3.6 Наурызбай батыр (1706—1781 жж.) Наурызбай батыр (Наурызбай Құтпанбетұлы) (1706—1781) — Абылай ханның үш батырының бірі, қолбасшы. Ол Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Тілеміс руынан, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас дегенжерлерде мекендеген. Оның бар өмірі жоңғарлармен соғыста өткен. Жоңғарлармен соғыста оныңҚұдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бірдей бауыры қаза тапқан.
Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіргені қазақ даласына кеңінен тараған. 1750—1752 жылдары басқа батырлармен бірге жоңғарларды Тұрфаннан асыра қуып, жеңіске жеткен. Ол сол жылы көп қазақты тұтқыннан босатқан.
Қазақстан облыстарында, аудандарында Наурызбай батырдың аты көшелерге берілген, Наурызбай батырға арнап ескерткіштер орнатылған.