Ќазаќстан Республикасы



бет88/172
Дата05.02.2022
өлшемі2,85 Mb.
#26253
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   172
7.7 Н. Т. Сауранбаев
Қазақ совет тіл білімінің негізін салушылардың бірі, түрколог Сауранбаев Нығмет Тінәліұлы қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданында 1910 жылы мамырдың бесінде туған. Филология ғылымның докторы, профессор, Қаз. ССР Ғылым Академиясының академигі болған.
Ауылдың мектебінен білім алған Сауранбаев Халық-ағарту институтының даярлық курсын бітіріп, кейін осы институттың негізгі курсын бітіріп, 1932 -1934 жылы ол Халық ағарту комиссариатында инспектор болып істеді. Мәскеудің Герцен атындағы педагогикалық институтын және Халық-ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми- зерттеу институтының аспирантурасын аяқтап, Қазақстан Халық-ағарту комиссариатында, СССР Ғылым Академиясының Қазақ филиалында Тіл-әдебиет және тарих институтының директоры, Қаз. ССР Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің председателі болды. Өмірінің соңғы жылдары Сауранбаев Тіл білімі институтында қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы бөлімін басқарды. 1932 жылдан жоғары оқу орындарында сабақ берді, оқулықтар жазды, студенттер мен аспиранттардың ғылыми -зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті.
Сауранбаевтың тіл білімінде барынша назар аударған саласы – синтаксис, қазақ тілі грамматикасының, оның ішінде морфологиясы, орфографиясы мен алфавиті жайында ғылыми еңбектер жариялады.
Әдеби тіл тарихы жөнінде еңбек жазды. Оның ішінде: «Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың ролі», «Қазақ тілінің жасалуы туралы», «Қазіргі қазақ тіліндегі диалектілер», «Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы».
Ол Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкілодақтық қоғамының мүшесі, қазақ халқының арнаулы өкілі ретінде бірсыпыра Шығыс елдерінде болды. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен наградталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет