4-дәріс:Мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен класификациялаудың принциптері. Тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы түсінік. Мақал-мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және тура және ауыспалы мағыналары. Құрылысы жағынан ықшам болып, ырғақ, ұйқасқа құрылатындығы. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы. Мақалда түсінік пен қорытынды қатар айтылып, ой тиянақты келсе, мәтелде ой ишара, тұспалмен беріледі. Мақал-мәтелдердің тақырыбы халық өмірінің барлық саласын қамтиды. Мақалда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні айтылады. Мақал-мәтелдердің қанатты сөз, афоризмдерден айырмашылығы.