және есептілік
основы экономики .mp4, основы экономики ДО2А
2. Аннуитет. Аннуитеттің болашақтағы және ағымдағы құны.
Көп жағдайда бұл бір жолғы төлем емес, белгілі бір кезең ішіндегі ақшалай түсімдердің тізбегі болып табылады. Бұл табыстар мен шығыстардың сериясы не болмаса тұрақты және тұрақсыз жарналары, әр түрлі қорлар құны, инвестициялық операциялардан түскен пайыздар, т.б. Бұндай тізбек – төлемдер ағыны деп аталады.

Аннуитет (немесе қаржылық рента) – белгілі бір жылдар ішіндегі тізбекті төлемдер арасында әр түрлі интервалдары бар біржақты бағытталған төлемдер ағыны.

Аннуитет теориясы қаржылық математиканың маңызды бөлігі болып табылады. Ол бағалы қағаздың табыстылығы мәселелері не болмаса инвестициялық талдауда, тағы басқа жағдайларда қолданылады. Аннуитеттің кең тараған үлгілері: зейнетақы қорларына қосылатын жарналар, ұзақ мерзімді несиені өтеу, бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлеу, т.б. Аннуитеттер келесі сипаттарына байланысты өзара ажыратылады:


    • әрбір жеке төлемнің мөлшеріне;

    • тізбекті төлемдердің арасындағы уақыт интервалына (аннуитет мерзімі);

    • аннуитеттің басынан оның соңғы кезеңіне дейінгі мерзімі (шексіз, яғни уақыт бойынша шектелмеген аннуитеттер де болуы мүмкін);

    • төлемдерді дисконттау кезінде қолданылатын пайыз мөлшерлемесімен.

Төлемдердің қай кезде жүзеге асатынын ажырату өте маңызды ұмерзім соңында, әлде мерзім басында). Сәйкесінше интервалдың басында төлемдер жүргізілетін аннуитет – пренумерандо аннуитеті деп аталады, егер де төлемдер интервалдардың соңында жүзеге асса, онда ол постнумерандо аннуитеті деп аталады.

Тәжірибелік тұрғыдан алғанда, барлық төлемдер өзара тең болатын немесе кейбір заңдылықтарға сәйкес өзгеретін аннуитеттер үлкен қызығушылыққа ие.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет